Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығы және 2026 жылғы 27 шілдедегі Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 01-003-05/118 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Аскатұлы Дуйсенгалиев тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.