О внесении изменений в Положение о государственном учреждении «Отдел предпринимательства акимата города Экибастуза» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» №486/6 қаулысымен бекітілген «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге (бұдан әрі – Ереже) (Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 12/1 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) келесі өзгерістер енгізілсін: Ереженің 16-тармағы 2-4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2-4) өз құзыреті шегінде өңірдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру: - Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 199-бабы бойынша хаттамалар жасау; - Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша хаттамалар жасау; - Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 455-бабы (бірінші бөлігі, екінші бөлігінің 1) 2), 4) тармақшалары және бесінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау; - Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша хаттамалар жасау»;».
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.