Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел строительства акимата города Экибастуза» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» №485/6 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «24» шілдедегі № 523/7 қаулысымен бекітілген «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Екібастұз қаласының құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. 2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62-құрылыс.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Екібастұз қаласының әкімдігі табылады.
Тармақ 12
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
2-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу және қайта жаңарту процесін ұйымдастыру, бақылау және мониторингілеу;
Тармақша 2
2) барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу және қайта жаңарту сапасына бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) барлық деңгейдегі бюджеттерден объектілерді салуға және қайта жаңартуға бөлінген қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағында құрылыс пен қайта жаңартуды ұйымдастыру, мониторингілеу және үйлестіру саласында ықпал ету;
Тармақша 5
5) Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағында құрылыс пен қайта жаңартуды ұйымдастыру, мониторингілеу және үйлестіру саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қалалық деңгейде іске асыру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің оңтайлы әрі тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді іске асыру.
Тармақ 16
16. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: объектілерді салу және қайта жаңарту мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты және қызметті үйлестіруді жүзеге асыру; мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімдігі мен қала әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу; облыстық деңгейде шешілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстарды Павлодар облысының құрылыс басқармасына, мемлекеттік сатып алу басқармасына енгізу; жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды және хабарламаларды меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден (келісім бойынша) сұрату және алу; мемлекеттік мекеменің функцияларына байланысты істер бойынша талап қоюшы, жауапкер, куә ретінде соттарда дербес немесе өкіл арқылы талап қою және қатысу; мемлекеттік нормативтердің бұзылуы және бекітілген жобалардан ауытқулар анықталған жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы нұсқама беру және материалдарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасына жолдау; белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинарлар мен кеңестер өткізу; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: бюджеттік жоспарлау құжаттарын, оның ішінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу; облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына ықпал ету; жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарау және бекіту; қаланың жергілікті атқарушы органдары (немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері) үшін бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Функциялары:
Тармақша 1
1) коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет ету;
Тармақша 2
2) объектілерді салу және қайта жаңарту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
Тармақша 3
3) объектілерді салу және қайта жаңарту жөніндегі мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар жасасу;
Тармақша 4
4) барлық деңгейдегі бюджет қаражаты есебінен құрылыс пен қайта жаңарту бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс және қайта жаңарту жобаларының іске асырылуына қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, қарау және олардың орындалуын бақылау;
Тармақша 7
7) құрылыс қызметіндегі мемлекеттік және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 8
8) бағдарламалық құжаттардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне, Екібастұз қаласының аумағын дамыту жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша мониторинг жүргізу;
Тармақша 9
9) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бірыңғай мемлекеттік сатып алуды жүргізу, мемлекеттік сатып алу бойынша мониторинг және жиынтық есеп құрастыру;
Тармақша 11
11) тапсырыс беруші ұсынған техникалық тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
Тармақша 12
12) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
Тармақша 13
13) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық (аукциондық) құжаттамасының, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізу рәсімдерінің және өзге де рәсімдердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 2
2)заңнамаға сәйкес қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3)заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4)барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5)мемлекеттік органдарда, соттарда басқа да ұйымдарда мемлекеттік органды ұсынады;
Тармақша 6
6)мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7)қазынашылық органымен бірлесіп төлемдер бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті есеп шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4 тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4 тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 26
26. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 28
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 29
29. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.