Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Көкше-Тас» в административных границах Конысбайского сельского округа Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көкше-Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, жер комиссиясының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 33 хаттамасына, 2026 жылғы 13 наурыздағы № KZ10VBG01739651 жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Көкше-Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 0,0022 га жер теліміне ӘЖ-10 кВ электр беру желісіне қызмет көрсету үшін (№ 43 ӘЖ-10 кВ «Алексеевка» дәнекерлеу «Конысбай» 35/10 кВ КС № 7 ұяшық) 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығы ұсынылсын.
Тармақ 2
2. ӘЖ-10 кВ электр беру желісіне қызмет көрсету үшін (№ 43 ӘЖ-10 кВ «Алексеевка» дәнекерлеу «Қонысбай» 35/10 кВ КС № 7 ұяшық) қызмет көрсеткен кезде «Көкше-Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ. Дәукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.