Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «КазМарганец» в административных границах сельского округа имени Сакена Сейфуллина Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«КазМарганец» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімшілік шекараларында қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, жер комиссиясының 2025 жылғы 13 қарашадағы № 32 хаттамасына, 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № KZ50VBG01705466 жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «КазМарганец» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 0,0436 га жер теліміне «ККГОК» 110/35/10 кВ қосалқы станциясындағы 10 кВ әуе желісіне қызмет көрсету үшін 10 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығы ұсынылсын.
Тармақ 2
2. «ККГОК» 110/35/10 кВ қосалқы станциясындағы 10 кВ әуе желісіне қызмет көрсеткен кезде «КазМарганец» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары А.М. Ахмедьяновқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.