Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «АлтайГео» в административных границах Конысбайского, Кусепского, Кызылсаянского, Симферопольских сельских округов, поселка Алексеевка и сельском округе имени Сакена Сейфуллина Қолданыста
Басқа 0
«АлтайГео» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігіне
Қонысбай, Күсеп, Қызылсая,
Симферополь ауылдық
округтері, Сәкен Сейфуллин
атындағы ауылдық округі
және Алексеевка
кентінің әкімшілік
шекараларында
қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, жер комиссиясының 2026 жылғы 17 ақпандағы № 4 хаттамасына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «АлтайГео» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қонысбай, Күсеп, Қызылсая, Симферополь ауылдық округтері, Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округі және Алексеевка кентінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 5740,3 га жер телімдеріне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (жария сервитут) құқығы ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қызметін көрсеткен кезде «АлтайГео» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Е.К. Даукеновқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.