Об утверждении порядка и условий установления надбавок за особые условия труда к должностным окладам работников организаций, финансируемых из районного бюджета Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 – тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықтарына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А. Мурзинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Индер ауданы әкімдігінің 2026 жылғы « » __________ №____ қаулысына қосымша Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы аудандық бюджет қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде әзірленді және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу шарттары
2-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу шарттары
Тармақ 2
2. Ынталандыру үстемақысы персоналды ынталандыру мақсатанда белгіленетін төлем болып табылады.
Тармақ 3
3. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған материалдық көмектің және ынталандыру төлемінің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлем болып табылады.
Тармақ 4
4. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемақысын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың төлем жасалған түрлерін (сыйлықақы, қосымша ақы, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемақы, үстеме жұмыс үшін ақы және басқалар) тоқтатуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 5
5. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемақысын төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Ынталандыру үстемақысы еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндітерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізіде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Ынталандыру үстемақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
Тармақша 1
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
Тармақша 2
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу;
Тармақша 3
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
Тармақша 4
4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын-ала күтпеген жұмыстарды орындау;
Тармақша 5
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
Тармақша 6
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзіреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсеткіштерді жүктеу;
Тармақша 7
7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерге лауазымдық жалақыға үстемақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін белгілеуі мүмкін;
Тармақша 8
8) үстемақылар сондай-ақ мынадай объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.
Тармақ 8
8. Ынталандыру үстемақысы:
Тармақша 1
1) жұмыскер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
Тармақша 2
2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
Тармақша 3
3) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;
Тармақша 4
4) лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша атқарған жағдайда;
Тармақша 5
5) жұмыскердің уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
Тармақша 6
6) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 7
7) оқу демалысы кезеңінде;
Тармақша 8
8) жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
Тармақша 9
9) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде төленбейді.
Тармақ 9
9. Индер ауданының аудандық бюджеті бюджеттік ұйым жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемақысы төлемін қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 10
10. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары Индер аудандық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.
Тарау 3. 3-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі
3-тарау. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі
Тармақ 11
11. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемақыларын белгілеу аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде Ұйымның басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Жазбаша ұсынымды дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің тікелей басшысы мемлекеттік ұйымның бірінші басшысына шығарады.
Тармақ 13
13. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 14
14. ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
Тармақ 15
15. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып келіседі немесе бас тартады.
Тармақ 16
16. 8-тармақта көрсетілген шарттар жұмыскерлерге ынталандыру үстемақысын төлеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 17
17. бюджеттік бағдарлама әкімшісі ынталандыру үстемақысының белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатынан жеткілікті қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жолдайды.
Тармақ 18
18. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ынталандыру үстемақысы бойынша қосымша қажеттілікті аудандық бюджет комиссиясына қарауға шығарады.