О ставках акцизов на отдельные виды подакцизных товаров Күшін жойған
Басқа 0
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған акциз ставкалары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің
28.01.2000 № 137
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Акцизделетін тауарлар: араққа, ликер-арақ бұйымдарына, күшейтілген сусындарға, күшейтілген шырындар мен бальзамдарға, коньяктарға 1999 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға
арналған акциз ставкалары туралы" 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608
қаулысымен бекітілген акциз ставкалары қолданылады деп белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында
өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін
акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы" 1998 жылғы
26 маусымдағы N 608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1998 ж., N 20, 176-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-қосымшасында:
мынадай жолдар:
"2710 00270- Бензин
2710 00 360 1 тонна 64 133
2710 00610, Дизель отыны
2710 00650
2710 00690, 1 тонна 6 88
270900-ден Газ конденсатын
қосқанда шикі мұнай 1 тонна - 15"
мынадай редакцияда жазылсын:
"271000270 Бензин
271 00 0360 1 тонна 50 133
мыналардан басқа:
саудада жанама салықтар
"шыққан елі" принципі
бойынша алынатын
Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығын мүше
мемлекеттерге
экспортталатын бензин 1 тонна 20 -"
2710 00610, Дизель отыны
2710 00650,
2710 00690 1 тонна 6 88
2709 00-ден Газ конденсатын қоса 1 тонна - -".
алғанда шикі мұнай
Тармақ 3
3. Осы қаулы жариялауға жатады.