Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитутты
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамына 2 жыл мерзімге Степногорск қаласы, Парковая көшесі, 5-учаскесі мекенжайында орналасқан, 9алаңы 0,0460 гектар жер учаскесіне инженерлік желілерді төсеу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) туралы шарт жасасын.
Тармақ 3
3. «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы жер учаскесін инженерлік желілерді төсеу үшін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтасын.
Тармақ 4
4. «Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға белгіленген тәртіппен жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.