Об установлении публичного сервитута Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жария сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1-тармағына, 69-бабының 4-тармағының 7-1-тармақшасына, 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2022 жылғы 4 тамыздағы №1809-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия және «Met Miner» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № ЗТ-2026-02693978 өтініші негізінде, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Met Miner» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Степногорск қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін жалпы ауданы 421,4 гектар жер учаскесіне мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жерде, мұндай жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай, 2028 жылғы 4 тамызға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жер теліміне ауыртпалықтар мен сервитуттар жоқ.
Тармақ 3
3. Пайдаланудағы шектеулер: санитарлық-экологиялық нормаларды сақтау, желілік объектілерге қол жеткізу.
Тармақ 4
4. «Met Miner» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.