Об установлении цен на платные услуги, производимые Государственным коммунальным казенным предприятием «Центр по профилактике ВИЧ-инфекции» акимата города Астаны Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағаларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 156-бабының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін қызметтердің бағаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 106-1615 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағалары
Астана қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «22» шілдедегі № 106-2500 қаулысына қосымша Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін ақылы қызметтердің бағалары Р/с № Қызметтің атауы Өлшем бірлігі Бағалар (теңге) 1 2 3 4 Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны В, С вирусты гепатиттерінің зертханалық диагностикасы (скрининг) 1. ИФТ-әдісімен қан сарысуында HBsAg анықтау 1 зерттеу 2 038 2. ИФТ-әдісімен қан сарысуында C гепатитының вирусына жиынтық антиденелерді анықтау 1 зерттеу 3 724 В, D вирусты гепатиттерінің кеңейтілген диагностикасы 3. Қан сарысуында вирусты гепатит В-ның НВс антигеніне Ig М-ді ИФТ әдісімен анықтау 1 зерттеу 4 255 4. ИФТ-әдісімен қан сарысуында В гепатиты вирусының HBс антигеніне жиынтық антиденелерді анықтау 1 зерттеу 4 235 5. ИФТ-әдісімен қан сарысуында В гепатиты вирусының HBе антигенін анықтау 1 зерттеу 4 416 6. ИФТ-әдісімен қан сарысуында B гепатиты вирусының HBeAg-неантиденелерді анықтау 1 зерттеу 4 416 7. ИФТ-әдісімен қан сарысуында В гепатиты вирусының HBs антигеніне жиынтық антиденелерді анықтау 1 зерттеу 4 416 8. ИФТ-әдісімен қан сарысуында D гепатитының вирусына жиынтық антиденелерді анықтау 1 зерттеу 4 672 1 2 3 4 Мерездің зертханалық диагностикасы 9. Қан сарысуындағы Treponema pallidum-ға (трепонема паллидум) жиынтық антиденені ИФТ әдісімен анықтау 1 зерттеу 3 539 АИТВ-ны емдеу тиімділігінің зертханалық көрсеткіштері 10. ПТР әдісімен қан плазмасында АИТВ 1-ге РНК-ны сандық анықтау 1 зерттеу 65 260 11. Ағымды цитофлуориметрия әдісімен қандағы «иммун мәртебесін анықтау үшін панель» иммунофенотиптеу (СD4 жасушаларын) 1 зерттеу 14 905 12. Ағымды цитофлуориметрия әдісімен қандағы «иммун мәртебесін анықтау үшін панель» иммунофенотиптеу (% СD4 жасушаларын) 1 зерттеу 17 065 Медициналық манипуляциялар 13. Қан алу 1 қызмет 747 ______________________________