О признании утратившими силу некоторых приказов и структурного элемента Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақтан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Күші жойылған кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт
министрінің
2026 жылғы «___» ______
№ _____
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №71 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16755 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22532 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы №8 бұйрығы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 5 ақпандағы №24 бұйрығы.