О наименовании составных частей города Талдыкорган области Жетісу Қолданыста
Басқа 0
Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне
атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 7) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
- Талдықорған қаласының «Құлагер» мен «Әл-Фараби» шағынаудандарының аралығында орналасқан атауы жоқ жаңа көшеге – Мұқамәділ Қаптағаев көшесі;
- Талдықорған қаласының шығыс бөлігінде орналасқан атауы жоқ жаңа көшеге – Алтынай Есболат көшесі;
- Талдықорған қаласының шығыс бөлігінде І. Жансүгіров көшесі мен Ғани Мұратбаев көшелерінің аралығында орналасқан атауы жоқ жаңа көшеге – Шаймұқан Мұқанов көшесі;
- Талдықорған қаласының солтүстік тұрғын үй ауданында орналасқан № 2 атауы жоқ жаңа көшеге – Оспанбек Боранбаев көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 5 атауы жоқ жаңа көшеге – Асылбек Шлетов көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 6 атауы жоқ жаңа көшеге – Ғайыс Егембердиев көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 7 атауы жоқ жаңа көшеге – Құрмантай Бақбергенов көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 8 атауы жоқ жаңа көшеге – Хасан Борамбаев көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 11 атауы жоқ жаңа көшеге – Егор Чуйков көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 12 атауы жоқ жаңа көшеге – Николай Турченко көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан № 13 атауы жоқ жаңа көшеге – Василий Моисеенко көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан № 4 атауы жоқ жаңа көшеге – Абдықадыр Болсамбеков көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан № 18 атауы жоқ жаңа көшеге – Серғали Күнчаев көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан «Береке» тұрғын алабының № 23 атауы жоқ жаңа көшеге – Әулиеағаш көшесі;
- Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан № 1 атауы жоқ жаңа көшеге – Кемеңгер көшесі.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігі қаулысының және Жетісу облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Жетісу облысы әкімдігінің қаулысы мен Жетісу облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының Жетісу облыстық
әкімі мәслихаты төрағасының м.а.
__________ Б. Исабаев __________ Р. Салықова