Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3- тармағына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымындағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің , оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Алакөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы «21» шілде № 66-2 шешіміне 1 қосымша Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің , оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі- Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі «бір терезе» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия-мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Алакөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-алушылар), сондай-ақ мереке күндері мен атаулы күндерге ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым - Екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін шамасы бойынша ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа табыс-отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 8
8) мереке күндері -Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 9
9) мереке күндері (бұдан әрі – атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 10
10) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Тармақша 11
11) учаскелік комиссия-атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін Алакөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 12
12) шекті мөлшері – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі-операторға бекітілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған құжаттарды электрондық түрде көрсетуге және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;
Тармақша 14
14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болып табылатын ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары «Ардагерлер туралы» (бұдан әрі-Заң) осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
Тармақша 2
2) 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу халықаралық күні;
Тармақша 3
3) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;
Тармақша 4
4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
Тармақша 5
5) 10 қазан - Мүгедектігі бар адамдар күні. Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.
Тарау 2. 2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 6
6. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 2
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы. Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі. Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 7
7. Алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшері:
Тармақша 1
1) басқа мемлекеттердегі аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері: оқу-жаттығу жиындарына шақырылған және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде Ауғанстанға жіберілген әскери қызметшілер - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальиондарының әскери қызметшілері - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; 1992 жылғы қыркүйек пен 2001 жылғы ақпан аралығында Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; 2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілік ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері-50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; 1986-1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай - ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары-50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет
Тармақша 2
2) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер: 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай - ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан адамдар - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; бұрынғы КСР Одағын қорғау, басқа кезеңдерде әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауыруы салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілер - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; Чернобыль атом электр станциясындағы апат және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдар және олардың мүгедектігі ата - аналарының бірінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты балалары - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет.
Тармақша 3
3) еңбек ардагерлері: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет.
Тармақша 4
4) басқа адамдар: Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары -50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; радиациялық ауру салдарынан қайтыс болған немесе мүгедектігі бар қайтыс болған адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерімен байланысты азаматтардың отбасылары - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет; Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан қайтыс болған мүгедектің жұбайы (зайыбы) немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан жеңілдіктері бойынша мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның, сондай-ақ қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының жұбайы (зайыбы) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғынына» белгісімен наградталған, жалпы ауру салдарынан мүгедек деп танылған азамат, Партизан, жерасты адамы, қайта некеге тұрмаған еңбек мертігуінің және басқа да себептердің (құқыққа қайшы себептерді қоспағанда) - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектеулі деп танылған азаматтарға (отбасыларға): туберкулез ауруымен амбулаториялық емдеуде жүрген адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын.
Тармақша 6
6) осы мекенжай бойынша тұрақты тұратын және тіркелген азаматтарға (отбасыларға) не олардың мүлкіне дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зиян келген жағдайда әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алмағанда-үш айдан кешіктірмей - 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш, жылына 1 рет;
Тармақша 7
7) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерінің біріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлы-курорттық емдеуге алып жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы ескерілмей, жылына 1 рет кепілді соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) жылына 1 рет 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақ 7.1
7.1. Жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, жылына 1 рет, бірақ кепілдендірілген сомадан аспайтын санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 7-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға;
Тармақша 2
2) 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 9
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тармақ 10
10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Тармақ 11
11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкіл) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді. Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) осы Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады. АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
Тармақша 3
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі: дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады. Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.
Тармақ 12
12. Келіп түскен өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган түскен жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.
Тармақ 13
13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Тармақ 15
15. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 17
17. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осы қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіні бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабардар етеді, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдау өткізеді. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол: өтініш берушіні бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру; ақпараттық жүйелерді пайдалану; өтініш берушіге өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады. Өтініш беруші әкімшілік істі алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылығын білдіруге немесе айтуға құқылы. Өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға өтініш берушіні тыңдау хаттамасымен танысуға мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Өтініш беруші танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 19
19. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге Үлгілік қағидаларға 5 – қосымшаға сәйкес (бас тартылған жағдайда-Үлгілік қағидаларға 6-қосымшаға) сәйкес әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді. Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады. Өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны өтініш беруші өзі келген кезде береді. Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2)өтініш берушінің адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартуы, жалтаруы;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шегінен асып кеткен;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен төлемдерді тағайындау, жүзеге асыру, осы негіз бойынша әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді алу.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру Алакөл ауданының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады. Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиындармен есептелген барлық сомалар тиындар сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенуге жатады.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Алакөл ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберу;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіздемелердің жоғалғаны туралы мәліметтер анықталған. Осы тармақтың 3) тармақшасы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмек төлеуге қолданылмайды. Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі келесі айдан бастап тоқтатылады. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады. Әлеуметтік көмек алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда алушылар олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 24
24. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 25
25. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды. Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер осы Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру процесін уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган бастамашылық етеді.
Тармақ 27
27. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация: біржолғы төлемдер бойынша күн сайын; ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 27-і күні әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджет қаражатына сұранысты қалыптастырады.
Тармақ 28
28. Қажеттілік қалыптасқаннан кейін Мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын аударады. Айдың 27-күнінен кейін келіп түскен әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомалары туралы өтінімдер бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-күнінен кейін Мемлекеттік корпорацияға ақшалай қаражатты аударады.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларын төлеу кестесіне сәйкес қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлемді жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасын қайтарған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алынған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.
Тармақ 32
32. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.