Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі: ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Новонежин ауылына (жоғары және орта қысымды газ құбырын) инженерлік-коммуникациялық желілерді салу үшін, «Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новонежин ауылындағы газ тарату желілерінің құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новонежин ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,7251 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;
Тармақша 2
2) Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.