Об утверждении Правил доставления (эвакуации), организации учета и временного хранения автомобильного транспортного средства, судна, в том числе маломерного судна, задержанного на основании, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях, на специальных площадках или стоянках, создаваемых по решению местных исполнительных органов Алматинской области и находящихся в коммунальной собственности Күшіне енбеген
Басқа 0
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары
Алматы облыстық мәслихатының
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 52-307
шешімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша ұсталған автокөлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар ұсталған көлік құралдары мен кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жеткізу (эвакуациялау), есепке алу және уақытша сақтау бойынша туындайтын қатынастарды реттейді.
Тарау 2. 2-тарау. Көлік құралдары мен кемелерді жеткізу (эвакуациялау) және уақытша сақтау тәртібі
2-тарау. Көлік құралдары мен кемелерді жеткізу (эвакуациялау) және уақытша сақтау тәртібі
Тармақ 3
3. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi, кідірту себептерi жойылғанға дейiн, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полицияның, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) қызметкерлері, ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Көлік құралын уақытша сақтау үшін арнайы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізуді (эвакуациялауды) өз өкілеттіктері шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 5
5. Жеткізу (эвакуациялау) алдында уәкілетті лауазымды тұлға көлік құралына, кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге сырттай қарап тексеру жүргізеді және оның жай-күйін қабылдау-тапсыру актісінде тіркейді.
Тармақ 6
6. Жеткізу (эвакуациялау) кезінде көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені қабылдау-тапсыру актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің сәйкестендіру деректері;
Тармақша 2
2) ұсталған және жеткізілген күні мен уақыты;
Тармақша 3
3) ұстап алу негізі;
Тармақша 4
4) жеткізуді жүзеге асырған тұлғаның лауазымы мен аты-жөні;
Тармақша 5
5) өткізіп беру кезінде көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйі.
Тармақ 7
7. Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған көлік құралдары, кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауда жатады.
Тармақ 8
8. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені қабылдау кезінде алаңның жауапты тұлғасы визуалды қарап тексеру жүргізеді және оның жай-күйін қабылдау-тапсыру актісіндегі деректермен салыстырады. Егер актіде көрсетілмеген зақымданулар анықталса, олар міндетті түрде актіге енгізілуі тиіс.
Тармақ 9
9. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені сақтау мынадай талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) арнайы алаңдардың (тұрақтардың) аумағы рұқсатсыз кіруге жол бермейтін қоршаумен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 2
2) кіру және шығу техникалық құралдарды (шлагбаумдар, қақпалар және өзге де құрылғылар) орнату арқылы бақыланады;
Тармақша 3
3) аумақтың тәулік бойы күзетілуі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 10
10. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылатын және коммуналдық меншікте болатын арнайы алаңдарды немесе тұрақтарды ұстау және пайдалану жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.