О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10055 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 371 «Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 304 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10246-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.