Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Того об освобождении от визовых требований владельцев дипломатических и служебных паспортов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2025 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім Бұдан әрі жеке-жеке Тарап және бірге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Того Республикасының Үкіметі екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып, Қазақстан Республикасы мен Того Республикасы азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екі мемлекетке виза алу қажеттігінсіз өзара сапарларын жеңілдетуге ниет білдіре отырып, өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес әрекет ете отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Әрбір Тарап мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күндік әрбір кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге көп мәрте келе алады, транзитпен өте алады, кете алады және бола алады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Бір Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкері ретінде қызметтік іссапарда жүрген Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына өздері аккредиттелген кезеңге визасыз келе алады, бола алады және кете алады.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптардың әрқайсысы мемлекеттері азаматтарының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының қолданылу мерзімі екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген күннен бастап кемінде 6 (алты) ай болуға тиіс.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екінші Тарап мемлекетінің аумағына алдын ала виза алу қажеттігінсіз келуі, транзиті және кетуі екі мемлекеттің халықаралық қатынас үшін ашылған ресми өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезеңде 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне нұқсан келтірмей, осы Тарап мемлекетінің қолданыстағы ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тараптардың әрқайсысы келуін өзі қоштамайтын екінші Тарап мемлекеті азаматтарының – жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің өз мемлекетінің аумағына кіруіне рұқсат беруден бас тарту не болу мерзімін қысқарту құқығын өзіне қалдырады.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың әрқайсысы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданысын уақытша, толық немесе ішінара тоқтатып қоя алады.
Тармақ 2
2. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ қайта бастау туралы шешім қабылдаған Тарап ол күшіне енгенге дейін кемінде 72 (жетпіс екі) сағат бұрын екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы өзінің осындай шешімі туралы хабардар етеді. Осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру екінші Тарап мемлекетінің аумағында жүрген, осы Келісімнің 1 және 2-баптарында аталған Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтарының құқықтарын қозғамайды.
Бап 7. 7-бап
7-бап Тараптар осы Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналар арқылы жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың үлгілерімен алмасады. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық және қызметтік паспорттарға өзгерістер енгізілген жағдайда олар күшіне енгенге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын бұл туралы екінші Тарапты хабардар етуге міндетті.
Бап 8. 8-бап
8-бап Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген келіспеушілік немесе дау Тараптар арасындағы консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.
Бап 9. 9-бап
9-бап Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады, олар хаттамалар түрінде ресімделеді және осы Келісімнің 10-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екінші Тарапты оның қолданысын тоқтату ниеті туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабардар еткенге дейін белгіленбеген мерзімге күшінде қалады. Бұл жағдайда осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алынған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін тоқтатылады. 2025 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында әрқайсысы қазақ, француз және ағылшын тілдерінде 2 (екі) төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісім мәтіндерінің арасында алшақтық болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Того Республикасының Үкіметі үшін