О внесении изменений в некоторые постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам банковской и микрофинансовой деятельности Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 21 шілдеде қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 24 шілдедегі № 105 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты және банктік салым шарты бойынша сыйақының өзгермелі мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, қолданылу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 45 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38338 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты және банктік салым шарты бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу қағидаларында, қолданылу шарттарында: 2-тармақтың екінші абзацының редакциясы орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады.
Тармақ 2
2. «Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38525 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Жолданымдарды қарау нәтижелері бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін қаржылық салдарлар туралы есеп» деген әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанда: «Жолданымдарды қарау нәтижелері бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін қаржылық салдарлар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмеде: 4-тармақтың 3) және 4) тармақшаларының редакциясы орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады.
Тармақ 3
3. «Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларында, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесінде, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібінде: 4-қосымшада: «Жеке тұлғалардың мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық кепілсіз кредиттері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегін банктік қарыз шарттары, микрокредит беру шарттары бөлінісінде реттеу жөніндегі жеке іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтер» деген кестеде орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады; 5-қосымшада: «Есептік жартыжылдық ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан мерзімі өткен берешек портфеліне қайта жатқызылған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген жеке тұлғалардың тұтынушылық кредиттері бойынша берешекті реттеу жөніндегі банктік қарыз шарттары, микрокредит беру шарттары бөлінісінде жоспарланатын шаралар туралы мәліметтер» деген кестеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады; 6-қосымшада: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қарыз алушылардың банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымшада: «Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде Өтініш берушілердің банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы есеп (индексі - Ф1, кезеңділігі - тоқсан сайын)» орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.
Тармақ 4
4. «Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №38748 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарда: «_________________ (күн, ай, жыл) № _____ банктік қарыз шартына ________________ (күн, ай, жыл) қарызды өтеу кестесі» 3-қосымшада кестенің 4-жолындағы 2-бағанында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.
Тармақ 5
5. «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №38746 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарда: «Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар» деген 5-қосымшада: 7-тармақтың 12) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.