Об утверждении Правил представления отчетности по банковским счетам (вкладам) банками второго уровня, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, акционерным обществом «Банк Развития Казахстана» и Национальным оператором почты Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36312 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Басқа 9. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 27 шілдедегі № 91 қаулысымен бекітілді Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарын, оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну тәртібі айқындалады.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпаратты жаңарту – депозиттік ұйым бұрын берілген мәліметтер мен ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру фактісін анықтаған кезде жаңартылған мәліметтер мен ақпаратты ұсыну;
Тармақша 2
2) балама сәйкестендіру нөмірі (БаСН) – «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, депозиттік ұйымдағы банктік шоттың (салымның) иесін сәйкестендіретін код;
Тармақша 3
3) депозиттік тіркелім – депозиттік ұйымдар Ұлттық Банкке ұсынатын ақпарат қамтылатын банктік шоттар (салымдар) бойынша цифрлық дерекқор;
Тармақша 4
4) дербес деректер көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірі (ДСН) – жеке тұлғаның және (немесе) жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкердің ақпаратты криптографиялық қорғау талаптарына жауап беретін жеке сәйкестендіру нөмірін криптографиялық қайта құру нәтижесі;
Тармақша 5
5) есепті күн – сол күнгі жағдай бойынша депозиттік ұйым Ұлттық Банкке ұсынылатын есептіліктегі мәліметтерді есепке алған күн;
Тармақша 6
6) салым – ислам банкіндегі банктік салым немесе депозит.
Тарау 2. 2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
Тармақ 3
3. Депозиттік ұйым Ұлттық Банкке белгіленген форматтағы көрсеткіштер түріндегі банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған Ұлттық Банктің цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ҚРҰБ ЦЖ) арқылы банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) электрондық форматта ұсынады. Есептілікті (әрбір жеке есепті) ҚРҰБ ЦЖ-ға жүктеу кезінде ұсынылатын есептердегі мәліметтер мен ақпараттың Қағидалар талаптарына сәйкестігі бақыланады (бұдан әрі – нысанішілік бақылау). Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда, тиісті есеп қабылданбайды. Нысанішілік бақылаудан өткен тиісті есепті кезең үшін ақпаратты ҚРҰБ ЦЖ-ға соңғы жүктеудің нақты күні есепті кезең үшін есептілікті ұсынуды аяқтау күні болып табылады.
Тармақ 4
4. Басшының немесе есептілікке қол қою функциясы жүктелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен есептілікке қол қою ай сайынғы есептілікті ұсыну аяқталған күннен бастап үшінші жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Депозиттік ұйымның басшысы немесе есептілікке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Есептілік шеңберінде ұсынылған банктік шот (салым) иелері (бұдан әрі – шот иесі), банктік шот (салым) шарттары, банктік шоттар және олар бойынша операциялар жөніндегі мәліметтер мен ақпарат ақпараттың түсуіне қарай депозиттік тіркелімде қалыптастырылады, жаңартылады және жинақталады. Ақпаратты жаңарту кезінде бұрын ұсынылған ақпарат депозиттік тіркелімнің тарихында сақталады.
Тармақ 7
7. Мәліметтер мен ақпарат, сондай-ақ олар бойынша өзгерістер тиісті есепке арналған нысанда белгіленген мерзімде ұсынылады. Деректерді алуға немесе өзгертуге байланысты ұсынылатын есептілік үшін есепті күн депозиттік ұйым тиісті мәліметтерді алған немесе өзгерткен күннен кейінгі күннен кешіктірілмейді. Бұрын ұсынылған ақпаратқа өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, түзетулер ақпарат бұрын берілген есепті күнге жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы өзінің барлық филиалы бойынша мәліметтер мен ақпарат қамтылған есептілікті Ұлттық Банкке ұсынады.
Тармақ 9
9. Дербес деректерді қорғау мақсатында депозиттік ұйым жеке тұлға шот иесі туралы, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын және жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар дара кәсіпкер туралы ақпаратты беру кезінде сәйкестендіруші ретінде ДСН-ды береді. Бір депозиттік ұйымда ондағы шот иесіне қызмет көрсетудің барлық кезеңінде ДСН-ның бірегейлігі мен өзгермейтіндігі қамтамасыз етілген жағдайда, депозиттік ұйым ДСН-ды өз алгоритмі бойынша қалыптастырады. Бұл ретте:
Тармақша 1
1) бөгде адамдардың жеке тұлғаның ЖСН-на ДСН-ды кері түрлендіруге мүмкіндік беретін оңай есептелетін алгоритмдерді;
Тармақша 2
2) ЖСН нақты қамтылған ДСН-ды қалыптастыру қамтамасыз етілген алгоритмдерді (мысалы, сандардың тікелей реттілігі бойынша, кері реті бойынша, аралас түрде, бірнеше рет) пайдалануға жол берілмейді. Қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, ДСН бірегейлігін қамтамасыз ету үшін ДСН көрсеткішінің ұзындығы кемінде 15 (он бес) таңбадан тұруы және 64 (алпыс төрт) белгіден аспауы тиіс. Депозиттік ұйым алгоритмді әзірлеуді немесе таңдауды және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес оны қолдану тәртібін қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) немесе ЖСН жоқ шот иелері үшін сәйкестендіргіш ретінде БаСН беріледі, оны депозиттік ұйым өзінің банктік цифрлық жүйелерінде шот иесін сәйкестендіру үшін пайдаланады. Шот иесі үшін депозиттік ұйым айқындаған БаСН коды депозиттік ұйымның цифрлық жүйелеріндегі шот иесін және оның банктік шоттары (салымдары) бойынша мәліметтерді сәйкестендірудің нақты болуын, сондай-ақ осы депозиттік ұйымда шот иесіне қызмет көрсетудің барлық кезеңінде кодтың бірегейлігі мен өзгермейтіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Дербес деректерді қорғау мақсатында жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін депозиттік ұйым белгілеген БаСН кодында шот иесінің дербес деректері айқын түрде қамтылмауы тиіс.
Тармақ 11
11. Депозиттік ұйым Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының сұратулары бойынша олардың «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабында және «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында айқындалған өкілеттіктерін іске асыру үшін ДСН-ның жеке сәйкестендіру нөмірлеріне және тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) БаСН кодтарына сәйкестігі жөніндегі ақпаратты жедел ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Көрсетілген сұратуларды орындау кезінде депозиттік ұйым ДСН-ның жеке сәйкестендіру нөмірлеріне және тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған жағдайда) БаСН кодтарына сәйкестігі туралы мәліметтерді ҚРҰБ ЦЖ-мен интеграциялану мүмкіндігіне жол бермейтін қорғалған байланыс арналары арқылы береді.
Тармақ 12
12. Тиісті күнгі шетел валютасындағы соманың теңгедегі баламасы «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысы мен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) бекітілген Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларының 2-тармағына сәйкес айқындалатын валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.
Тармақ 13
13. Қаржы саласындағы қызметті тоқтата тұру (тоқтату) кезінде депозиттік ұйым банктік шот (салым) иесінің тиісті депозиттік ұйымға талап ету құқықтары тоқтатылғанға дейін есептілікті ұсынуды жалғастырады.
Тармақ 14
14. Ақпарат болмаған кезде депозиттік ұйым Қағидаларда белгіленген есептілікті ұсыну мерзімінен кешіктірмей Ұлттық Банкке депозиттік ұйымның басшысы қол қойған тиісті хабарламаны (хатты) электрондық түрде ұсынады. Хабарламаны (хатты) электрондық түрде ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, оны қағаздағы нысанда ұсынуға болады.
Басқа 1
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: DR_OBA1 Кезеңділігі: банктік шоттың (салымның) иесі туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – депозиттік ұйым). Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: банктік шоттың (салымның) иесі туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: Жинау әдісі: электрондық түрде. № Көрсеткіштің атауы Мәні 1 Банктік шоттың (салымның) иесін сәйкестендіргіш: 1.1 сәйкестендіру нөмірінің түрі 1.2 сәйкестендіру нөмірі 2 Жеке тұлға белгісі 3 Қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер белгісі 4 Туған жылы 5 Жынысы 6 Резиденттік белгісі 7 Азаматтық (тіркелу) елі 8 Астанасы, облысы немесе республикалық маңызы бар қаласы 9 Экономика секторы 10 Депозиттік ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты болу белгісі 11 Есепті күні Атауы __________________________________________________ Мекенжайы ____________________________________________________ Телефоны _____________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________ Орындаушы _________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _____________________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Күні 20__ жылғы «______» ______________ Ескертпе: нысан «Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 35. Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп (индексі – DR_OBA1, кезеңділігі – банктік шоттың (салымның) иесі туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай)
«Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп (индексі – DR_OBA1, кезеңділігі – банктік шоттың (салымның) иесі туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) «Банктік шоттың (салымның) иесі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) ұсынатын екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде кодтар белгіленген форматтағы көрсеткіштер түрінде банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған, ол арқылы Нысан ұсынылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ҚРҰБ ЦЖ) орналастырылған деректерді өңдеу үшін пайдаланылатын цифрлық ресурстардың (бұдан әрі – Деректердің жүйелік тізбесі) кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер: «КК.АА.ЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі, мұнда «КК» – күн, «АА» – ай, «ЖЖЖЖ» – жыл.
Тармақ 4
4. Егер Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, Нысанның көрсеткіштері толтырылуы міндетті.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанды толтыру кезінде мынадай Деректердің жүйелік тізбесі пайдаланылады: Сәйкестендіру нөмірінің түрі; Жынысы; Резиденттік белгісі; Елдер; Астанасы, облыстары және республикалық маңызы бар қалалары; Экономика секторының коды.
Тармақ 6
6. Нысанда Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті, жеке тұлға, оның ішінде жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, халықаралық қаржы ұйымы, заңды тұлға құрмайтын ұйым (бұдан әрі – заңды тұлға) болып табылатын банктік шоттың (салымның) иесі (бұдан әрі – шот иесі) туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Белгілі бір көрсеткіш бойынша деректер өзгерген кезде тиісті ақпарат есепті күні жаңартылуға тиіс.
Тармақ 8
8. 1.1, 5, 6, 7, 9-жолдардағы көрсеткіштер толтырылуы міндетті, мәндер Деректердің жүйелік тізбесінен таңдап алынады.
Тармақ 9
9. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-жолдарда шоттың бір иесіне бірден артық емес өзекті мән сәйкес келеді.
Тармақ 10
10. 1.1 және 1.2-жолдарда шот иесін сәйкестендіргіштің көрсеткіштерін толтыру кезінде сәйкестендіру нөмірінің түрі және сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде көрсетіледі. Жеке тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар дара кәсіпкерлер болып табылатын шот иелері үшін 1-жолда ДСН міндетті түрде көрсетіледі. Жеке тұлғаның ЖСН-і болмаған жағдайда БаСН көрсетіледі. Заңды тұлғалар немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер болып табылатын шот иелері үшін міндетті түрде бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) не ол болмаған жағдайда БаСН көрсетіледі. Депозиттік ұйымда оның ЖСН немесе БСН бар екендігі туралы ақпарат бар шот иесінің БаСН-ын ғана көрсетуге болмайды. Шот иесі БаСН коды бойынша депозиттік ұйымның цифрлық жүйелерінде бастапқы сәйкестендірілгеннен кейін ЖСН немесе БСН алған кезде олардың депозиттік ұйымның цифрлық жүйелерінде өзара байланыстылығын қамтамасыз ету үшін екі сәйкестендіргішті (БСН-мен немесе ДСН-мен бірге БаСН) бір мезгілде көрсетуге болады.
Тармақ 11
11. Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылатын шот иесі бойынша 2-жолда міндетті түрде «1» мәні көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылатын шот иесі бойынша 3-жолда міндетті түрде «1» мәні көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 4 және 5-жолдарда көрсеткіштер жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер болып табылатын, ЖСН бар және 1-жолда ДСН сәйкестендіргіші көрсетілген шот иесі үшін толтырылуы міндетті.
Тармақ 14
14. 6-жолда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шот иесі бойынша «1» мәні, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын шот иесі бойынша «2» мәні көрсетіледі. Шот иесінің резиденттігі «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3 және 4-тармақтары негізінде айқындалады.
Тармақ 15
15. 7-жолда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары» ISO 3166-1-2016 ҚР ҰЖ ұлттық жіктеуішіне сәйкес азаматтық (тіркелу) елінің коды көрсетіледі. «Азаматтық (тіркелу) елі» деген көрсеткіш шот иесінің резиденттік белгісіне сәйкес айқындалады. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға алынған рұқсат негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркелу елі ретінде «Қазақстан Республикасы» көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 8-жолда заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелу немесе жеке тұлға үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу мекенжайына не көрсетілген ақпарат болмаған кезде банктік шотты (салымды) ашу кезінде көрсетілген шот иесінің орналасқан жеріне сәйкес келетін «Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші» Қазақстан Республикасы ҚР ҰЖ 11-2025 ұлттық жіктеуішіне сәйкес астанасының, облысының немесе республикалық маңызы бар қаласының коды көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 9-жолда «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес экономика секторының коды көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 10-жолда депозиттік ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қатысты шот иесі бойынша міндетті түрде «1» мәні көрсетіледі. Депозиттік ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 19
19. 11-жолда шот иесі туралы мәліметтер ескерілген күн міндетті түрде көрсетіледі.
Басқа 2
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шот (салым) шарты туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: DR_ABA1 Кезеңділігі: банктік шот (салым) шарты туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай. Есепті кезеңі: 20__жылғы «___»________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – депозиттік ұйым). Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: банктік шот (салым) шарты туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: Жинау әдісі: электрондық түрде. № Көрсеткіштің атауы Мәні 1 Банктік шоттың (салымның) иесін сәйкестендіргіш: 1.1 сәйкестендіру нөмірінің түрі 1.2 сәйкестендіру нөмірі 2 Дара кәсіпкердің белгісі 3 Банктік шот (салым) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері: 3.1 банктік шот (салым) шартының нөмірі 3.2 банктік шот (салым) шартын жасасу күні 4 Банктік шот (салым) шартында көзделген талаптар: 4.1 Банктік шот (салым) түрі 4.2 «Мультивалюталық» белгісі 4.3 Толықтыру құқығының болуы 4.4 Ақшаны ішінара алу құқығының болуы 4.5 Салымның барлық сомасын (бір бөлігін) мерзімінен бұрын алу талабы 5 Банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша салымның мерзімі аяқталу күні 6 Салым мерзімі 7 Банктік шот (салым) шартының мерзімін ұзарту күні 8 Банктік шот (салым) шартын жабудың нақты күні 9 Делдал қызметтері арқылы жеке тұлғалардың салымдарын тарту 10 Банктік шотқа (салымға) қызмет көрсететін филиал 11 Есепті күн Атауы _________________________________________________________ Мекенжайы _____________________________________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________ Орындаушы ___________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам ______________________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Күні 20__ жылғы «______» ______________ Ескертпе: нысан «Банктік шот (салым) шарты туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 3. Банктік шот (салым) шарты туралы есеп (индексі – DR_ABA1, кезеңділігі – банктік шот (салым) шарты туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай)
«Банктік шот (салым) шарты туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша Банктік шот (салым) шарты туралы есеп (индексі – DR_ABA1, кезеңділігі – банктік шот (салым) шарты туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) «Банктік шот (салым) шарты туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) ұсынатын екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде кодтар белгіленген форматтағы көрсеткіштер түрінде банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған, ол арқылы Нысан ұсынылатын Ұлттық Банктің цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ҚРҰБ ЦЖ) орналастырылған деректерді өңдеу үшін пайдаланылатын цифрлық ресурстардың (бұдан әрі – Деректердің жүйелік тізбесі) кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер «КК.АА.ЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі, мұнда «КК» – күн, «АА» – ай, «ЖЖЖЖ» – жыл.
Тармақ 4
4. Егер Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, Нысаның көрсеткіштері толтырылуы міндетті.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанды толтыру кезінде мынадай Деректердің жүйелік тізбесі пайдаланылады: Сәйкестендіру нөмірінің түрі; Шоттың (салымның) түрі; Салымды мерзімінен бұрын алу талаптары; Салым тартудағы делдалдар; Респонденттің филиалдары.
Тармақ 6
6. Нысанда депозиттік ұйымның банктік шот (салым) иесімен (бұдан әрі – шот иесі) олардың арасында банктік шот (салым) шартына орай және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптасқан барлық өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер көрсетіледі. Мәліметтер есепті кезеңде жасалған және (немесе) есепті кезеңде қолданыста болған немесе қолданылуы тоқтатылған барлық банктік шоттар (салымдар) шарттары бойынша беріледі.
Тармақ 7
7. Белгілі бір көрсеткіш бойынша мәліметтер өзгерген кезде тиісті ақпарат есепті күні жаңартылуы тиіс.
Тармақ 8
8. Банктік шот (салым) шартының ҚРҰБ ЦЖ-дағы және депозиттік тіркелімдегі шот иесімен байланысы шот иесінің сәйкестендіргіші бойынша белгіленеді. Шот иесінің сәйкестендіргіші өзгерген жағдайда, 1.1 және 1.2-жолдарда міндетті тәртіпте шот иесінің жаңартылған сәйкестендіргіші көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 1.1, 4.1, 9, 10-жолдарда мәндер Деректердің жүйелік тізбесінен таңдап алынады.
Тармақ 10
10. 1-жолда бір шот иесі бойынша сәйкестендіргіштердің бірнеше жаңартылған мәндерін бір мезгілде көрсетуге рұқсат етіледі.
Тармақ 11
11. 2-жолда егер банктік шот (салым) шарты жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында дара кәсіпкермен жасалса, «1» мәні көрсетіледі. Шоттың бір иесіне және банктік шоттың (салымның) бір шартына 2-жолдағы көрсеткіштің бірден аспайтын жаңартылған мәні сәйкес келеді.
Тармақ 12
12. 3.1 және 3.2-жолдарда депозиттік ұйым шот иесі мен депозиттік ұйым арасында жасалған банктік шот (салым) шартын біркелкі сәйкестендіретін көрсеткіштерді көрсетуді қамтамасыз етеді. «Банктік шот (салым) шартының нөмірі», «шот (салым) шартын жасасу күні» көрсеткіштері ҚРҰБ ЦЖ-дағы және депозиттік тіркелімдегі банктік шот (салым) шартының сәйкестендіргіштері болып табылады, олардың үйлесімі банктік шот (салым) шарты туралы мәліметтерді ұсынған депозиттік ұйым үшін бірегей болуы және банктік шот (салым) шартының қолданылу кезеңі ішінде өзгертілмейтін болуы тиіс. Егер депозиттік ұйымның ішкі құжаттарында депозиттік ұйымның цифрлық жүйелерінде банктік шот (салым) шартына сәйкестендіру нөмірін беру көзделсе, онда мұндай сәйкестендіру нөмірін банктік шот (салым) шартының нөмірі ретінде беруге рұқсат етіледі. Төлем карточкаларын беру туралы жалпы шарт шеңберінде бір ұстаушыға дебеттік төлем карточкалары берілген жағдайда, «банктік шот (салым) шартының нөмірі» көрсеткіші бойынша төлем карточкаларын беру туралы жалпы шарттың нөмірін және оларды бөлу үшін «/» белгісін пайдалана отырып, дебеттік төлем карточкасының нөмірін көрсетуге рұқсат етіледі. Банктік шот (салым) шартының күні банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша жабу күнінен, шотты (салымды) жабудың нақты күнінен немесе есепті күннен кеш болмауы тиіс.
Тармақ 13
13. 4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 4.5, 5, 6, 7, 9, 10-жолдарда бір банктік шот (салым) шартына бірден артық емес жаңартылған мән сәйкес келеді.
Тармақ 14
14. 4.1-жолда қосымша келісімдерді ескере отырып, банктік шот (салым) шартына сәйкес көрсетілетін және өзгертілетін банктік шоттың (салымның) түрі міндетті түрде көрсетіледі. 4.1-жолды толтыру үшін қолданылатын Деректердің жүйелік тізбесінде «Инвестициялық депозиттер» мәні ислам банктеріне арналған. Қосымша келісімдерді ескере отырып, банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша банктік шоттың (салымның) түрі өзгерген кезде тиісті ақпарат жаңартылуы тиіс. Банктік шот (салым) шартының мерзімі өткен және шот иесі салымды талап етпеген мерзімді және жинақ салымдары үшін мына талаптардың біреуін орындаған кезде 4.1-жолда «талап етілгенге дейінгі салымдар» деген банктік шот (салым) түрі көрсетіледі:
Тармақша 1
1) шот иесінде салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек бар және банктік шотында мемлекеттік кірістер органдары қойған шектеулер (инкассалық өкімдер, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы қаулылар) бар;
Тармақша 2
2) банктік шотқа (салымға) үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақшаны алу және (немесе) банктік шоттағы ақшаға тыйым салу туралы талаптары қойылған;
Тармақша 3
3) банк осы салымның мерзімін «талап етілгенге дейінгі салым» талаптары бойынша мерзімін ұзартады;
Тармақша 4
4) банк салым мерзімі өткен кезде сыйақы есептемейді.
Тармақ 15
15. 4.2-жолда егер банктік шот (салым) шартында қаражатты екі және одан да көп валютада орналастыру көзделсе, «1» мәні міндетті түрде көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 4.3-жолда талаптарында толықтыру құқығы көзделетін банктік шоттар (салымдар) шарттары бойынша міндетті түрде «1» мәні көрсетіледі. Ағымдағы шоттар мен талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша көрсеткіш толтырылмайды.
Тармақ 17
17. 4.4-жолда талаптарында ақшаны ішінара алу құқығы көзделетін банктік шоттар (салымдар) шарттары бойынша міндетті түрде «1» мәні көрсетіледі. Ағымдағы шоттар мен талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша көрсеткіш толтырылмайды.
Тармақ 18
18. 4.5-жол салым сомасының барлығын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алғаны үшін айыппұлдар бойынша талаптар көзделген жинақ салымдары мен мерзімді салымдар үшін толтырылуы міндетті. Салым сомасының барлығын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алғаны үшін айыппұлдар бойынша банктік шот (салым) шартының талаптары өзгерген кезде тиісті ақпарат жаңартылуға жатады. Егер банктік шот (салым) шартының талаптарында салым сомасының барлығын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алудың сараланған талаптарын қолдану көзделсе, онда салым сомасының барлығын немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын алғаны үшін ең төменгі айыппұлдар бойынша талаптар көрсетіледі. Ағымдағы шоттар, талап етілгенге дейінгі салымдар және инвестициялық депозиттер бойынша көрсеткіш толтырылмайды. Салым сомасының барлығын (бір бөлігін) мерзімінен бұрын алғаны үшін айыппұл талаптары болмаған жағдайда, көрсеткіш толтырылмайды.
Тармақ 19
19. 5-жол қосымша келісімдерді ескере отырып, банктік шот (салым) шартының мерзімі аяқталуының жаңартылған күнін көрсетуге арналған. Банктік шот (салым) шартының аяқталу күнін көрсету мерзімді салымдар, жинақ салымдары мен инвестициялық депозиттер үшін міндетті болып табылады. Өзге жағдайларда көрсеткіш болған кезде көрсетіледі. Банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша салым мерзімінің аяқталу күні банктік шот (салым) шартын жасау күнінен ерте немесе бірдей болмауы тиіс. Банктік шот (салым) шартының талаптары бойынша салым мерзімінің аяқталу күні өзгерген кезде тиісті ақпарат жаңартылуға жатады.
Тармақ 20
20. 6-жолда салым мерзімі қосымша келісімдерді ескере отырып, банктік шот (салым) шартының талаптарына қарай айлармен көрсетіледі. Мерзімі күндермен есептелетін салымдар айлық мәнге келтіріледі. Айлық мәнді есептеу депозиттік ұйымның есеп саясатына сәйкес жүргізіледі. Салым мерзімі үтірден кейін 2 (екі) таңбамен көрсетіледі. Егер салым мерзімін есептеу кезінде алынған сан жүзден 1 (бірден) артық таңбадан көп болса, ол мынадай түрде жүзден бір үлеске дейін дөңгелектеуге жатады: егер мыңдық үлес 5 (бестен) көп немесе оған тең болса, жүздік үлес 1 (бірге) ұлғаяды, одан кейінгі барлық таңба алып тасталады; егер мыңдық үлес 5 (бестен) кем болса, жүздік үлес өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық таңба алып тасталады. Салым мерзiмiн көрсету мерзiмдi салымдар, жинақ салымдары және инвестициялық депозиттер үшiн мiндеттi болып табылады. Өзге жағдайларда көрсеткіш болған кезде көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 7-жолда банктік шот (салым) шартының мерзімін ұзарту күні көрсетіледі. Мерзімін ұзарту фактілері болмаған жағдайда, көрсеткіш толтырылмайды. Банктік шот (салым) шартының мерзімін ұзарту күні банктік шот (салым) шарты жасалған күннен ерте және есепті күннен кеш болмауы тиіс.
Тармақ 22
22. 8-жолда банктік шот (салым) шартын нақты жабу күні көрсетіледі. Банктік шот (салым) шартын нақты жабу күні есепті күнге қатар келетін банктік шот (салым) шартын жасаған күннен ерте немесе есепті күннен кеш болмауы тиіс.
Тармақ 23
23. 9-жолда делдал қызметін пайдалана отырып, жеке тұлғалармен жасалған банктік салым шарттары үшін көрсеткіш толтыру үшін міндетті. Делдалдардың түрлері Деректердің жүйелік тізбесінен мәнді таңдау арқылы көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 10-жолда банктік шотқа (салымға) қызмет көрсетілетін депозиттік ұйымның өңірлік бөлімшесінің (филиалының) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі. Егер шотқа қызмет көрсету депозиттік ұйымның бас ұйымының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылса, депозиттік ұйымның БСН көрсетіледі. Респондент филиалдардың Деректердің жүйелік тізбесі депозиттік ұйым ұсынған өз филиалдары туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылады және осы мәліметтердің келіп түсуіне қарай жаңартылады.
Басқа 3
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шот туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: DR_BA1 Кезеңділігі: банктік шот туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай. Есепті кезеңі: 20__ жылғы «______» ________________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – депозитк ұйым). Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: банктік шот туралы деректерді алған немесе өзгерткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: Жинау әдісі: электрондық түрде. № Көрсеткіштердің атауы Мәні 1 Банктік шот (салым) шарты бойынша сәйкестендіру мәліметтері: 1.1 банктік шот (салым) шартының нөмірі 1.2 банктік шот (салым) шарты жасалған күн 2 Банктік шоттың референсі 3 Валюта түрі 4 Банктік шот бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі: 4.1 мөлшерлеме түрі 4.2 өзгермелі мөлшерлеме индексінің атауы 4.3 мөлшерлеме көлемі 4.4 өзгермелі мөлшерлеменің бекітілген спрэдінің мөлшері 5 Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6. Шот ашылған не шарт талаптары өзгерген кезде шотта ескерілетін шот валютасындағы қалдық сомасы 7 Шот ашылған не шарт талаптары өзгерген кезде шотта ескерілетін теңгедегі (теңге баламасындағы) қалдық сомасы 8 Банктік шоттың нысаналы мақсаты 9 Банктік шотты жабудың нақты күні 10 Есепті күн Атауы __________________________________________________ Мекенжайы ____________________________________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы____________________________________ Орындаушы _________________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам ___________________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Күні 20__ жылы «______» ______________ Ескертпе: нысан «Банктік шот туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Басқа 90. «Банктік шот туралы есеп» (индексі – DR_BA1, кезеңділігі – банктік шот туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай)
«Банктік шот туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша «Банктік шот туралы есеп» (индексі – DR_BA1, кезеңділігі – банктік шот туралы деректердің алынуына немесе өзгертілуіне қарай) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) «Банктік шот туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) ұсынатын екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Егер көрсеткіштің атауында басқа валютадағы құнды көрсету көзделмесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейін 2 (екі) таңбасы бар сан форматында, теңгемен (теңге баламасында) көрсетіледі. Банктік шоттар бойынша сыйақы мөлшерлемесі үтірден кейін 1 (бір) таңбамен көрсетілетін (дөңгелектеуді ескере отырып) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін қоспағанда, үтірден кейін көрсетілген 2 (екі) таңбасы бар (дөңгелектеуді ескере отырып) сан форматында жылдық пайыздық мөлшерлемесі түрінде көрсетіледі. Санның бөлшек бөлігін талап етілетін форматқа дейін дөңгелектеу мынадай түрде жүзеге асырылады: егер дөңгелектенетін үлес 5 (бестен) көп немесе оған тең болса, бөлшек бөліктің алдыңғы разряды 1 (біреуге) ұлғаяды, одан кейінгі барлық мәндер алынып тасталады; егер дөңгелектенетін үлес 5 (бестен) кем болса, бөлшек бөліктің алдыңғы разряды өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық мәндер алынып тасталады.
Тармақ 4
4. Нысанды толтыру кезінде кодтар белгіленген форматтағы көрсеткіштер түрінде банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған, ол арқылы Нысан ұсынылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ҚРҰБ ЦЖ) орналастырылған деректерді өңдеу үшін пайдаланылатын цифрлық ресурстардың (бұдан әрі – Деректердің жүйелік тізбесі) кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер: «КК.АА.ЖЖЖЖ.» форматында көрсетіледі, мұнда «КК» – күн, «АА» – ай, «ЖЖЖЖ» – жыл.
Тармақ 5
5. Егер Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, Нысанның көрсеткіштері толтырылуы міндетті.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанды толтыру кезінде мынадай Деректердің жүйелік тізбесі пайдаланылады: Валюта түрі; Мөлшерлеменің түрі; Өзгермелі мөлшерлеме индексінің атауы; Банктік шоттың нысаналы мақсаты.
Тармақ 7
7. Банктік шоттың ҚРҰБ ЦЖ-дағы және депозиттік тіркелімдегі банктік шот (салым) шартымен байланысы банктік шот (салым) шартының нөмірі және жасалған күні бойынша белгіленеді.
Тармақ 8
8. Белгілі бір көрсеткіш бойынша мәліметтер өзгерген кезде тиісті ақпарат есепті күні жаңартылуы тиіс.
Тармақ 9
9. 1-жолда банктік шот (салым) шартының нөмірі мен жасалған күні көрсетіледі. Депозиттік ұйым Нысандағы банктік шот (салым) шартының нөмірі мен жасалған күнінің Банктік шот (салым) шарты туралы есепте көрсетілген банктік шот (салым) шартының нөмірі мен жасалған күніне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бір банктік шот (салым) шарты бірнеше банктік шоттармен байланысты болуы мүмкін. Банктік шоттың бірнеше банктік шот (салым) шартымен байланысты болуына жол берілмейді.
Тармақ 10
10. 2-жолда ҚРҰБ ЦЖ-да және депозиттік тіркелімде банктік шоттың сәйкестендіргіші болып табылатын банктік шоттың референсі көрсетіледі. Инвестициялық депозиттер бойынша банктік шоттың референсі ретінде депозиттік ұйым өзінің банктік цифрлық жүйелерінде инвестициялық депозитті сәйкестендіру үшін пайдаланатын бірегей коды көрсетіледі. Депозиттік ұйым осы депозиттік ұйымда қызмет көрсетудің барлық кезеңдері үшін банктік шот референсінің не инвестициялық депозиттің бірегейлігі мен өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. 3, 4.1, 4.2, 8-жолдарда мәндер Деректердің жүйелік тізбесінен таңдап алынады.
Тармақ 12
12. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-жолдарда бір банктік шотқа кемінде бір өзекті мән сәйкес келеді.
Тармақ 13
13. 4.1, 4.2, 4.3, 4.4, 5-жолдар инвестициялық депозиттер бойынша толтырылмайды.
Тармақ 14
14. 3-жолда Деректердің жүйелік тізбесінен мәнді таңдап алу арқылы міндетті түрде банктік шот валютасының түрі көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 4.1-жолда мөлшерлеменің түрі көрсетіледі. Көрсеткіш банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы есептелетін банктік шот бойынша толтыру үшін міндетті.
Тармақ 16
16. 4.2 және 4.4-жолдарда өзгермелі индекстің атауын және өзгермелі мөлшерлеменің тіркелген спредін көрсету банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы есептелетін банктік шот үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 17
17. 4.3-жолда банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы есептелетін банктік шот үшін мөлшерлеме мөлшерін көрсету міндетті болып табылады.
Тармақ 18
18. 5-жолда сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеуде сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін көрсету банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы есептелетін банктік шот үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 19
19. 6 және 7-жолдарда банктік шоттағы ақша қалдығының сомасы оны ашқан кезде, банктік шот (салым) шартын ұзартқан кезде және банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі өзгерген кезде тиісінше көрсетіледі. Сома банктік шотты кейіннен толықтыруды есепке алмай көрсетіледі. Жаңа банктік шот ашуға алып келген тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы шеңберінде салымдарды басқаға беру және бөлу операциялары бойынша ашылған банктік шоттар бойынша салымдарды басқаға беру немесе бөлу кезіндегі шоттың сомасы көрсетіледі. Металл шот үшін орналастырылған металдың көлемі унциямен көрсетіледі. Егер банктік шот ақша салмай ашылса, онда шоттың сомасы «0» ретінде көрсетіледі. 6-жол ұлттық валютадағы банктік шоттар бойынша толтырылмайды. 7-жолда шетел валютасындағы салым бойынша ұлттық валютадағы соманың баламасы көрсетіледі; ұлттық валютадағы салым бойынша ұлттық валютадағы сома көрсетіледі. 7-жол бойынша сома шетел валютасымен операция жүргізілген күніне көрсетіледі. 6 және 7-жолдар ағымдағы шоттар бойынша, сондай-ақ банктік шотты (салым) ашу, ұзарту немесе банктік шот (салым) шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесін өзгерту күндері 2025 жылғы 1 қаңтардан бұрын болған шоттар бойынша толтырылмайды.
Тармақ 20
20. 8-жол банктік шотта Деректердің жүйелік тізбесінде көрсетілген нысаналы мақсаты болған кезде толтырылады.
Тармақ 21
21. 9-жолда нақты шот жабылатын күні көрсетіледі. Нақты банктік шот жабылатын күні банктік шот (салым) шарты жасалған күннен бұрын, есепті күннен кеш немесе соған ұқсас, банктік шот (салым) шарты жабылған күннен кеш болмауы тиіс.
Басқа 4
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: DR_BAT1 Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20__ жылғы «01» «________________» жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және Ұлттық пошта операторы (бұдан әрі – депозиттік ұйым). Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі: Жинау әдісі: электрондық түрде. № Көрсеткіштердің атауы Мәні 1 Банктік шоттың референсі 2 Есепті кезеңдегі түсімдер, теңгемен 2.1 Есепті кезеңдегі түсімдердің жалпы сомасы 2.2 Салымды ұзартқаннан кейін шотқа түскен түсімдер сомасы 2.3 Сыйақы мөлшерлемесі өзгергеннен кейінгі шотқа түскен түсім сомасы 2.4 Капиталдандырылған сыйақы сомасы 3 Есепті кезеңдегі шығынға жазу, теңгемен 3.1 Есепті кезеңдегі шығынға жазудың жалпы сомасы 3.2 Мерзімге сәйкес шотты (салымды) өтеу сомасы 3.3 Шотты (салымды) мерзімінен бұрын өтеу сомасы 4 Есепті кезеңнің соңындағы шоттың негізгі сомасының қалдығы, теңгемен/валютамен: 4.1 Баланстық шоттың нөмірі 4.2 Сомасы (теңгемен) 4.3 Сомасы (валютамен) 5 Есептi кезеңнің соңындағы есептелген сыйақы қалдығы, теңгемен/валютамен: 5.1 Баланстық шоттың нөмірі 5.2 Сомасы (теңгемен) 5.3 Сомасы (валютамен) 6 Сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруін ескере отырып, түсімдер сомасы бойынша мөлшерленген шот бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7 Шот бойынша ауыртпалықтың болуы 8 Есепті күн Атауы _________________________________________________________ Мекенжайы ____________________________________________________ Телефоны ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________ Орындаушы _______________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) телефоны Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам ___________________________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Күні 20__ жылғы «______» ______________ Ескертпе: нысан «Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады
Басқа 5. Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп (индексі – DR_BAT1, кезеңділігі – ай сайын)
«Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанына қосымша Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп (индексі – DR_BAT1, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) «Банктік шот бойынша операциялар туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысанға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті және оның құрамына енгізілген әрбір жеке есепті (бұдан әрі – есептілік) ұсынатын екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – депозиттік ұйым) басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген өзге де адам қол қояды.
Тармақ 3
3. Егер көрсеткіштің атауында басқа валютадағы құнды көрсету көзделмесе, Нысандағы құндық көрсеткіштер үтірден кейінгі 2 (екі) таңбалы сан форматында теңгемен (теңге баламасында) көрсетіледі. Шетел валютасындағы банктік шот бойынша есепті күнгі қалдық сомасы шетел валютасымен және теңге баламасында көрсетіледі. Шоттар (салымдар) бойынша сыйақы мөлшерлемелері дөңгелектеу ескеріле отырып, үтірден кейін 2 (екі) таңбаны көрсетіп, сан форматында жылдық пайыздық мөлшерлеме түрінде көрсетіледі. Санның бөлшек бөлігін қажетті форматқа дейін дөңгелектеу былай жүзеге асырылады: егер дөңгелектелген үлесі 5 (бестен) көп немесе оған тең болса, бөлшек бөлігінің алдыңғы разряды 1 (бірге) көбейеді, одан кейінгі барлық мәндер алып тасталады; егер дөңгелектелген үлесі 5 (бестен) аз болса, бөлшек бөлігінің алдыңғы разряды өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық мәндер алып тасталады.
Тармақ 4
4. Нысанды толтыру кезінде кодтар белгіленген форматтағы көрсеткіштер түрінде банктік шоттар (салымдар) бойынша есептілікті жинауға арналған, ол арқылы Нысан ұсынылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ҚРҰБ ЦЖ) орналастырылған деректерді өңдеу үшін пайдаланылатын цифрлық ресурстардың (бұдан әрі – Деректердің жүйелік тізбесі) кодтарына сәйкес көрсетіледі. Нысандағы күндер: «КК.АА.ЖЖЖЖ» форматында көрсетіледі, мұнда «КК» – күн, «АА» – ай, «ЖЖЖЖ» – жыл.
Тармақ 5
5. Егер Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, Нысанның көрсеткіштері толтырылуы міндетті.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанды толтыру кезінде Деректердің жүйелік тізбесі: «Баланстық шоттар (DEPOSIT)» пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Нысанда есепті кезеңдегі ақша қозғалысы туралы, депозиттік ұйымның банктік шоттар (салымдар) иелері (бұдан әрі – шот иесі) алдындағы міндеттемелерінің өзгергені және ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтер беріледі. Мәліметтер нөлдік қалдықтары және (немесе) нөлдік айналымдары бар банктік шоттарды қоса алғанда, есепті кезеңде ашылған және (немесе) есепті кезеңде қолданыста болған немесе қолданысын тоқтатқан барлық банктік шоттар бойынша ұсынылады. Нысанның көрсеткіштері бойынша мәліметтер есепті күні жаңартылуы тиіс. Депозиттік ұйым Нысанда көрсетілген банктік шот референсінің Банктік шот туралы есепте көрсетілген банктік шоттың референсіне сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. 1-жолда ҚРҰБ ЦЖ-да және депозиттік тіркелімде банктік шоттың сәйкестендіргіші болып табылатын банктік шоттың референсі көрсетіледі. Инвестициялық депозиттер бойынша банктік шоттың референсі ретінде депозиттік ұйым өзінің банктік цифрлық жүйелерінде инвестициялық депозитті сәйкестендіру үшін пайдаланатын бірегей коды көрсетіледі. Депозиттік ұйым осы депозиттік ұйымда қызмет көрсетудің барлық кезеңдері үшін банктік шот референсінің не инвестициялық депозиттің бірегейлігі мен өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. 2.1-жолда түсімдердің жалпы сомасы, оның ішінде есепті айдағы шот бойынша капиталдандырылған сыйақы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте берешекті өтеу мақсатында шот иесінің келісімінсіз бұрын есептен шығарылған шоттарға ақшаны қайтару көрсетілмейді.
Тармақ 10
10. 2.3, 2.4, 6-жолдар инвестициялық депозиттер бойынша толтырылмайды.
Тармақ 11
11. 2.2-жолда банктік салым шартының мерзімі ұзартылған сәтте болған банктік шоттағы сома есепке алынбай, салым мерзімі ұзартылған күннен кейінгі есепті ай үшін банктік шотқа түсімдер сомасы (капиталдандыруды қоспағанда) көрсетіледі. Есепті айда 1 (бір) реттен артық мерзімі ұзартылған салым бойынша (мерзімі қоса алғанда 1 (бір) айға дейінгі депозиттер) түсімдер сомасы мерзімін ұзарту сомасы есепке алынбай, есепті айда бірінші рет мерзімі ұзартылған күннен бастап көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 2.3-жолда сыйақы мөлшерлемесі өзгерген сәтте болған банктік шоттағы сома есепке алынбай, шот бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген күннен кейінгі есепті ай үшін банктік шотқа түсімдер сомасы (капиталдандыруды қоспағанда) көрсетіледі. Сыйақы мөлшерлемесі есепті айда 1 (бір) реттен артық өзгертілген шот бойынша түсімдер сомасы сыйақы мөлшерлемесі өзгерген сәтте болған шот сомасы есепке алынбай, есепті ай үшін сыйақы мөлшерлемесі бірінші өзгерген күннен бастап көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 2.2 және 2.3-жолдарда шотқа түсетін түсімдер сомасы бұрынғы оқиғаға сәйкес жолдардың біреуінде ғана көрсетілуі тиіс. Бір кезеңде сыйақы мөлшерлемесінің мерзімі ұзартылған және ол өзгерген жағдайда, түсімдер сомасы бұрынғы оқиғаға сәйкес келетін жол бойынша көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 2.4-жолда шот бойынша есепті ай үшін капиталдандырылған сыйақы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 3.1-жолда есепті кезеңдегі шот бойынша шығынға жазудың жалпы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 3.2-жолда Шарт мерзімінің аяқталуына байланысты есепті айда жабылған салымдарды өтеу сомасы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 3.3-жолда есепті айда мерзімінен бұрын жабылған салымдарды өтеу сомасы көрсетіледі. Тұрғын үй құрылыс жинақтары шеңберінде ашылған салымдар үшін 3.3-жолдағы көрсеткішке салымдарды басқаға беру немесе біріктіру нәтижесінде ақшаны шығынға жазу енгізіледі.
Тармақ 18
18. 3.2 және 3.3-жолдар шот (салым) шартының талаптары бойынша ағымдағы шоттар, талап етілгенге дейінгі салымдар және салым мерзімі аяқталған күні көрсетілмеген шартты салымдар бойынша толтырылмайды.
Тармақ 19
19. 4.1 және 5.1-жолдарда Деректердің жүйелік тізбесінен мәнді таңдау арқылы есепті күнгі жағдай бойынша шоттың негізгі сомасы мен есептелген сыйақы қалдығының сомасы есепке алынатын депозиттік ұйым балансы шоттарының нөмірлері көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 4.2 және 4.3-жолдарда тиісті валютадағы шоттың негізгі сомасының қалдық сомасы көрсетіледі. 4.3-жол ұлттық валютадағы банктік шоттар үшін толтырылмайды.
Тармақ 21
21. 5.2 және 5.3-жолдарда тиісті валютада есептелген сыйақы қалдығының сомасы көрсетіледі. 5.3-жол ұлттық валютадағы банктік шоттар үшін толтырылмайды.
Тармақ 22
22. 6-жолда есепті кезеңдегі сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі есепке алынып, шотқа нақты түсімдердің сомасы бойынша орташа өлшемді сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі. Есептеу үшін банктік шот (салым) шартында көрсетілген номиналды сыйақы мөлшерлемесі пайдаланылады.
Тармақ 23
23. Егер банктік шотқа (салымға) қатысты уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шығарылған шешімдері және (немесе) өкімдері, үшінші тұлғалардың банктік шоттан ақша алу туралы талаптары болса және (немесе) оның банктік шотындағы ақшаға тыйым салынса, 7-жолда міндетті түрде «1» мәні көрсетіледі.