О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – Тізбе).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 825
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2026 жылғы __ _______
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19616 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының азаматтарын Қарулы Күштерге келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесінде көзделген және бос болып табылатын лауазымға жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1048 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19755 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары бекітілсін.»;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31256 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қағидаларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне (бұдан әрі – ҚР ҚК) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау, әскери бөлімдер мен мекемелердің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмысын ұйымдастыру, кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу, әскери лауазымға тағайындау, оның ішінде бос әскери лауазымға уақытша тағайындау, келісімшарт жасау, оның ішінде әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен әскери қызмет мерзімін ұзарту кезінде келісімшарт жасау, ротациялау, әскери атақ беру және одан айыру, ҚР ҚК-ге әскери қызметке кірген құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерін қайта аттестаттау, аттестаттауды жүргізу тәртібі бөлігінде қолдануды нақтылайды.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеке құрам бойынша бұйрық – әскери қызметшінің қызметтік жағдайын айқындайтын және әскери атақ беруді және одан айыруды, әскери атақты төмендетуді және қалпына келтіруді, штаттық лауазымға тағайындауды, қызметі бойынша ауыстыруды, сондай-ақ өкімге қабылдауды, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не Қазақстан Республикасының азаматтарын офицерлер құрамының лауазымдарына және Қазақстан Республикасының азаматтарын қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымына уақытша тағайындауды, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасауды, әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) магистранттары, докторанттары мен адъюнкттері етіп қабылдауды, ӘОО-ларды және адъюнктураларды бітіруді, әскери қызметке запастан айқындауды, әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке айқындауды, әскери қызметтен шығаруды, әскери қызметте қалдыра отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға жіберуді, ҚР ҚК-ден Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына іссапарға жіберуді және олардан ҚР ҚК-ге қабылдауды, әскери қызметтен шығаруға (әскери жиындардың аяқталуына) байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ауысқан жағдайда резервтегі әскери қызметтті өткеріп жүрген ҚР ҚК әскери қызметшілерін резервтегі әскери қызметтен шығаруға байланысты ҚР ҚК әскери қызметшілерінің тізімінен шығаруды, әскери бөлім (мекеме) нақты атауының өзгеруіне байланысты лауазымдық жағдайды, сауалнама деректерінің өзгеруін ресімдейтін бұйрық;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. ҚР ҚК-ге келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау»;
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әскери қызметте тұрмайтын және ҚР ҚК-ге келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.
4. Қазақстан Республикасының азаматы өтінішпен бірге Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеуге жауапты әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) бөлімшесі өтінішті алған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1048 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидаларының 4-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19755 болып тіркелген) оларды қарауды жүзеге асырады.»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не Қазақстан Республикасының азаматтарын бос әскери лауазымға уақытша тағайындау»;
57, 58, 59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Офицер құрамының бос әскери лауазымына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелерін, бас басқармаларын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінің орталықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетін қоспағанда, бағынысында әскери қызметші болмаған жағдайда әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ тиісті құрамның әскери міндеттілері тағайындалады.
Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының бос әскери лауазымына лауазымға қажет білімі (негізгі орта білімі, орта білімі (жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік білімі) және орта білімнен кейінгі білімі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша тағайындалады.
58. Қазақстан Республикасының азаматтары офицер құрамының бос лауазымына уақытша тағайындауға ұсынылған кезде тиісті командир (бастық) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес бос лауазымға уақытша тағайындау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) қоса бере отырып, баянат жібереді.
59. Қазақстан Республикасының азаматтарын қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымына уақытша тағайындау олар әскери бөлімнің (мекеменің) жасақтау органына Құжаттар тізбесін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
60. Әскери лауазымға уақытша тағайындалған Қазақстан Республикасының азаматтары бұйрық шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде еңбек шартын жасайды.»;
ҚР ҚК-де әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 4
4. «Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың үлгілік нысанында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт
_______________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы азаматының әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),
_______________________________________________________________________________
туған жылы, айы және күні, жеке сәйкестендіру нөмірі)
және_____________________________________________________________________________
(уәкiлетті лауазымды адамның әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
арасында 3 (үш) жыл мерзімге жасалды.».
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. __________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы азаматының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ жалпыәскери жарғылардың талаптарын сақтауға;
2) осы келісімшартта белгіленген мерзім ішінде резервтегі әскери қызметті өткеруге;
3) жеке басының қауіпсіздігін және өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін жеке қорғану құралдарын мақсаты бойынша қолдануға және пайдалануға;
4) халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери бөлімдері мен бөлімшелері, біріккен (коалициялық) қарулы күштер құрамында қарулы жанжалға қатысуға;
5) резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт талаптарын сақтауға;
6) уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындауға;
7) өзіне сеніп тапсырылған қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдана білуге, оның сақталуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
8) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776қбп қаулысында белгіленген мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді жария етпеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді өзіне қабылдауға;
11) әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
12) әскери қызметшінің жеке мүддесі өзінің лауазымдық өкілеттіктерімен ұштасатын немесе оларға қайшы келетін жағдайда жазбаша түрде баянат беруге және командирді (бастықты) дереу хабардар етуге;
13) әскери қызмет мүддесiне нұқсан келтiретiн жария сөз сөйлеуге жол бермеуге;
14) командирді (бастықты):
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өзіне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті және (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша түрде дереу хабардар етуге;
15) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) келуге міндеттенеді.
3. _____________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы азаматының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебінен ақшалай төлеммен, заттай мүлікпен,жабдықталымның басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуге;
2) біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын ескеріп, қызметі бойынша жоғарылауға;
3) жоғары лауазымды адамдардың оларға қатысты қабылданатын шешімдері мен əрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сот тәртібімен шағымдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына оқуға түсуге, курстық даярлықтан, кəсіби даярлықтан, қайта даярлықтан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша оқуға түсуге;
5) денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сәйкес келетін қызмет жағдайларына;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
7) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан не дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өту кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін көзделген толық көлемде бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етілуге;
8) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде арнайы құралдарды, қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;
9) олардың құқықтарын, лауазымдық және арнайы міндеттерін айқындайтын құжаттармен танысуға;
10) жеке ісіне енгізгенге дейін олардың қызметтік ісі туралы пікірлермен және басқа да құжаттармен, жеке іс материалдарымен (мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер бар арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ жеке іске олардың жазбаша түсініктемелерін және басқа да құжаттар мен материалдарды тіркеп қосуға;
11) өзінің және өз отбасы мүшелерінің дербес деректерінің қорғалуына;
12) әскери қызмет ерекшеліктерін ескеріп, тиісті ұйымдық-техникалық және санитариялық жағдайға;
13) жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезінде тамақтануға;
14) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда болған кезеңде түскі аспен қамтамасыз етілуге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, өз құқықтары мен өзінің отбасы мүшелері құқықтарының сақталуына құқылы.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тараптардың қолтаңбалары
__________________________________
__________________________________
(уәкiлетті орган лауазымды адамының әскери
атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________________________
(жеке қолтаңбасы)
М.О.
20____ жылғы «__»____________
________________________________
________________________________
(Қазақстан Республикасы азаматының
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
________________________________
(жеке қолтаңбасы)
20____ жылғы «__» ____________»
»
Басқа 1.1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары
Тізбеге 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1048 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасыныңазаматтары қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әскери қызметте тұрмайтын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасыныңазаматтары жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасыныңазаматы өтінішпен біргеҚазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) 21-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасыныңазаматтарын келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеуге жауапты әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) бөлімшесі өтінішті алған кезде үш жұмыс күні ішінде қоса берілетін құжаттардың толықтығы мен түпнұсқалығын тексереді және ұсынылатын құжаттар Әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда өтініші тіркелген және қарауға қабылданған және осы уақыттан бастап келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидат (бұдан әрі – кандидат) болып табылатын Қазақстан Республикасыныңазаматына кемшіліктерді жою үшін бес жұмыс күн уақыт бере отырып, оларды толықтыру қажеттілігін көрсетеді.
Тармақ 5
5. Бес жұмыс күні ішінде қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда немесе кандидат «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде оған шағым беру құқығы түсіндіріліп, негізделген және дәлелді жазбаша жауаппен құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Тармақ 6
6. Құжаттарды зерделеу қорытындысы бойынша, бірақ кандидаттың өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) басшысы кандидаттың материалдарын одан әрі қарау үшін іріктеу комиссиясына жібереді.
Басқа 1.2. Өтініш
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріне келісімшарт
бойынша әскери қызметке
кіру үшін Қазақстан Республикасы
азаматтары қатарынан
кандидаттардың өтініштері мен
құжаттарын қарау
қағидаларына
қосымша
(Кімге) _______________________
жергілікті әскери басқару
органының (ҚІБ, ҚІББ ) басшысы
әскери бөлім командирі
(мемлекеттік мекеменің басшысы)
(кімнен) ______________________
Қазақстан Республикасы азаматының
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
туған жылы,күні, айы,
____________________________
тұрғылықты жері
Өтініш
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша ___________ жыл мерзімге әскери қызметке кіру және
________________________________________________________________________________
(лауазым атауы, әскери бөлім (мемлекеттік мекеме)
бос әскери лауазымына тағайындау үшін менің құжаттарымды қабылдауыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеуден өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым және оларды орындауға міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағына сәйкес осы өтінішке қоса ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.
Қосымша: ______________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________
қолы, күні
Басқа 2. Өтініш
Тізбеге 2-қосымша
ҚР ҚК-да әскери қызмет өткеру
қағидаларын қолдану жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
(Кімге) _____________________
жергілікті әскери басқару
органының (ҚІБ, ҚІББ) басшысы,
әскери бөлімнің (мекеменің)
командирі (бастығы)
(кімнен) ____________________
Қазақстан Республикасы
азаматының тегі, аты және
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
туған жылы, күні, айы
____________________________
тұрғылықты жері
Өтініш
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына (40-1) сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне_____ жыл мерзімге келісімшарт бойынша әскери қызметке (резервтегі әскери қызметке) кіру және
____________________________________________________________________
(лауазымның атауы, әскери бөлім (мекеме)
бос әскери лауазымына тағайындау үшін менің құжаттарымды қабылдауыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке (резервтегі әскери қызметке) кіру үшін кандидаттарды іріктеуден өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағына сәйкес осы өтінішке қоса ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.
Қосымша:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________
қолы, күні