О внесении изменений в некоторые приказы Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Басқа 1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 27 шілдедегі № 147 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларында: 2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12. астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының қауіпті қалдықтарды басқаруы – сот шешімімен иесіз деп және коммуналдық меншікке түсті деп танылған астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы жүзеге асыратын қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шаралар;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес аумақтық орган немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) өз аумағындағы иесіз қалдықтарды анықтайды.».
Тармақ 2
2. «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесінде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Халық үшін ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті (бұдан әрі – тариф) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Әдістемеге сәйкес әзірлейді және тиісті жергілікті өкілдік органдарға бекітуге ұсынады.».
Тармақ 3
3. «Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25562 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарда: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, орталықтандырылған жүйені:».
Тармақ 4
4. «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларында: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі – ҚТҚ) жинаудың орталықтандырылған жүйесін Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын ҚТҚ нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) (бұдан әрі – конкурс (тендер)) өткізу арқылы ұйымдастырады.»; Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларының қосымшасының 1.1.8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1.1.8. тапсырыс беруші – өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган;».