О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихаты
Басқа 7. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі 2026 жылғы 28 шілдедегі № 187 қаулысына қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5754 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 119 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7388 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 108 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7526-15 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 320 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындығы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 273 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7639-15 болып тіркелген).