Об утверждении Правил лицензирования деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", " Лицензиялау туралы ", " Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметін мемлекеттік реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензия беру тәртібі мен талаптарын бекіту туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 293 қаулысы күшін жойды деп танылған күннен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық бөлігі және нормативтік құқықтық актілері өзінің күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, өзін өзі реттеуші ұйымдар мен "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 5
5. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 373 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48, 50-баптарына , "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес әзірленген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беруінің шарттары мен тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
1-тарау. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алудан үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгіленген үлгідегі өтінішті;
Тармақша 2
2) лицензиялау алымының бюджетке төленгендігін растайтын құжатты;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
Тармақша 4
4) статистикалық карточканың көшірмесін;
Тармақша 5
5) жарғының оған енгізілген өзгерістері мен толықтыруларын қосқандағы (ондай болған жағдайда) нотариат куәландырған көшірмесін;
Тармақша 6
6) бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімін және мұндай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
Тармақша 7
7) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес акционерлер туралы мәліметтерді (қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар үшін, - өтініш берушінің ірі акционерлері туралы мәліметтерді);
Тармақша 7-1
7-1) бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, бастапқы бағалы қағаздар рыногында сатып алынған өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы айдың аяғындағы өтініш берушінің акционер заңды тұлғаларының меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есепті (көрсетілген талап мемлекет атынан акционерлерге қолданылмайды);
Тармақша 8
8) алынып тасталды ;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, басқарушы қызметкерлермен келісу үшін ұсынылатын құжаттарды.
Қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар өтініш берушілер басшы қызметкерлердің уәкілетті органмен жасалған келісімін растайтын құжатты береді;
Тармақша 10
10) қызметкерлердің фамилиялары, аттары және болған жағдайда әкесінің аттары, олардың атқаратын қызметтері көрсетіле отырып штаттық кестенің көшірмесін;
Тармақша 11
11) Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру функциясы жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер;
Тармақша 11-1
11-1) ішкі аудит қызметі туралы ережені;
Тармақша 11-2
11-2) құрамы туралы мәліметтерді (инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алуға үміткер өтініш берушілер үшін) қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені;
Тармақша 12
12) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге де құрал-жабдыққа қойылатын талаптарды орындайтындығын растайтын құжаттар;
Тармақша 13
13) өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік балансты;
өтініш беруші басқармасының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара атқаратын тұлға) және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жыл үшін қаржылық есебін.
Осы тармақшаның талаптары қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар өтініш берушілерге қолданылмайды;
Тармақша 14
14) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті.
Тармақша 15
15) (алынып тасталды)
Тармақ 2
Тармақ 1-1
1-1. Осы Ереженің 1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптар заңды тұлғаны соңғы ұсынған күннен бастап ол туралы мәліметтер өзгерген жағдайдан басқа жағдайда уәкілетті органға аталған құжаттарды осының алдында ұсынған өтініш иелеріне таратылмайды. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға берілген өтініште уәкілетті органға осының алдында берілген құжаттар туралы деректер (жіберілетін құжат күні, нөмірі), сондай-ақ оларды ұсыну негіздемелері көрсетіледі.
Тармақ 2
2. алынып тасталды
Тармақ 3
3. алынып тасталды
Тармақ 3-1
3-1. алынып тасталды
Тармақ 4
4. Осы Ереженің 1-тармағында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар номерленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне өтініш берушінің жартылай басылған мөрімен куәландырылып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш берушінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Өтініш берушінің қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда, мұндай өтініш беруші бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түріне лицензия алу мақсатында уәкілетті органға осы Ереженің 1-тармағының 1), 2), 6), 7), 9)-13) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган лицензия алуға ұсынылған құжаттарды "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарайды.
Тармақ 7
7. Лицензия алуға ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес лицензия беріледі.
Тармақ 8
8. Лицензия өтініш берушінің басқармасының бірінші басшысына немесе сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негіздемелер бойынша уәкілетті орган лицензия беруден бас тартады. Бұл ретте өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Тармақ 10. 2-тарау. Қорытынды ережелер
10. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға осы Ереженің 1-тармағының 3)-12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген лицензия алуға берілген өтініште көрсетілген мекен-жай өзгерген жағдайда, сондай-ақ мұндай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер мен толықтыруларды ұсынады.
2-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган берілген, кері шақырылған және уақытша тоқтатылған лицензияларды есепке алады.
Тармақ 11-1
11-1. Уәкілетті орган лицензияны беру, қайтарып алу, тоқтату және жаңарту туралы ақпаратты оны уәкілетті органның ресми web-сайтында не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша орналастыру арқылы ашып көрсетеді.
Тармақ 12
12. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Басқа 1-1. Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар рыногындағы
қызметті лицензиялау
ережесіне 1-қосымша
Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(заңды тұлға үшін)
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің акционері (қатысушысы)__________________________
__________________________________________________________________
(толық атауы)
Орналасқан жері __________________________________________________
__________________________________________________________________
(почталық индексі, мекен-жайы)
Байланысу деректемелері __________________________________________
__________________________________________________________________
(телефоны мен факсінің номері, болған жағдайда электронды
почтасының мекен-жайы)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ___________________
__________________________________________________________________
(құжаттың атауы, номері мен берілген күні, кім берген)
Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес _________________
Қызметінің негізгі түрі ______________________________________________
__________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің акционерге тиесілі дауыс беретін акциялар
санының өтініш берушінің дауыс беретін акцияларының жалпы санына
проценттік арақатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына
қатысу үлесі_______________________________________________________
3. Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) қатысушы,
акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне
қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғалардың толық атауы мен
орналасқан жерін көрсете отырып:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) дауыс беретін
акцияларының он және одан да артық процентіне немесе өтініш беруші
акционерінің (қатысушысының) жарғылық капиталында оның жарғылық
капиталының он және одан да артық процентін құрайтын үлеске) ие
өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) қатысушылары,
акционерлері (қатысушысы) туралы мәліметтер:
Атауы/ фамилиясы,
аты және болған
жағдайда әкесі-
нің аты
Орналасқан жері/
тұрғылықты орны
(Қазақстан Республи-
касының резиденті/
резиденті емес)
Дауыс беруші
акциялар %
немесе жар-
ғылық капи-
талдағы
үлесі
Қызме-
тінің
негізгі
түрі
5. Өтініш берушінің акционері (қатысушысы) қатысатын
өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер,
қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер, ұйымдардың толық
атауы, орналасқан орны көрсетіле отырып______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6. Өтініш беруші акционердің (қатысушының) осы сауалнаманың
3-5 тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес сондай болып табылатын басқа да
аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер ___________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) басшысы туралы
мәліметтер:
___________________________________________________________________
(фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты)
"___" _________ 20__жыл.
Өтініш беруші акционері (қатысушы) басшысының қолы___________________
мөр орны
Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
(жеке тұлға үшін)
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
1. Өтініш берушінің акционері (қатысушысы)_____________________________
(фамилиясы, аты, болған жағдайда әкесінің аты)
Туылған күні, жылы __________________________________________________
Азаматтығы ________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері _________________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, номері, сериясы, берілген күні, кім берген)
Тұрғылықты жері ____________________________________________________
___________________________________________________________________
(почталық индексі, мекен-жайы)
Байланысу деректемелері ____________________________________________
___________________________________________________________________
(телефонының номері, электронды почтасының мекен-жайы)
Жұмыс орны (мекен-жайымен), қызметі ________________________________
___________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің акционерге тиесілі дауыс беретін акциялар
санының өтініш берушінің дауыс беретін акцияларының жалпы санына
проценттік арақатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына
қатысу үлесі________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) қатысушы,
акционер ретінде өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне
қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғалардың толық атауы мен
орналасқан жерін көрсете отырып:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) осы
сауалнаманың 3-5 тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес сондай болып табылатын басқа да
аффилирленген тұлғалары туралы мәліметт_____________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
"___" _________ 20__жыл
Өтініш беруші акционерінің акционерінің қолы___________________________
Басқа 1-2
Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар рыногындағы
қызметті лицензиялау
ережесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
ЛИЦЕНЗИЯ
___________________________________________________________
(бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрінің атауы)
Лицензия номері ________________ 20__ жылғы "___"____________
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның толық атауы)
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензия басқа біреуге берілмейтін, яғни лицензиаттың басқа жеке
және заңды тұлғаға бермейтін құжаты болып табылады.
Уәкілетті органның басшысы
(басшының орынбасары) _____________________________________
(басшының (басшы орынбасарының)
фамилиясы, инициалдары)
Мөр орны
Алматы қаласы
Басқа 2. Күші жойылған деп танылған нормативтік құқықтық
актілердің және нормативтік құқықтық актілердің
құрылымдық бөліктерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы
N 373 қаулысына 2-қосымша
Күші жойылған деп танылған нормативтік құқықтық
актілердің және нормативтік құқықтық актілердің
құрылымдық бөліктерінің тізбесі
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерін лицензиялау тәртібі туралы" 1997 жылғы 29 қыркүйектегі N 152 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 390 және N 391 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, ІІ том, 1998 жыл; "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының "Рынок және құқық" қосымшасы, 1999 жыл, N 7 (8); Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағы, 2001 жыл, ІV том);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 528 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында, ІІ том, 1998 жыл және "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының "Рынок және құқық" қосымшасында жарияланған, 2000 жыл, N 2(3);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысы 1-тармағының 1), 4), 5), 7) тармақшалары (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 782 тіркелген, жарияланған жоқ);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1074 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағы, 2001 жыл, ІV том);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1254 тіркелген, жарияланған жоқ);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 90 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1339 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағы, 2001 жыл, ІV том);
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1515 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының "Рынок және құқық" қосымшасында жарияланған, 2001 жыл, N 5(12);
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1339 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 90 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 132 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2311 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" журналының N 11 басылымында 2003 жылғы 19 мамырда - 1 маусымда жарияланған);
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2397 тіркелген, "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" журналында жарияланған, 2003 жыл, N 15);
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 350 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2551 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2003 жылғы 13 желтоқсанда N 358-359 (24298-24299) және "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" журналында жарияланған, 2003 жыл, N 23);
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 389 тіркелген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының, биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының қызметтерін лицензиялаудың тәртібі туралы" 1997 жылғы 29 қыркүйектегі N 152 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 415 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2622 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2003 жылғы 31 желтоқсанда N 370 (24310) және "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" журналында 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда жарияланған, N 26 (274);
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 528 тіркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде инвестициялық қорлардың қызметін лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтерді есептеудің және қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 380 тіркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" 1997 жылғы 26 маусымдағы N 90 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 256 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3098 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған, N 11 (11)/2004 жыл);
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 530 тіркелген 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 "Бағалы қағаздардың портфелін басқару қызметін лицензиялау Ережелерін, бағалы қағаздар портфелін басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 267 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3200 тіркелген, жарияланған жоқ).