Об утверждении Требований к содержанию плана восстановления финансовой устойчивости банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, а также правил и сроков его представления в уполномоченный орган Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 шілдедегі № 108 қаулысымен бекітілген Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының (бұдан әрі – қалпына келтіру жоспары) мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар), сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 88-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Талаптарда Банктер туралы заңда, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) аса маңызды банк операциялары және өзге де операциялар – Банктер туралы заңның 22-бабына сәйкес айқындалған, оларды тоқтату немесе бұзу банктің депозиторларының, өзге кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтарына және заңды мүдделеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығына айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін банк қызметінің түрлері және банк операциялары;
Тармақша 2
2) ерте белгілер – қаржылық-экономикалық және өзге де көрсеткіштердің (сандық және сапалық) мәндеріне сәйкес айқындалатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілеріне қол жеткізгенге дейін банктің қаржылық орнықтылығының нашарлау ықтималдығын куәландыратын көрсеткіштердің мәндері;
Тармақша 3
3) идиосинкразиялық оқиға – нақты банк не Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қызметінің ішкі факторларына негізделген, қаржы жүйесінің немесе макроэкономикалық ортаның жай-күйіне қарамастан, оның қаржылық орнықтылығына елеулі ықпал етуге қабілетті оқиға;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 3
3. Қалпына келтіру жоспары төмендегілерге:
Тармақша 1
1) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіруге, оның ішінде дағдарысты жағдайларда банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін және өтімділігін қалпына келтіруге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіруге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерві ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мөлшерінің жеткіліктілігін қалпына келтіруге;
Тармақша 3
3) қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін уақтылы анықтауды және ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыру үздіксіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) банкке реттеу режимін қолдану, оны мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату ықтималдығын төмендетуге және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру үшін мемлекеттік қаражатты пайдалануды көздемеуі тиіс;
Тармақша 6
6) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы кредиторларының және (немесе) клиенттерінің сенімін қолдауға бағытталған.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қалпына келтіру жоспарының тиімділігін, оның ішінде жоспарда көзделген шаралардың: банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру үшін жеткілікті болатынын; банк айқындайтын стресс-тестілеу сценарийлері шеңберінде іске асырылуы, уақтылылығы және қолданылуы тұрғысынан бағалайды.
Тармақ 5
5. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қалпына келтіру жоспары он екі айдан асатын іске асыру мерзімін көздей алмайды.
Тармақ 6
6. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері оларға қол жеткізу банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін қолдану үшін негіз болып табылатын уәкілетті органның қаржы-экономикалық және өзге де көрсеткіштердің (сандық және сапалық) мәндеріне сәйкес айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Қалпына келтіру жоспарын ұсыну тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Қалпына келтіру жоспарын ұсыну тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 7
7. Қалпына келтіру жоспары есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша ақпарат негізінде қалыптастырылады және жыл сайын өзектендіруге жатады. Қалпына келтіру жоспарын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органға алдын ала қарау үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады. Қалпына келтіру жоспары өзектендірілуге және мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға ұсынылуға тиіс:
Тармақша 1
1) банктің ірі қатысушыларының және (немесе) банк холдингтерінің құрамының өзгеруі (банк үшін қолданылады);
Тармақша 2
2) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер ете алатын және (немесе) басқа себептер бойынша қалпына келтіру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігіне әкелетін жүзеге асырылатын банк қызметі түрлерінің және (немесе) ауқымының өзгеруі, оның ішінде базалық лицензиясы бар банктің әмбебап банк лицензиясы бар банкке өтуі (қайта ресімделуі).
Тармақ 8
8. Қалпына келтіру жоспарын (оның ішінде уәкілетті органның ескертулері және (немесе) ұсыныстары ескеріле отырып жаңартылған және (немесе) пысықталған) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына ескертулердің бар не жоқ екендігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның ескертулері және (немесе) ұсыныстары болған жағдайда банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қалпына келтіру жоспарын пысықтауды қамтамасыз етеді және хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей оны уәкілетті органға қайта ұсынады. Уәкілетті органының ескертулері болмаған жағдайда банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қалпына келтіру жоспарын банктің ірі қатысушыларымен және (немесе) банк холдингімен (болған жағдайда) келісуді және тиісті хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны банктің басқарушы органының бекітуін қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Қалпына келтіру жоспарының мазмұны
3-тарау. Қалпына келтіру жоспарының мазмұны
Тармақ 10
10. Қалпына келтіру жоспары мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) қалпына келтіру жоспарының құрылымы мен негізгі бөлімдерін қоса алғанда, оның қысқаша сипаты;
Тармақша 2
2) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ағымдағы жай-күйін бағалау;
Тармақша 3
3) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерін анықтау және ерте ден қою тетіктері;
Тармақша 4
4) Талаптардың 19, 20, 21, 22 және 24-тармақтарында көзделген шараларды қоса алғанда, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралардың сипаты;
Тармақша 5
5) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау және қалпына келтіру белгілері анықталған кезде банктің іс-қимыл тәртібінің сипаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру үшін жауапты басшы қызметкерлерді бекіту;
Тармақша 6
6) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралардың ықпалы мен іске асырылуын бағалау.
Тарау 4. 4-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жай-күйін бағалау
4-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жай-күйін бағалау
Тармақ 11
11. Қалпына келтіру жоспары мыналарды қамтитын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жай-күйін бағалаудан тұруы тиіс: бизнес-модельдің сипаты және қызметінің негізгі бағыттары; тәуекелдердің шоғырлануын, қорландырудың жекелеген көздеріне тәуелділікті және нашарлауы банктің қаржылық орнықтылығының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін қызметтің өзге де жағдайларын қоса алғанда, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына әсер ететін факторлар туралы ақпарат; банктің еншілес ұйымдарының және (немесе) банк капиталына елеулі қатысатын ұйымдардың қызметі туралы ақпарат; топішілік операцияларды және тәуекелдерді бөлуді қоса алғанда, банктің еншілес ұйымдарымен және (немесе) банк капиталына елеулі қатысатын ұйымдармен негізгі қаржылық, операциялық және өзге де өзара байланыстар туралы ақпарат; оларды айқындау тәртібі мен өлшемшарттарын қоса алғанда, аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың түрлерінің сипаты.
Тармақ 12
12. Қалпына келтіру жоспары банктің, оның еншілес ұйымдарының және капиталына банктің елеулі қатысуы бар ұйымдардың қызметіндегі өзгерістер, сондай-ақ бұрынғы қалпына келтіру жоспары ұсынылғаннан кейін болған және банктің қаржылық орнықтылығына әсер етуі мүмкін қалпына келтіру жоспарын (бар болса) өзектендіру кезінде ескерілетін қаржы секторы мен макроэкономикалық ортадағы өзгерістер туралы ақпаратты қамтиды.
Тарау 5. 5-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерін анықтау және ерте ден қою тетіктері
5-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерін анықтау және ерте ден қою тетіктері
Тармақ 13
13. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қызметінің тәуекелдер бейінін, мөлшерін, күрделілігі мен ауқымын ескере отырып, қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін ерте сатыда анықтауға бағытталған ерте ден қою тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес ерте ден қою тетіктері шеңберінде анықталатын ерте белгілердің мәндерін қоса алғанда, қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің (сандық және сапалық) тізбесін қалыптастырады және ұсынады.
Тармақ 15
15. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін, олардың шекті мәндерін, сондай-ақ ерте белгілердің мәндерін анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің тұрақты негізде мониторингін қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органға қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің нақты мәндері туралы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынады.
Тарау 6. 6-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру және қолдау шаралары оның ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігін, өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған және өзге де шаралар
6-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру және қолдау шаралары оның ішінде меншікті капиталдың жеткіліктілігін, өтімділікті қамтамасыз етуге бағытталған және өзге де шаралар
Тармақ 17
17. Қалпына келтіру жоспары меншікті капиталдың (банктер үшін) жеткіліктілігін, өтімділікті қалпына келтіру және қолдау шараларын, сондай-ақ банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкің филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды қоса алғанда, банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешенін көздейді.
Тармақ 18
18. Банк, банктің ірі қатысушылары, банк холдингтері (бар болса) қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі қабылдайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар.
Тармақ 19
19. Ірі қатысушы, банк холдингі (бар болса) оны қосымша капиталдандыру есебінен банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін қалпына келтіру және қолдау шаралары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асыратын ірі қатысушыны, банк холдингін (бар болса) көрсету; ірі қатысушының, банк холдингінің банкті қосымша капиталдандыру мөлшері (сомасы) (бар болса); ірі қатысушының, банк холдингінің (бар болса) банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру тәсілдері (жарғылық капиталға ақша қаражатын енгізу, қосымша эмиссия акцияларын сатып алу); ірі қатысушының, банк холдингінің (бар болса) қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің шекті мәндеріне (сандық және сапалық) жеткен күннен бастап банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру мерзімдері; ірі қатысушыда, банк холдингінде (бар болса) қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру үшін қаржылық мүмкіндіктердің болуы туралы мәліметтер; ірі қатысушының, банк холдингінің банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асыру жөніндегі талаптарды және (немесе) міндеттемелерді көздейтін келісімдердің не өзге де құжаттардың болуы туралы мәліметтер.
Тармақ 20
20. Акцияларды, борыштық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын шығару және (немесе) орналастыру арқылы Банк қабылдайтын меншікті капиталдың жеткіліктілігін қалпына келтіру және қолдау шаралары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: көрсетілген шаралар шеңберінде тартылатын қаражаттың мөлшері (сомасы); индикаторлардың тиісті шекті мәндеріне қол жеткізілген күннен бастап көрсетілген шараларды іске асыру мерзімдері; акцияларды, борыштық бағалы қағаздарды, сондай-ақ өзге де қаржы құралдарын шығару және орналастыру тәртібін қоса алғанда, көрсетілген шараларды іске асыру тәртібінің сипаттамасы.
Тармақ 21
21. Банктің өтімділігін қалпына келтіру және қолдау шаралары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: банкаралық нарықта қаражат тартуды, репо операцияларын жасауды, ірі қатысушылардан, банк холдингтерінен (бар болған жағдайда) және (немесе) өзге акционерлерден, инвесторлардан қаражат алуды, активтерді сатуды, ал өзге де қолжетімді нарықтық құралдарды пайдалануды қоса алғанда, өтімділікті қалпына келтіру көздері; тиісті шаралар шеңберінде тартылатын өтімділіктің мөлшері (сомасы); индикаторлардың шекті мәндеріне қол жеткізілген күннен бастап өтімділікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру мерзімдері; өтімділікті тарту, активтерді сату шарттары мен тетіктерін қоса алғанда, шараларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ банктің өтімділікті тарту үшін қамтамасыз етуді ұсынуын сипаттау (бар болған жағдайда); тиісті келісімдермен, ірі қатысушының, банк холдингінің және (немесе) өзге акционерлердің міндеттеме-хаттарымен, қамтамасыз ету ретінде пайдалануға жарамды активтердің болуымен, сондай-ақ өзге де құжаттармен (бар болған жағдайда) расталатын көрсетілген өтімділік көздерінің қолжетімділігі мен іске асырылуы туралы мәліметтер.
Тармақ 22
22. Банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар: дивидендтер төлеуді, акцияларды кері сатып алуды және банктің пайдасын бөлудің өзге де нысандарын қолдануды шектеуді немесе одан бас тартуды қоса алғанда, таза пайданы ұстап қалуды; банктің қызметін қайта құрылымдауды және активтерді сатуды қоса алғанда, қабылданатын тәуекелдер мен борыш жүктемесі деңгейін төмендетуді; банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру мақсатында міндеттемелерді ерікті түрде қайта құрылымдауды көздейді. Көрсетілген шаралар тартылатын қаражаттың көлемін (бар болған жағдайда), оларды іске асыру мерзімдері мен тәртібін айқындаумен, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен іске асырылуы туралы тиісті құжаттармен расталатын мәліметтермен қатар жүреді.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын қалпына келтіру жоспары Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерві ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы активтерінің мөлшерінің жеткіліктілігін қалпына келтіру жөніндегі шараларды көздеуге тиіс. Көрсетілген шаралар тартылатын қаражаттың көлемін (бар болған жағдайда), оларды іске асыру мерзімдері мен тәртібін айқындаумен, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен іске асырылуы туралы тиісті құжаттармен расталатын мәліметтермен қатар жүреді.
Тармақ 24
24. Талаптардың 19, 20, 21 және 22-тармақтарында көзделмеген өзге де шаралар болған кезде банк қаржылық орнықтылықты, капитал жеткіліктілігін және өтімділікті қалпына келтіру мақсатында олардың мазмұнын, іске асыру тетіктерін және қолдану шарттарын көрсете отырып, оларды қалпына келтіру жоспарына енгізуді көздейді.
Тарау 7. 7-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының белгілері анықталған және оны қалпына келтірген кездегі банктің іс-қимылының сипаты
7-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының белгілері анықталған және оны қалпына келтірген кездегі банктің іс-қимылының сипаты
Тармақ 25
25. Қалпына келтіру жоспары мерзімдер мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып мынадай іс-қимыл тәртібінің сипаттамасын қамтиды: қаржылық орнықтылықтың нашарлауының белгілерін анықтау үшін пайдаланылатын ерте белгілердің мәндеріне және көрсеткіштердің шекті мәндеріне қол жеткізуге ден қою; банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелері арасында функциялар мен жауапкершілікті бөлуді қоса алғанда, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру; қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру барысында уәкілетті органмен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау.
Тармақ 26
26. Ерте белгілерге қол жеткізген кезде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ерте ден қою тетіктері шеңберінде алдын алу шараларын дербес қабылдайды. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржылық орнықтылықтың нашарлауының белгілерін анықтау үшін пайдаланылатын ерте белгілердің мәндеріне қол жеткізуге ден қою тәртібін айқындайды, ол мыналарды қамтуға, бірақ онымен шектелмеуге тиіс: көрсеткіштердің қол жеткізілген мәндері мен серпіні туралы мәліметтерді ұсына отырып, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерді хабардар ету; көрсеткіштердің серпінін талдауды және қолданылатын қалпына келтіру шараларын алдын ала бағалауды ұсына отырып, банктің атқарушы органын хабардар ету; ерте ден қою тетіктері шеңберінде алдын алу шараларын қолдану.
Тармақ 27
27. Қаржы-экономикалық және өзге де көрсеткіштердің (сандық және сапалық) шекті мәндеріне қол жеткізу уәкілетті органның банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін қолдануы үшін негіз болып табылады. Шекті мәндерге қол жеткізуге ден қою тәртібін банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы айқындайды және мыналарды көздеуге, бірақ олармен шектелмеуге тиіс: қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерді хабардар ету; банктің атқарушы органының қалыптасқан жағдайды қарауы және қалпына келтіру жоспарында көзделген шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау; қалпына келтіру жоспары шеңберінде іске асыруға ұсынылатын шаралар тізбесін қоса бере отырып, көрсеткіштердің шекті мәндеріне қол жеткізу фактісі туралы уәкілетті органды хабардар ету.
Тармақ 28
28. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтiру бойынша шараларды iске асыру кезiндегi банктiң iс-қимыл тәртiбiне мыналар кiредi, бiрақ олармен шектелмейдi: банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруға жауапты басшы қызметкерлерді бекіту; қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру мерзімдерін белгілеу; қалпына келтіру шараларында көзделген ақшалай ресурстарды тарту; стресс жағдайында банктің операциялық үздіксіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде: қаржы нарықтарының инфрақұрылымына қол жеткізу (клиринг, есеп айырысу, төлемдер және өзге де қызметтер); ішкі ресурстар мен ақпараттық жүйелердің болуы және қолжетімділігі; аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың орындалуын қамтамасыз ету; банктің құрылымдық бөлімшелері арасында функциялар мен жауапкершілікті бөлу; қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру үшін қажетті банктің құрылымдық бөлімшелері, банктің басқару органдары, уәкілетті орган және өзге де мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу.
Тармақ 29
29. Қалпына келтіру шараларын іске асырған кезде банк, уәкілетті орган мен өзге де мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) ірі қатысушыларды, банк холдингтерін (бар болса), кредиторларды, операциялар бойынша контрагенттерді, уәкілетті органды қоса алғанда, хабардар етілуге тиіс мүдделі тараптардың тізбесі;
Тармақша 2
2) мүдделі тараптардың әрқайсысына ұсынылатын ақпараттың кезеңділігі мен сипатын көрсете отырып, сондай-ақ банктің қаржылық орнықтылығы үшін теріс салдарға әкеп соғуы мүмкін мәліметтердің алдын ала таралуына жол бермеуді ескере отырып, іске асырылып жатқан қалпына келтіру шаралары туралы ақпаратты ашу тәртібі;
Тармақша 3
3) банктің қаржылық жағдайы және қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы қарама-қайшы немесе келісілмеген хабарларды болдырмау мақсатында мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауға жауапты басшы қызметкерді тағайындау және бірыңғай коммуникация арнасын айқындау.
Тарау 8. 8-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралардың әсері мен іске асырылуын бағалау
8-тарау. Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралардың әсері мен іске асырылуын бағалау
Тармақ 30
30. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы стресс-тестілеу негізінде қалпына келтіру шараларының әсерін (қаржылық және экономикалық әсер) бағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы жүйелік, идиосинкразиялық және құрамдастырылған оқиғаларға негізделген стресс-тестілеу сценарийлерін айқындайды.
Тармақша 1
1) жүйелік оқиғалар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: банктің, Қазақстан Республикасы бейрезиденті банкі филиалының қаржылық орнықтылығына жүйелі ықпал етуге қабілетті қаржы нарығының бір немесе бірнеше ірі қатысушысының дефолты; банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуі мүмкін банкаралық нарықтағы өтімділіктің азаюы; борыш нарығы, валюталық және тауар нарықтарын қоса алғанда, банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуі мүмкін қаржы нарықтарындағы активтер құнының нашарлауы; макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы.
Тармақша 2
2) идиосинкразиялық оқиғалар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді: банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы контрагенттерінің банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуге қабілетті дефолты; банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының не банктің еншілес ұйымдарының және (немесе) банктің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдардың (бар болған жағдайда) олардың қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуі мүмкін бедел тәуекелін іске асыру; банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуге қабілетті өтімділіктің кетуі; банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, сондай-ақ банк тобы ұйымдарының олардың қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуге қабілетті активтері құнының төмендеуі; банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына теріс әсер етуі мүмкін операциялық шығындар.
Тармақ 32
32. Әрбір стресс-тестілеу сценарийі мына өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
Тармақша 1
1) қалпына келтіру шараларын іске асыру болмағанда қаржы-экономикалық және өзге де көрсеткіштердің (сандық және сапалық) шекті мәндеріне қол жеткізуге әкелу;
Тармақша 2
2) қаржы нарығының басқа қатысушыларымен өзара байланысын ескере отырып, банк қызметінің оқиғаларына, релевантты бизнес-моделіне, қорландыру құрылымына, ауқымына және күрделілігіне негізделуі, сондай-ақ банктің еншілес ұйымдарының және (немесе) банктің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдардың (бар болған жағдайда) қызметін қамтуы;
Тармақша 3
3) банктің қаржылық жай-күйіне ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсерін бағалау әдістеріне негізделу.
Тармақ 33
33. Банк кемінде үш, жүйелік маңызы бар банк кемінде төрт стресс-тестілеу сценарийін айқындауға міндетті. Осы Талаптардың мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 86 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38586 болып тіркелген) бекітілген Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары шеңберінде банк қолданатын стресс-тестілеу сценарийлерін олар Талаптардың 32-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 34
34. Стресс-тестілеу нәтижелері қалпына келтіру шараларының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін негізгі көрсеткіштеріне әсерін көрсетеді: меншікті капиталдың жеткіліктілігі (банк үшін қолданылады); өтімділік; пайдалылық.
Тармақ 35
35. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Талаптардың 31, 32 және 33-тармақтарына сәйкес әзірленген стресс-тестілеу сценарийінің дамуын симуляциялауды көздейтін практикалық жаттығу негізінде қалпына келтіру шараларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады. Стресс-тестілеу сценарийін дамытуды симуляциялау бойынша практикалық жаттығу Талаптардың 28 және 29-тармақтарында көзделген қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру кезіндегі банктің іс-қимыл тәртібі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шаралардың іске асырылуын бағалау туралы есепті мыналарды қоса аланда, бірақ олармен шектелмей қалыптастырады және ұсынады: Талаптардың 35-тармағына сәйкес қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру кезінде банктің іс-қимыл тәртібін сипаттау; қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды орындау мерзімдерін сақтау; қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды орындауға кедергі келтіретін шектеулер мен кемшіліктер (анықталған жағдайда); меншікті капиталды, өтімділікті, пайдалылықты және тәуекелдер бейінін қоса алғанда, банктің қаржылық және экономикалық жағдайына қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асырудың әсері; стрестік жағдайлардың және іскерлік беделге оның нашарлау, сондай-ақ кредиттік рейтингтің төмендеу тәуекелдерін қоса алғанда, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шаралардың әсері; қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру кезінде банктің операциялық қызметтің үздіксіздігін және аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды орындауды қамтамасыз ету қабілеті.
Тармақ 37
37. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес қалпына келтіру шараларының іске асырылуын бағалау бойынша қорытынды кестені қалыптастырады және ұсынады.
Басқа 1. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының белгілері
Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарға, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының белгілері № Көр­сет­кіш­тің ата­уы Көр­сет­кіш ти­пі (негіз­гі/ қо­сал­қы) Көр­сет­кіш тү­рі (са­па­лық/ сан­дық) Ер­те ден қою те­тікте­рі­нің шең­бе­рін­де ай­қын­да­ла­тын ер­те сиг­нал­дар­дың мән­де­рі Көр­сет­кіш­тің шек­ті мәні 1-ер­те сиг­нал 2-ер­те сиг­нал N-ер­те сиг­нал 1 2 3 4 5 6 7 8
Басқа 2. Стресс-тестілеу сценарийлері бойынша қалпына келтіру шараларының тиімділігін бағалау
Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарға, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша Стресс-тестілеу сценарийлері бойынша қалпына келтіру шараларының тиімділігін бағалау кестенің басы Сце­на­рий­лер Осы сце­на­рий шең­бе­рін­де қол­да­ны­ла­тын бар­лық ша­ра­лар Қал­пы­на кел­ті­ру ша­ра­ла­ры­ның өза­ра тәу­ел­ді­лі­гін және өза­ра ерекше­лі­гін тал­дау Мен­шік­ті ка­пи­тал Өтім­ді­лік Пай­да­лы­лық Қал­пы­на кел­ті­ру ша­ра­ла­рын қол­дан­ған­ға дей­ін 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 12 13 14 15 Сце­на­рий­дің ата­у­ла­ры Сце­на­рий­дің ти­пі Қал­пы­на кел­ті­ру ша­ра­сы­ның № Ата­уы Қы­сқа­ша си­па­ты Бі­рін-бі­рі жоқ­қа шы­ға­ра­тын Тәу­ел­ді Мен­шік­ті ка­пи­тал Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың жет­кі­лік­ті­лі­гі ко­эф­фи­ци­ен­ті Өтім­ді­лік­ті өтеу ко­эф­фи­ци­ент­те­рі және нет­то тұ­рақ­ты қор­лан­ды­ру Бө­лін­бе­ген та­за пай­да Ак­тив­тер­дің рен­та­бель­ді­лі­гі, ка­пи­тал­дың рен­та­бель­ді­лі­гі Та­за пай­ы­здық мар­жа Опе­ра­ци­я­лық шы­ғы­стар­дың опе­ра­ци­я­лық кі­рі­стер­ге қа­ты­на­сы кестенің жалғасы Мен­шік­ті ка­пи­тал Өтім­ді­лік Пай­да­лы­лық Опе­ра­ци­я­лық үз­дік­сіз­дік Бе­дел тәу­е­ке­лі Қал­пы­на кел­ті­ру ша­ра­ла­рын орын­дау мер­зім­де­рі Қал­пы­на кел­ті­ру ша­ра­ла­рын қол­дан­ған­нан кей­ін 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 Мен­шік­ті ка­пи­тал Мен­шік­ті ка­пи­тал­дың жет­кі­лік­ті­лі­гі ко­эф­фи­ци­ен­ті Өтім­ді­лік­ті өтеу ко­эф­фи­ци­ент­те­рі және нет­то тұ­рақ­ты қор­лан­ды­ру Бө­лін­бе­ген та­за пай­да Ак­тив­тер­дің рен­та­бель­ді­лі­гі, ка­пи­тал­дың рен­та­бель­ді­лі­гі Та­за пай­ы­здық мар­жа Опе­ра­ци­я­лық шы­ғы­стар­дың опе­ра­ци­я­лық кі­рі­стер­ге қа­ты­на­сы Сақ­та­ла­ды – Иә/Жоқ Әсе­рі - Жо­ға­ры, Ор­та­ша, Тө­мен Орын­дау мер­зі­мі (ай) Нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу мер­зі­мі (ай)