Об утверждении Правил осуществления деятельности финансовых омбудсманов и службы финансового омбудсмана, в том числе предоставления в уполномоченный орган по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций информации о поступивших и рассмотренных обращениях потребителей финансовых услуг, а также избрания и досрочного прекращения деятельности финансового омбудсмана Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 106 қаулысымен
бекітілген
Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары
Тармақ 1
1. Қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-29-бабына сәйкес әзірленді және қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдары туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпарат беру тәртібін, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағидаларда «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) берешекті ұжымдық реттеу платформасы – қаржы омбудсманының жанында жұмыс істейтін және цифрлық жүйе арқылы берешекті ұжымдық реттеуге қатысушылардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ берешекті ұжымдық реттеуге өтініштер беру, деректер алмасу, берешек өлшемшарттарын тексеру, төлемдер кестелерін қалыптастыру, құжаттарға қол қою, медиация тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімдерге қатысушыларды хабардар ету және олардың орындалуына мониторинг жүргізу процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары және (немесе) тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың берешегін ұжымдық реттеу платформасы;
Тармақша 2
2) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және интернетте жұмыс істеп тұрған аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған ақпарат (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе басқа да түрде);
Тармақша 3
3) қаржы омбудсманы қызметі – қаржы омбудсмандарының қызметін қамтамасыз ететін, жеке мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 4
4) қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі – қаржы омбудсманы қызметінің тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы.
Тарау 1. 1-тарау. Бас қаржы омбудсманын және қаржы омбудсмандарын сайлау, қайта сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі
1-тарау. Бас қаржы омбудсманын және қаржы омбудсмандарын сайлау, қайта сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі
Тармақ 3
3. Бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары лауазымына кандидаттарды іріктеу туралы ақпарат қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында орналастырылады және мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 5-тармағында көзделген кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 6-тармағына сәйкес кандидатураларды уәкілетті органмен алдын ала келісу қажеттілігі туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі;
Тармақша 3
3) құжаттарды қабылдау мерзімдері;
Тармақша 4
4) құжаттарды ұсыну мекенжайы және тәсілдері;
Тармақша 5
5) қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері.
Құжаттарды қабылдау мерзімі қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында кандидаттарды іріктеу туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 4
4. Бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы лауазымына үміткер адам іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды дербес ұсынады:
Тармақша 1
1) іріктеуге қатысуға өтініш;
Тармақша 2
2) резюме және өмірбаян;
Тармақша 3
3) кандидаттың Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 4
4) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергені туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу анықтамасымен, QAZAQ RESMI TEST онлайн-тестілеу жүйесінде қазақ тілінен емтихан тапсыру туралы QAZAQ RESMI TEST ресми сертификатымен расталады.
Бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың нысанына және мазмұнына қойылатын талаптар қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
Кандидаттар құжаттарды электрондық нысанда ұсынады.
Тармақ 5
5. Қаржы омбудсманы қызметі ұсынылған құжаттардың толықтығын және тиісінше ресімделуін тексереді және қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің қарауы үшін кандидаттар бойынша материалдар қалыптастырады.
Толық көлемде ұсынылмаған немесе Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін кандидаттардың құжаттары қайтару себептері көрсетіле отырып, кандидатқа қараусыз қайтарылады.
Кандидат кандидаттарды іріктеу туралы ақпаратта белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
Қаржы омбудсманы қызметі кандидаттардан кандидатураны қарау үшін қажетті қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы.
Тармақ 6
6. Қаржы омбудсманы қызметінің кандидаттардың құжаттарын қарау мерзімі құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Қаржы омбудсманы қызметі материалдарды қарау және әңгімелесу өткізу қорытындысы бойынша қаржы омбудсманы қызметінің кеңесіне кандидаттар бойынша Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды (бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының әрбір бос лауазымына кемінде 2 (екі)), сондай-ақ бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы лауазымына кандидатураны алдын ала келісу мақсатында уәкілетті органға жіберу үшін Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас қаржы омбудсманының, қаржы омбудсманының лауазымына кандидат туралы мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 7
7. Кандидат бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы лауазымына өз кандидатурасын қаржы омбудсманы қызметіне жазбаша хабарлама жіберу арқылы бас қаржы омбудсманын немесе қаржы омбудсманын сайлау туралы шешім қабылданғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы.
Егер кандидатураны кері қайтарып алу салдарынан Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар саны Қағидаларда белгіленген саннан кем болған жағдайда, қаржы омбудсманының қызметі іріктеуді жалғастыру не жаңа іріктеуді өткізу туралы шешім қабылдау үшін қаржы омбудсманының қызмет кеңесінің қарауына тиісті ақпарат енгізеді.
Тармақ 8
8. Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі қаржы омбудсманы қызметі ұсынған кандидатуралар бойынша материалдар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар қатарынан бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының әрбір бос лауазымына кемінде 2 (екі) кандидатураны уәкілетті органға алдын ала келісуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі Мемлекеттік реттеу туралы заңда, Қағидаларда, қаржы омбудсманы қызметінің жарғысында және ішкі құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің құзыретіне Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-31-бабының 2-тармағында көзделген мәселелерден басқа бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары лауазымдарына кандидатуралар бойынша материалдарды қарау, кандидатураларды уәкілетті органға алдын ала келісуге жіберу туралы шешім қабылдау, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген өзге де шешімдерді қабылдау жатады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы лауазымына кандидатураны келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган кандидат Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 5-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше талапқа сәйкес келмеген жағдайда кандидатураны келісуден бас тартады.
Ұсынылған мәліметтерді нақтылау не кандидатураны қарау үшін қажетті қосымша құжаттар мен мәліметтерді алу қажет болған жағдайда уәкілетті орган оларды қаржы омбудсманы қызметінен сұратады.
Сұратылған құжаттар мен мәліметтерді қаржы омбудсманының қызметі уәкілетті органға тиісті сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Құжаттарды қарау мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап сұратылған құжаттар мен мәліметтер ұсынылған күнге дейін, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Сұратылған құжаттар мен мәліметтер белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган кандидатураны келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Қаржы омбудсманы қызметі уәкілетті органның кандидатураны келісу не оны келісуден бас тарту туралы шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы омбудсманы қызметінің кеңесіне хабарлайды.
Тармақ 11
11. Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі ұсынатын және уәкілетті органмен алдын ала келісілген кандидаттар ішінен жүзеге асырылады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырыстарын шақыру, қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің мүшелеріне хабарлау, отырыстарды өткізу тәртібі, сондай-ақ қаржы омбудсманы қызметі кеңесі қызметінің өзге де ұйымдастырушылық мәселелері қаржы омбудсманы қызметінің жарғысында және ішкі құжаттарында айқындалады.
Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау мәселесі бойынша қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырысы қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің кемінде 5 (бес) мүшесі қатысқан кезде заңды болып табылады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің әрбір мүшесінің бір дауысы болады.
Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау туралы шешім қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау туралы шешімі хаттамамен ресімделеді.
Бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары, егер лауазымға кірісудің өзге мерзімі мұндай шешімде көзделмесе, қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі оларды сайлау туралы шешім қабылдаған күннен бастап сайланды деп саналады.
Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын сайлау туралы ақпарат қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Қаржы омбудсманының қызметі қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі бас қаржы омбудсманын және қаржы омбудсмандарын сайлау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде іріктеуге қатысқан барлық кандидатқа кандидаттың ұсынылған құжаттарда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына сайлау туралы не сайлаудан бас тарту туралы мәліметтерді қоса алғанда, олардың кандидатураларын қарау нәтижелері көрсетілген хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар болмаған, уәкілетті орган барлық ұсынылған кандидатураларды келісуден бас тартқан не қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі алдын ала келісілген кандидаттардың ешқайсысын сайлау туралы шешім қабылдамаған кезде қаржы омбудсманы қызметі Қағидалардың 3 – 11-тармақтарында көзделген тәртіппен жаңа іріктеу жүргізеді.
Тармақ 13
13. Қайта сайлауға қатысу үшін бас қаржы омбудсманы және қаржы омбудсмандары Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттарды қайта ұсынады.
Қайта сайлау өткізу кезінде сол уақыттағы бас қаржы омбудсманының және қаржы омбудсманының кандидатураларын қарау өзге үміткерлердің кандидатураларын қараумен бір мезгілде жүзеге асырылады.
Бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын қайта сайлау туралы шешімді осы Қағидалардың 8 – 12-тармақтарында көзделген тәртіппен кандидатуралар уәкілетті органмен алдын ала келісілгеннен кейін қаржы омбудсманының қызметі кеңесі қабылдайды.
Қайта сайланған бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы қызметіне кіріскенге дейін, егер қаржы омбудсманының қызметі кеңесінің шешімінде өзгеше көзделмесе, осы уақыттағы бас қаржы омбудсманы немесе қаржы омбудсманы өз өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.
Тармақ 14
14. Қаржы омбудсманының қызметі кеңесі Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-29-бабының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Өкілеттіктерді мерзімінен бұрын тоқтатуға бас қаржы омбудсманының не қаржы омбудсманының бастамасы бойынша қаржы омбудсманы қызметінің ішкі қағидаларында айқындалған тәртіппен өкілеттіктерді тоқтатудың болжамды күнінен кемінде бір ай бұрын берілген жазбаша хабарлама негізінде жол беріледі.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттіктері ол қайтыс болған, сондай-ақ адам заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі не хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 15
15. Қаржы омбудсманының қызметі кеңесі өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішті, сондай-ақ бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылатын материалдарды келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді қаржы омбудсманының қызметі кеңесі қатысып отырған қаржы омбудсманының қызметі кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусына сәйкес қабылдайды.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің отырысы қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің кемінде 5 (бес) мүшесі қатысқан кезде заңды болып табылады.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттіктері, егер мұндай шешімде өзге мерзім көзделмесе, қаржы омбудсманы қызметінің кеңесі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылды деп саналады.
Қаржы омбудсманының қызметі бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) қайтыс болған, сондай-ақ адам заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі не хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жағдайларды қоспағанда, қабылданған шешім туралы тиісті адамға хабарлайды;
Тармақша 2
2) ақпаратты уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 3
3) ақпаратты қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында орналастырады.
Бас қаржы омбудсманының немесе қаржы омбудсманының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде қаржы омбудсманының қызметі кеңесі Қағидаларда көзделген тәртіппен іріктеу өткізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 16
16. Бас қаржы омбудсманы еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе қызметтік іссапарда болуына байланысты болмаған кезде не бас қаржы омбудсманының бос лауазымында болған кезде қаржы омбудсманының қызметі кеңесі бас қаржы омбудсманының міндеттерін қаржы омбудсманының біріне уақытша жүктеу туралы шешім қабылдайды.
Бас қаржы омбудсманының міндеттерін уақытша атқару ол бас қаржы омбудсманы өз міндеттерін атқаруды қайта бастағанға дейін не жаңа бас қаржы омбудсманы сайланғанға дейін жүзеге асырылады.
Қаржы омбудсманының қызметі көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Қаржы омбудсманы уақытша болмаған кезде оның қарауындағы жолданымдар мен өзге де материалдар қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен басқа қаржы омбудсманына беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Бас қаржы омбудсманының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Бас қаржы омбудсманының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 17
17. Бас қаржы омбудсманы өз құзыреті шегінде мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) қаржы омбудсманы қызметінің ағымдағы қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) қаржы омбудсманының және қаржы омбудсманы қызметі қызметкерлерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) қаржы омбудсманы қызметі кеңесінің шешімдерінің орындалуын бақылау;
Тармақша 5
5) қаржы омбудсманы қызметінің құжат айналымын және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) қаржы омбудсманы қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 9
9) дербес деректерді және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты қорғау бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) қаржы омбудсманы қызметінің мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі мен цифрлық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) қаржы омбудсманы қызметінің колл-орталығының не жедел желісінің жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) уәкілетті органға берілетін ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) қаржы омбудсманы қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) қаржы омбудсманы қызметінің жарғысында және ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындау.
Тармақ 18
18. Бас қаржы омбудсманы, қаржы омбудсмандары және қаржы омбудсманы қызметі өз қызметін жүзеге асыру кезінде қаржы омбудсмандарының заңдылығы, тәуелсіздігі және бейтараптығы қағидаттарының сақталуын, дауды қарау кезінде тараптардың тең құқықтылығын, жолданымды қарау рәсімінің ашықтығын, сондай-ақ қызметтік, коммерциялық, банктік, сақтандыру немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 19
19. Қаржы омбудсманы қызметінің қызметкерлері және өзге де тұлғалар жолданымдарды қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде қаржы омбудсмандарының қызметіне араласуға жол бермейді.
Тармақ 20
20. Қаржы омбудсманы қызметі мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қабылдау, тіркеу, есепке алу және өңдеу;
Тармақша 2
2) бас қаржы омбудсманының және қаржы омбудсмандарының қызметін ұйымдастырушылық, техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі;
Тармақша 4
4) қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысына байланысты құжаттар мен материалдарды сақтау;
Тармақша 5
5) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға консультациялық қызметтер көрсету үшін колл-орталықтың не жедел желінің жұмыс істеуі;
Тармақша 6
6) қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында:
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы шеңберінде көлік құралына келтірілген зиян мөлшерінің құнын есептеу кезінде амортизациялық тозу мөлшерін есептеу;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың ерекшеліктерін ескере отырып, көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалаудың қолданылатын әдістемесінің жекелеген ережелерін қолдану бойынша сақтандыру қызметтері саласындағы қаржы омбудсманының шешімдері;
Мемлекеттік реттеу туралы заңда және Қағидаларда көзделген ақпаратты орналастыру;
Тармақша 7
7) Қағидаларда белгіленген тәртіппен бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсмандарын іріктеу, сайлау, қайта сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату рәсімдерін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында айқындалған өзге де функциялар.
Тармақ 21
21. Қаржы омбудсманы қызметінің ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қағидалардың, қаржы омбудсманы қызметінің жарғысы мен ішкі құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, мүдделер қақтығысын болдырмауға, құжаттардың, дербес деректердің және қолжетімділігі шектелген өзге де ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 22
22. Қаржы омбудсманы қызметі кеңесі отырыстарының хаттамаларын қаржы омбудсманының қызметі кемінде 5 (бес) жыл сақтайды.
Тармақ 23
23. Қаржы омбудсманының қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржы омбудсманы қызметінің және қаржы омбудсмандары қызметінің сапасына қанағаттануына қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Қаржы омбудсманының қызметі «Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 83 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38583 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен берешекті ұжымдық реттеу платформасында мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары және тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың берешегін ұжымдық реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 25
25. Берешекті ұжымдық реттеу платформасы жұмыс істеуі кезінде қаржы омбудсманының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау және уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі
3-тарау. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау және уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі
Тармақ 26
26. Қаржы омбудсманы Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-28-бабының 2-тармағында көзделген мәселелер бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар мен іс-қимылды қадағалау субъектісі арасында жасалған қаржы өнімін беру туралы шарттан туындайтын даулар бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын, сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтандыру ұйымдары арасындағы даулар бойынша жолданымдарды, сондай-ақ сақтандыру шартынан туындайтын сақтандыру ұйымдары арасындағы даулар бойынша жолданымдарын Мемлекеттік реттеу туралы заңда және Қағидаларда белгіленген тәртіппен қарайды.
Тармақ 27
27. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымы жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда жолданымдарды берудің ресми арналары арқылы беріледі, олар туралы ақпарат қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсын, электрондық пошта, бар болса қаржы омбудсманы қызметінің мобильді қосымшасын қоса алғанда, қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Сақтандыру қызметтерін тұтынушының жолданымын сақтандыру ұйымы, оның филиалы, өкілдігі не өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі арқылы беруге жол беріледі.
Тармақ 28
28. Колл-орталық не жедел желі арқылы, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыны жеке қабылдау кезінде келіп түскен ауызша жолданымдар консультативтік сипаттағы жолданымдар ретінде қаралады және олар бойынша жауап қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы оларды жазбаша немесе электрондық нысанда ресімдеген жағдайларды қоспағанда, олар келіп түскен күні беріледі.
Тармақ 29
29. Қаржы омбудсманы қызметінің интернет-ресурсының және (немесе) мобильді қосымшасының сервистері арқылы жіберілген хабарлар, егер қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жолданымды Қағидалардың 27-тармағында көзделген тәртіппен қағаз жеткізгіште жазбаша нысанда не жолданымдарды берудің ресми арналары арқылы электрондық нысанда ресімдемесе, консультативтік сипаттағы сұрау салулар ретінде қаралады.
Консультативтік сипаттағы сұрау салу келіп түскен кезде қаржы омбудсманының қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға жолданым беру тәртібін түсіндіреді.
Тармақ 30
30. Қаржы омбудсмандары бас қаржы омбудсманы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес айына бір рет қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар мен олардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді.
Тармақ 31
31. Егер қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жеке қабылдау кезінде жазған мәселе қосымша қарауды талап етсе және оны жеке қабылдау барысында шешу мүмкін болмаса, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға жазбаша немесе электрондық жолдама беру тәртібі түсіндіріледі және осындай жолдаманы ресімдеуге жәрдемдеседі. Ресімделген жолдама Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Тармақ 32
32. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қаржы омбудсманы қызметі қаржы омбудсманына келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркеуге және оған қатысты жолданым берілген іс-қимылды қадағалау субъектісіне көрсетілген жолданымның көшірмесін жіберуге тиіс.
Тармақ 33
33. Жолданым қағаз жеткізгіште берілген кезде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға жолданым келіп түскен күні оның қабылданғанын растайтын құжат беріледі не жолданымның көшірмесіне оның қабылданғаны туралы белгі қойылады.
Электрондық нысанда берілген жолданым тіркелгеннен кейін қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға жолданымның келіп түскен күні мен тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Тармақ 34
34. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымы Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-33-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қаржы омбудсманының қарауына жатпайды.
Тармақ 35
35. Жолданымды қарау үшін қажетті құжаттар және (немесе) мәліметтер жеткіліксіз болған кезде қаржы омбудсманы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыдан және (немесе) іс-қимылды қадағалау субъектісінен жолданым мәні бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемені (түсіндірмені) алады. Ауызша түсініктемелер жолданым материалдарында оларды алу күні, тәсілі, түсініктеме берген тұлға және олардың қысқаша мазмұны көрсетіле отырып тіркелуге тиіс.
Тармақ 36
36. Жолданымды қарау мақсатында қаржы омбудсманы қызметі іс-қимылды қадағалау субъектісіне қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы жолданымының көшірмесін жібереді.
Тармақ 37
37. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-33-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген дауларды қоспағанда, қаржы омбудсманының сұрау салуында неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы омбудсманы сұратқан құжаттарды, мәліметтер мен түсіндірмелерді сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Тармақ 38
38. Қаржы омбудсманы жолданымды тараптар ұсынған құжаттар, мәліметтер мен түсініктемелер негізінде қарайды, сондай-ақ қажет болған кезде дауды сотқа дейін реттеуге бағытталған кездесулер, келіссөздер және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады.
Кездесуді, келіссөздерді немесе өзге де іс-шараны өткізу қажет болған жағдайда қаржы омбудсманы келіспеушілікке қатысушыларды белгіленген күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етеді. Тараптардың келісімі бойынша бұл мерзім қысқартылуы мүмкін.
Егер даудың мәні сақтандыру төлемінің мөлшері болып табылса, қаржы омбудсманы есептеулерді бағдарламалық кешендер арқылы жүргізеді.
Тармақ 39
39. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының жолданымын қарау мерзімі қаржы омбудсманына жолданым келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажет болған кезде қаржы омбудсманы жолданымды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Жолданымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
Тармақ 40
40. Қағидалардың 41-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жолданымды қарау нәтижелері бойынша қаржы омбудсманы мынадай:
Тармақша 1
1) жолданымды толығымен немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) жолданымды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
Тармақша 3
3) жолданымды қарауды тоқтату туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Тармақ 41
41. Қарыз алушы жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша және микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындау талаптарын өзгертуге қатысты жолданымдары бойынша қаржы омбудсманы тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
Осындай жолданымды қарау нәтижелері бойынша тараптардың банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды өзгертудің келісілген талаптары туралы мәліметтерді қамтитын хаттама ресімделіп, оған қаржы омбудсманы мен тараптар қол қояды.
Тармақ 42
42. Қаржы омбудсманының шешімі негізделген, Қазақстан Республикасы заңдарының, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, Қағидалардың талаптарына сәйкес келуге тиіс және жолданымның мәні бойынша қорытындыларды қамтуға тиіс.
Жолданымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім іс-қимылды қадағалау субъектісінің оны орындау тәртібі мен мерзімдерін қамтуға тиіс.
Тармақ 43
43. Қаржы омбудсманының шешімі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға және іс-қимылды қадағалау субъектісіне ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 44
44. Іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы омбудсманының шешімін онда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.
Қаржы омбудсманы шешімінің орындалғаны туралы ақпаратты іс-қимылды қадағалау субъектісі растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қаржы омбудсманының қызметіне жібереді.
Тармақ 45
45. Қаржы омбудсманының қызметі қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың келіп түскен және қаралған жолданымдарының, қабылданған шешімдердің және оларды орындау нәтижелерінің есебін жүргізеді.
Тармақ 46
46. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын есепке алу мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жолданымның тіркеу нөмірі және түскен күні;
Тармақша 2
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы және (немесе) оның өкілі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) жолданымның түсу арнасы;
Тармақша 4
4) жолданым берілген іс-қимылды қадағалау субъектісінің атауы;
Тармақша 5
5) қаржы өнімінің түрі;
Тармақша 6
6) жолданымның мәні;
Тармақша 7
7) жолданымды тіркеу күні;
Тармақша 8
8) жолданымды қарау нәтижесі;
Тармақша 9
9) қаржы омбудсманының қабылдаған шешімі туралы мәліметтер;
Тармақша 10
10) қаржы омбудсманы шешімінің орындалуы туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) тоқтатудың негізін көрсете отырып, жолданымды қарауды тоқтату туралы мәліметтер;
Тармақша 12
12) қаржы омбудсманы қызметінің ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер.
Тармақ 47
47. Қаржы омбудсманының қызметі келіп түскен және қаралған жолданымдарды олардың туындау себептерін, жүйелі проблемаларды және іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қайталанатын практикаларын анықтау, сондай-ақ қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында талдауды жүзеге асырады
Тармақ 48
48. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдары, қабылданған шешімдер және оларды орындау нәтижелері бойынша материалдарды, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше мерзім белгіленбесе, қаржы омбудсманының қызметі кемінде 5 (бес) жыл сақтайды.
Тармақ 49
49. Қаржы омбудсманының қызметі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың уәкілетті органға келіп түскен және қаралған жолданымдары, қабылданған шешімдер және оларды орындау нәтижелері туралы ақпарат береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат мына:
Тармақша 1
1) келіп түскен және қаралған жолданымдардың саны туралы;
Тармақша 2
2) қаржылық көрсетілетін қызметтер, оның ішінде банктік, микроқаржылық және сақтандыру қызметтері салалары бөлінісінде, қабылданған шешімдердің жалпы санынан негізделген және негізсіз деп танылған жолданымдардың үлесін көрсете отырып, сақтандыру қызметтері бойынша, сондай-ақ сақтандыру сыныптары мен сақтандыру ұйымдары бөлінісінде қаржы омбудсмандарының қабылданған шешімдерінің саны туралы;
Тармақша 3
3) жолданымдар келіп түскен қаржы өнімдерінің түрлері туралы;
Тармақша 4
4) жолданымдар келіп түскен іс-қимылды қадағалау субъектілері туралы;
Тармақша 5
5) жолданымдардың мәні туралы;
Тармақша 6
6) жолданымдарды қарау нәтижелері туралы;
Тармақша 7
7) қаржы омбудсмандарының қабылданған шешімдері туралы;
Тармақша 8
8) қаржы омбудсмандарының шешімдерін орындау туралы;
Тармақша 9
9) тоқтату негіздерін көрсете отырып, қаралуы тоқтатылған жолданымдардың саны туралы;
Тармақша 10
10) негіздемелерді көрсете отырып, қаржы омбудсманының қарауына жатпайтын жолданымдардың саны туралы;
Тармақша 11
11) анықталған жүйелік мәселелер және іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қайталанатын тәжірибелері туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 50
50. Қаржы омбудсманының қызметі уәкілетті органды мынадай фактілер анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді:
Тармақша 1
1) іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржы омбудсманының шешімдерін орындамауы;
Тармақша 2
2) іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау үшін қажетті құжаттарды, мәліметтер мен түсіндірмелерді ұсынбауы не уақтылы ұсынбауы;
Тармақша 3
3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне әсер ететін іс-қимылды қадағалау субъектілерінің жүйелі проблемалары мен қайталанатын практикаларын анықтау.
Қаржы омбудсманы қызметі іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы омбудсманының қызметін қаржыландыру үшін міндетті жарналарды және (немесе) өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген хабарламалар тиісті фактілерді растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қоса бере отырып жіберіледі.
Басқа 1.1. Бас қаржы омбудсманы, қаржы омбудсманы лауазымына
кандидат туралы мәліметтер
Қаржы омбудсмандарының
және қаржы омбудсманы
қызметінің жұмысын жүзеге
асыру, оның ішінде келіп
түскен және қаралған жолданымдары
туралы қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу, бақылау және
қадағалау жөніндегі уәкілетті
органға ақпарат беру, сондай-ақ
қаржы омбудсманын сайлау
және оның қызметін мерзімінен
бұрын тоқтату қағидаларына
қосымша
Нысан
Бас қаржы омбудсманы, қаржы омбудсманы лауазымына
кандидат туралы мәліметтер
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
Тармақ 1
1. Жалпы мәліметтер:
Туған күні мен жері
Азаматтығы
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке басын куәландыратын құжатта)
Тармақ 2
2. Білімі:
№
Оқу орнының атауы
Түскен жылы – аяқтаған жылы
Мамандығы
Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса күні және нөмірі)
1
2
3
4
5
Тармақ 3
3. Жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, балалары, ұлды асырап алушылар (қызды асырап алушылар), асырап алынған ұлдар (асырап алынған қыздар), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) және жекжаттары (ата-анасы, балалары, ұлды асырап алушылар (қызды асырап алушылар), асырап алынған ұлдар (асырап алынған қыздар), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, жұбайының (зайыбының) немерелері туралы мәліметтер:
№
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған жылы
Туыстық қатынастары
Жұмыс орны және лауазымы
1
2
3
4
5
Тармақ 4
4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
№
Жұмыс кезеңі
Жұмыс орны
Лауазымы
Тәртіптік жазалардың болуы
Жұмыстан шығару, қызметтен босату себептері
Басқа мәліметтер
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе: осы тармақта кандидаттың еңбек қызметі туралы мәліметтер, оның ішінде лауазымы көрсетіле отырып, жоғары оқу орнын бітірген сәттен бастап, сондай-ақ кандидаттың еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезеңі көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергені туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу анықтамасымен, QAZAQ RESMI TEST онлайн-тестілеу жүйесінде қазақ тілінен емтихан тапсыру туралы QAZAQ RESMI TEST ресми сертификатымен расталады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде кандидаттың қаржы ұйымының бұрын басшы қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтер.
_____________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету)
Банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда және (немесе) коллекторлық агенттікте, уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үлестес тұлғасы болып табылмаймын және (немесе) коллекторлық агенттіктер, жақын туысқандарым, жұбайым (зайыбым) және (немесе) уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымында жұмыс істейтін жекжаттарымның жоқ екендігін, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің бар екендігін растаймын.
Осы ақпаратты тексергенімді және дұрыс және толық екенін растаймын.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________________________________________________________
(кандидат өз қолымен баспа әріптермен толтырады)
Қолы ___________________________
Басқа 2. Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы __ ________
№ __ қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29623 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 23 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32495 болып тіркелген), Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.
Тармақ 3
3. «Банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34955 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34943 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 46 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36748 болып тіркелген), Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4 және 5-тармақтары.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37921 болып тіркелген), Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.