Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Біржан сал ауданы әкімдігі жанындағы жер беру комиссиясының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 28 шешімінің және «Казахалтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 14 қантардағы № ЗТ-2026-00136127, шектеулі жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішінің (қауымдық сервитут) негізінде Біржан сал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Уәлихан ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан «Казахалтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 4,4 га, жер учаскесін алып қоймай, 3 жылға дейін мерзімге, технологиялық жол салу және оған қызмет көрсету үшін, жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Казахалтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі технологиялық жол салу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесін пайдалану кезінде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Тармақ 3
3. Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есепке алу құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т. Сабыровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.