О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 47-бабының 3-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және мерзімдері айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті Жалағаш ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Басқа 4
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 27 шілдедегі № 124 қаулысына қосымша Жалағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және мерзімдері
Тарау 1. 1. Көтермелеудің түрлері
1. Көтермелеудің түрлері
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілерді көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1)алғыс жариялау;
Тармақша 2
2)грамотамен наградтау;
Тармақша 3
3)ақшалай сыйақы төлеу;
Тармақша 4
4)білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5) ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады. Жалағаш ауданының әкімдігі құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.
Тарау 2. 2. Көтермелеудің тәртібі және мерзімдері
2. Көтермелеудің тәртібі және мерзімдері
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Жалағаш ауданы әкімдігімен құрылатын құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамына аудандық жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті Жалағаш ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Полиция бөлімі) өкілдері кіреді. Комиссияның төрағасы – құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары.
Тармақ 4
4. Құқық бұзушылық профилактикасына белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға қарауға Полиция бөлімі енгізеді.
Тармақ 5
5. Комиссия Жалағаш ауданының әкімдігінде қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да, егер олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса, көтермелеуге құқылы.
Тармақ 6
6. Комиссия ұсыныc түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде оны қарайды.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы оның жалпы мүшелерінің санынан кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп танылады.
Тармақ 8
8. Көтермелеу үшін негіз Комиссия қабылдаған шешімі болып табылады. Шешім көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Полиция бөліміне жолданады.
Тармақ 10
10. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия құқық бұзушылық профилактикасына көтермеленетін адамның қосқан үлесін ескере отырып белгілейді және ол Қызылорда облысының әкімдігімен айқындалған ақшалай сыйақының мөлшерінен аспайды.
Тармақ 11
11. Комиссия қабылдаған шешім – көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Полиция бөлімі бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 12
12. Азаматтарды көтермелеу Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Ақшалай сыйақыны төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген Полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.