Об установлении публичного сервитута на земельный участок коммунальному государственному учреждению «Аппарат акима Нежинского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Тоқсан би ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскелерін алып қоймастан, су құбырына қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 2,2576 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.