О присвоении наименований улицам села Каргалы Каргалинского сельского округа Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарғалы ауылдық округі Қарғалы ауылының көшелеріне атау беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 2026 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қарғалы ауылдық округі Қарғалы ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2026 жылғы 29 сәуірдегі Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Қарғалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарғалы ауылдық округінің Қарғалы ауылының атауы жоқ көшелеріне «Әбдіуалиев Молдасын» және «Нағашыбеков Әскен» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күшінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.