Об уменьшении территории Жусандалинской государственной заповедной зоны республиканского значения Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын азайту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының (бұдан әрі – қорық аймағы) аумағы 29 гектарға азайтылсын.
Тармақ 2
2. Жамбыл облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелеріне рекультивациялау жүргізе отырып, жер учаскелерінің қорық аймағының құрамына қайтарылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Жамбыл облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
42
Жусандала мемлекеттік қорық аймағы
2756973,73
Алматы облысының Балқаш, Іле, Жамбыл аудандары;
Жамбыл облысының Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
».
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.