Об установлении публичного сервитута Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Әулиекөл аудандық жер комиссиясының жер учаскелерін беру жөніндегі отырысының хаттамасы және жерге орналастыру жобасын негізінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Новонежин ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Новонежин ауылына (жоғары және орта қысымды газ құбырын) инженерлік-коммуникациялық желілерді салу үшін, «Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новонежин ауылындағы газ тарату желілерінің құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Новонежин ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,1167 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Новонежин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілсін;
Тармақша 2
2) Осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін «Новонежин ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.