Об установлении публичного сервитута Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық жер комиссиясының жер учаскелерін беру және жерге орналастыру жобасы отырысының хаттамасы негізінде Аманқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қорындағы және ауданы 1,3011 га ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы Әулиекөл ауданының жерлеріндегі газ құбырын жеткізу үшін «Әулиекөл ауданы, Новонежинка ауылын газдандыру құрылысы» объектісі бойынша газ тарату желілерінің құрылысын жобалаудың шектеулі жер пайдалану құқығы (жария сервитут) берілсін.
Тармақ 2
2. «Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.