Об утверждении Правил регистрации и подключения абонентского номера сети сотовой связи, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи, веб-портала «цифрового правительства» для получения государственных и иных услуг в электронной форме посредством абонентского устройства сотовой связи Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына, веб-порталына тіркеу және қосу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасын Цифрлық кодексінің 75-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына, веб-порталына тіркеу және қосу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына, веб-порталына тіркеу және қосу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 28 шілдедегі
№ 438/НҚ
Бұйрықпен бекітілді
Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына, веб-порталына тіркеу және қосу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына, веб-порталына тіркеу және қосу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 75-бабының 8-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына, веб-порталына тіркеу және қосу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
Тармақша 1
1) биометриялық аутентификация – жеке тұлғаны анықтау мақсатында биометриялық деректердің сәйкестігін салыстыру және тексеру процесі;
Тармақша 2
2) бір реттік пароль – электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
Тармақша 4
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
Тармақша 5
5) мобильді азаматтар базасы – «цифрлық үкімет» пайдаланушыларының ұялы байланыс желісі абоненттік нөмірлерінің цифрлық ресурсы;
Тармақша 6
6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысының сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
Тармақша 7
7) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;
Тармақша 8
8) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;
Тармақша 9
9) «цифрлық үкіметтің» мобильді қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған, іске қосылған және ұялы байланыс пен Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге және өзге де қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
Тармақша 10
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
Тарау 2. 2-тарау. Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына,
веб-порталына тіркеу және қосу тәртібі
2-тарау. Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына,
веб-порталына тіркеу және қосу тәртібі
Тармақ 3
3. Ұялы байланыс операторы ұсынған ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің» есептік жазбасына, веб-порталының есептік жазбасына тіркеу және қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыс желісінің абоненттік нөмірін пайдалана отырып, «цифрлық үкіметтің» веб-порталы немесе «цифрлық үкіметтің» мобильді қосымшасы арқылы «Абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алуға электрондық нысанда сұрау салуды жібереді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшада көзделген.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеу және қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы «цифрлық үкіметтің» веб-порталында мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) авторландырудан өтеді;
Тармақша 2
2) жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді;
Тармақша 3
3) бір реттік пароль жіберілетін абоненттік нөмірді енгізеді;
Тармақша 4
4) бір реттік парольді енгізеді және сұрау салуды ЭЦҚ арқылы растайды.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес цифрлық объектінің ЭЦҚ-сының ашық кілті сертификаты пайдаланылып жасалған ЭЦҚ осындай цифрлық объект иегерінің ЭЦҚ-сымен теңестіріледі. Мұндай ЭЦҚ-ны азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған ерік білдіруді қамтымайтын бір үлгідегі электрондық құжаттарға автоматты түрде қол қою үшін пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады, одан кейін абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы есептік жазбаға тіркейді және қосады. Нәтижесінде тіркелген абоненттік нөмір туралы мәліметтер «цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы жеке кабинетте көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» мобильді қосымшасындағы есептік жазбаға тіркеу және қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы «цифрлық үкіметтің» мобильді қосымшасында мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) «цифрлық үкіметтің» мобильді қосымшасында ЭЦҚ-ның қолда бар немесе жаңа тіркеу куәліктерін шығару арқылы авторландыру тәсілін таңдайды;
Тармақша 2
2) бір реттік пароль жіберілетін абоненттік нөмірді енгізеді;
Тармақша 3
3) бір реттік парольді енгізеді;
Тармақша 4
4) биометриялық аутентификациядан өтеді.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады одан кейін абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеуді және қосуды жүзеге асырады. Нәтижесінде тіркелген абоненттік нөмір туралы мәліметтер «цифрлық үкіметтің» веб-порталының жеке кабинетінде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушы «цифрлық үкіметтің» веб-порталы қалыптастырып, абоненттік нөмірге жіберген бір реттік парольді қате енгізген және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы биометриялық аутентификациядан өтпеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеуді және қосуды жүзеге асыра алмайды.
Тармақ 11
11. «Цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы жеке кабинеттегі пайдаланушының есептік жазбасына тіркелген және қосылған абоненттік нөмірді өзгерту, жаңа абоненттік нөмірді және «цифрлық үкіметтің» веб-порталы қалыптастырып, көрсетілген абоненттік нөмірге жіберген бір реттік парольді енгізу, сондай-ақ оны кейіннен ЭЦҚ-мен растау жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына уәкілетті органның және қызмет көрсетушінің интернет-ресурстарында, веб-порталдағы «жеке кабинет» арқылы электрондық форматта, сондай-ақ пошта арқылы жазбаша түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беру жолымен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетіп, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) оның лауазымды адамына беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жолдамайды.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1.1. «Абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ұялы байланыс операторы
ұсынған ұялы байланыс
желісінің абоненттік нөмірін
ұялы байланыстың абоненттік
құрылғысы арқылы мемлекеттік
және өзге де көрсетілетін
қызметтерді электрондық
нысанда алу үшін «цифрлық үкіметтің»
есептік жазбасына,
веб-порталына тіркеу
және қосу қағидаларына
қосымша
«Абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Абоненттік нөмірді «цифрлық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу
2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
Жоқ
3
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
4
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталы, «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін
Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) минут
6
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Электрондық (толығымен цифрландырылған)
7
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталындағы жеке кабинеттегі «цифрлық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосылған абоненттік нөмір туралы мәлімет немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
8
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
9
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталы, «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
10
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
«Цифрлық үкіметтің» веб-порталы, «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасында:
абоненттің абоненттік нөмірінің тиесілілігін растау үшін «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы қалыптастырылып, абоненттік нөмірге жіберілетін бір реттік пароль алу арқылы электрондық сұрау салу жолданады және қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады;
жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
11
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшасы
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.
12
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 28 шілдедегі
№ 438/НҚ
Бұйрыққа қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 58 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13195 болып тіркелген);
Тармақ 2
2. «Кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18201 болып тіркелген);
Тармақ 3
3. «Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 169/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34174 болып тіркелген).