Об утверждении Правил отображения и использования электронных документов в сервисе цифровых документов Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 13-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 28 шілдедегі № 439/НҚ Бұйрығымен бекітілген Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 13-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) екі өлшемді штрихкод (Quick Response code) (бұдан әрі – QR-код) – цифрлық құжатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын QR-код;
Тармақша 2
2) қысқа код – цифрлық құжатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін цифрлық құжаттар сервисі қалыптастыратын алты таңбалы код;
Тармақша 3
3) үшінші тұлға – субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмайтын, бірақ олармен (онымен) дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі мән-жайлармен немесе құқықтық қатынастармен байланысты тұлға;
Тармақша 4
4) цифрлық жүйе – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;
Тармақша 5
5) цифрлық құжат – сұрау салу немесе ұсыну кезінде ұлттық тіркелімдерде қамтылған деректер негізінде цифрлық ортада қалыптастырылатын анық мәліметтерді материалдық емес цифрлық ұсыну;
Тармақша 6
6) цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – сервис) – операторға бекітілген және мемлекеттік органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың цифрлық жүйелерінде қамтылған мәліметтер негізінде жасалатын цифрлық құжаттарды қалыптастыруға, көрсетуге, сақтауға және пайдалануға арналған «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісі;
Тармақша 7
7) цифрлық объектілерді пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін цифрлық объектілерді пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 8
8) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 9
9) «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасы (бұдан әрі – мобильдік қосымша) – ұялы байланыс абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған, ұялы байланыс пен Интернет арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін өзге де қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
Тармақша 10
10) электрондық құжат – анықтығын, тиесілілігін және өзгермейтіндігін растау электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен қамтамасыз етілген цифрлық жазба;
Тармақша 11
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тарау 2. 2-тарау. Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету тәртібі
2-тарау. Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Электрондық құжатты көрсету пайдаланушының мобильдік қосымшада сәйкестендіруден және авторландырудан өтуінен басталады. Сәйкестендіруден өткеннен кейін пайдаланушы электрондық құжатты көрсетуге сұрау салуды жолдайды.
Тармақ 4
4. Электрондық құжатты көрсету мемлекеттік органдардың және (немесе) тиісті электрондық құжатты қалыптастыру көзі болып табылатын өзге де ұйымдардың цифрлық жүйелерінде қамтылған мәліметтер негізінде сервис арқылы жүзеге асырылады. Электрондық құжаттарды көрсетуді қамтамасыз ету, оларды цифрлық жүйе арқылы тексеру және пайдалану мақсатында цифрлық жүйелердің сервиспен интеграциялық өзара іс-қимылы Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 368/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39199 болып тіркелген) «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Интеграция болмаған жағдайда электрондық құжат көрсетілмейді.
Тармақ 5
5. Электрондық құжатты көрсетуге сұрау салуды жіберу және оны өңдеу нәтижесін алу абоненттік ұялы байланыс құрылғысын және (немесе) цифрлық жүйені пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды пайдалану тәртібі
3-тарау. Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды пайдалану тәртібі
Тармақ 6
6. Сервисте қолжетімді электрондық құжаттар Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен тең болады.
Тармақ 7
7. Электрондық құжатты пайдалану пайдаланушы мобильдік қосымшада сәйкестендіруден және авторландырудан өткеннен кейін оны сервис арқылы ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Электрондық құжатты үшінші тұлғаға беру (ұсыну) мобильдік қосымшаның функционалы арқылы, оның ішінде QR-код, қысқа код немесе сервисте көзделген өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Сәйкестендіруден және авторландырудан өткеннен кейін пайдаланушы сервис арқылы пайдалану үшін қажетті электрондық құжатты таңдайды. Үшінші тұлғалардың электрондық құжатқа қол жеткізуі сервис арқылы берілген пайдаланушының келісімі негізінде жүзеге асырылады. Электрондық құжатты үшінші тұлғаға ұсыну мақсатында сервис пайдаланушының сұрау салуы бойынша уақытша қол жеткізуге арналған QR-кодты немесе қысқа кодты қалыптастырады. QR-кодтың немесе қысқа кодтың қолданылу мерзімі бір минуттан аспайды.
Тармақ 8
8. QR-кодты сканерлеу немесе қысқа кодты енгізу арқылы цифрлық жүйе сервиске электрондық құжатты көрсетуге сұрау салуды жібереді. Сервис сұрау салу параметрлерінің дұрыстығын, пайдаланушының келісімінің болуын және электрондық құжаттың өзектілігін тексергеннен кейін электрондық құжатты көрсетеді. Сәйкессіздік анықталған жағдайда қол жеткізу ұсынылмайды.
Тармақ 9
9. Пайдаланушының келісімін растау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көзделген сәйкестендіру тәсілдерінің бірімен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Құжат пайдаланушысының келісімі веб-порталда тіркелген пайдаланушының абоненттік ұялы байланыс нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберілген қысқа кодты ұсыну және оны пайдаланушының үшінші тұлғаға беруі арқылы ұсынылған жағдайда үшінші тұлғалар сервистен электрондық құжаттарды интеграция арқылы алады.
Тармақ 11
11. Жеке басты куәландыратын электрондық құжаттар төлем және қаржылық қызметтерді алу кезінде пайдаланушының келісімі негізінде сервис арқылы ұсынылады және пайдаланылады.
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 28 шілдедегі № 439/НҚ Бұйрыққа қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21329 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Цифрлық құжаттар сервисін қолдана отырып, электрондық құжаттарды қалыптастыру, тексеру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 367/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №30027 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 352/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 170/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34175 болып тіркелген).