О внесении изменений в некоторые приказы Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 18 тамыздан бастап әрекет ететін тізбенің 3-тармағын және 2026 жылғы 13 тамыздан бастап әрекет ететін тізбенің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 7. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ 198 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларында:
1-қосымша осы Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне (бұдан әрі – бұйрықтар тізбесі) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Әуе кемесінің командиріне экипаждың ұшу алдындағы дайындық уақытын ұлғайтуға рұқсат етіледі, бұл туралы ол пайдаланушының тиісті қызметіне және брифинг жөніндегі диспетчерге хабарлайды. Бұл ретте экипаждың жұмыс уақыты барлық жағдайларда азаматтық авиация саласындағы заңдармен белгіленген нормативтерден аспайды.»;
Тармақ 3
3. «Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:
4-қосымша бұйрықтар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 4
4. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасында:
22-қосымшаның 10RK Модулі бұйрықтар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-қосымша бұйрықтар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 6
6. «Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. ААҚ аэронавигациялық ақпаратты және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын Суверенитеті белгіленбеген әуе кеңістігіне қатысты деректерді алады немесе жасайды, тексереді, құрастырады, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.»;
125- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«125. ААҚ ұшу қауіпсіздігін, аэронавигацияның тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында шетел мемлекеттердің ААҚ сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Егемендігі анықталмаған әуе кеңістігіне қатысты аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты дереу ұсынады, онда Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болады.».
Тармақ 7
7. «Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15597 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін пайдаланушы (иесі) немесе оқыс оқиға және әуеайлағы пайдаланушының (тікұшақ айлағының), әуежайының пайдаланушысы комиссияның авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысады және Комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті (әкімдер) атқарушы органдармен іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, жеке және заңды тұлғалар Комиссияға жан-жақты көмек көрсетеді.».
Басқа 1. Есептен шығару актісі
Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
Әуе кемелерін
есептен шығару ережесіне
1-қосымша
нысан
Есептен шығару актісі
Біз төменде қол қойғандар, 20 __жылғы «____» ______________ №____
бұйрығының негізінде тағайындалған комиссияның құрамы _______________
төраға _________________________________________________________
және мүшелері ____________________________________________________
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
___________________________ есептен шығару туралы шешім қабылдау
үшін ___________ үлгісінде айқындау белгісі, «___»__________ жылы зауыттан
шыққан зауыттық нөмірі және ____ сағат ____ минут өндірілген күннен бастап
жұмыс істеген және ___сағат__ минут соңғы жөндеу, ____ қону көлеміне қарай
бар ______ жөндеумен жарамсыздыққа әкелген себеп
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Бастапқы құны (қайта қалпына келтіру - қайта бағалау үшін)
____________________ _____ теңге. Бухгалтерлік есеп бойынша тозуға бөлінген
сомасы ________________ теңге. Қалған құны _________________ _____ теңге.
Есептен шығарудан шығындар ____________________________ (авария немесе
күтпеген апат жағдайда), қалған құнынан басқа __________ теңге. Шығарылған
және кірістелген жабдықтаушы бұйымдар, двигательдер ______________ теңге.
Металл темірінің құны (қара, түрлі-түсті) ________ теңге. Техникалық жағдайын
сипаттау ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
📌 Ескертпе. Техникалық жағдайын сипаттау ____________________________
_____________ сыртқы байқауының нәтижесін айқындау мен толық сипаттама
беру және негізгі түйінін бағалау керек. Жабдықтаушы бұйымдардың техникалық
жағдайын сипаттау осы актінің қосымшасы болып табылатын тізімге келтірілген.
Комиссияның қорытындысы ______________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Комиссия төрағасы
Мүшелері
Авиакәсіпорынды пайдаланушы басшының қорытындысы
______________________________________________________________
______________________________________________________________
М.О. (бар болса) Тегі: Қолы:
Авиакомпанияның техникалық басшысының қорытындысы (авиажөндеу
зауытының оқу орны)
_______________________________________________________________
М.О. (бар болса) Тегі: Қолы:
Басқа 2. «Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
Авиация персоналы куәліктерін
беру және олардың қолданылу
мерзімін ұзарту қағидаларына
4-қосымша
«Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса):
1. Ұшу экипажы мүшесінің куәлігін беру;
2. Сыртқы пилот куәлігін беру;
3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін беру;
4. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру;
5. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру;
6. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігін беру;
7. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту;
8. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту;
9. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту;
11. Сыртқы пилоттың куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту;
12. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту;
13. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу;
10. Ұшу экипажы мүшесінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту;
14. Авиация персоналының куәлігін және (немесе) оған қосымшаны ауыстыру.
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы
2
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) портал.
3
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамына құжаттар келіп түскен күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні
4
Mемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара цифрландырылған).
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
авиация персоналына куәліктер беру;
авиациялық персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту;
біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту;
куәлікті және (немесе) оған қосымшаны жоғалған, ұрланған, бүлінген, тегін, атын, әкесінің атын ауыстырған (бар болса), кітап үлгісіндегі куәлікті пластикалық карточка түріндегі куәлікке ауыстырған кезде ауыстыру;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем ставкаларына сәйкес.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ портал арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі, төлем «цифрлық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
7
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
1) уәкілетті ұйымға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08:00-ден 17.00-ге дейін.
2) мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
8.1. Ұшу экипажы мүшесінің куәлігін беру:
8.1.1. ұшу экипажы мүшесінің куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш:
PPL жеке пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), CPL коммерциялық авиациясының пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), MPL көпмүшелік экипажының (ұшағының) ұшқышының, ATPL желілік пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, әуе кемесінің) куәліктеріне қатысты арттыру жүйесімен), осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (ЖСН, Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса) ағылшын тілінде баспа әріптерімен көрсетілген);
ULAPL аса жеңіл әуе кемесі пилотының (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі), LAPL жеңіл әуе кемесі (ұшақтың, тікұшақтың) пилотының, FBPL еркін аэростат пилотының, GPL планер пилотының, FROL бортрадистінің куәліктеріне қатысты осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес өтініш FNL штурман куәлігіне қатысты;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш FEL бортинженерінің (бортмеханигінің) куәлігіне қатысты;
теориялық емтихандарды табысты тапсырғаны туралы сертификатты қоса бере отырып, АОО бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшақ пилоттары үшін біліктілік деңгейін тексеру актісінің (LPС) көшірмесі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікұшақ пилоттары үшін ұшуды тексеру актісі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды тексеру актісінің көшірмесі;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұшу экипажының мүшелеріне ұсыным;
шетел азаматтарына паспорттың көшірмесі;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (халықаралық ұшуды орындайтын ұшу экипажының мүшелері үшін);
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
ұшу кітапшасының көшірмесі;
толтырылған сәйкестік парағы, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери есепке алуды есепке алу (Мемлекеттік авиациядан келгендер үшін);
ұшу экипажы мүшелері куәлігінің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде);
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.2. Сыртқы пилот куәлігін беру:
8.2.1. сыртқы пилот куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
АОО немесе авиациялық оқу орнын бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдан басқа, басқа авиация персоналы үшін ұйымның қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұсыным;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
шетел азаматтарына паспорттың көшірмесі;
куәліктің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде).
8.3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін беру:
8.3.1. әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдан басқа, басқа авиация персоналы үшін азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұсыным;
АОО бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесі;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі (ӘҚҚ диспетчері үшін);
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (халықаралық ұшуларды қамтамасыз ету кезінде);
шетел азаматтарына паспорттың көшірмесі;
куәліктің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде);
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.4. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру:
8.4.1. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (ЖСН, Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса) ағылшын тілінде баспа әріптерімен көрсетілген);
АОО - да бастапқы даярлықты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі не егер үміткерде бұрын осы куәлік болмаған болса, мерзімі сертификат берілген күннен бастап 10 жылдан аспайтын модульдік бағдарлама бойынша теориялық емтихандарды сәтті тапсырғаны туралы сертификаттың (сертификаттардың) көшірмесі;
білім туралы құжаттың көшірмесі;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке журналының көшірмесі;
А/В1/В2 санаты бойынша практикалық тағылымдаманың бағалау парағының көшірмесі;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке деректері;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
«Қазақстандық және халықаралық авиациялық заңнама» бағдарламасы бойынша оқығаны туралы құжаттың көшірмесі (Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулінің бағдарламасына сәйкес келетін), танылған шетелдік АОО-да базалық білімнің теориялық емтихандарын тапсыру туралы сертификат берілген жағдайда;
шетел азаматтарына паспорттың көшірмесі;
куәліктің және оған қосымшаның түпнұсқасы (XV тармақ) (куәлікті ауыстыру кезінде);
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.5. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру:
8.5.1. жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
АОО - да бастапқы даярлықты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі немесе сертификат берілген күннен бастап 10 жылдан аспайтын модульдік бағдарлама бойынша теориялық емтихандарды сәтті тапсырғаны туралы сертификаттың (сертификаттардың) көшірмесі;
білім туралы құжаттың көшірмесі;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке журналының көшірмесі;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
«Қазақстандық және халықаралық авиациялық заңнама» бағдарламасы бойынша оқығаны туралы құжаттың көшірмесі (Үлгілік бағдарламалардың 10RK модулінің бағдарламасына сәйкес келетін) , танылған шетелдік АОО-да базалық білімнің теориялық емтихандарын тапсыру туралы сертификат берілген жағдайда;
шетел азаматтарына паспорттың көшірмесі;
әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрі – коммерциялық емес ұйым) тұрақты жұмыс істейтін Біліктілік комиссиясының ұсынысы және шешімі;
куәліктің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде).
8.6. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігін беру:
8.6.1. ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
АОО аяқталғаны туралы құжаттың көшірмесі;
азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған объективті деректері бар осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 9-қосымшаға сәйкес әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдан басқа, басқа авиация персоналы үшін ұсыну;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
шетел азаматтарына паспорттың көшірмесі;
куәліктің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде).
8.7. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту:
8.7.1. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
куәліктің түпнұсқасы және оған қосымша (XV тармақ).
8.8. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту:
8.8.1. жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
коммерциялық емес ұйымның тұрақты жұмыс істейтін Біліктілік комиссиясының ұсынысы және шешімі;
куәліктің түпнұсқасы және оған қосымша (XV-тармақ).
8.9. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту:
8.9.1. ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілген еркін нысандағы өтініш (ЖСН, байланыс деректерін көрсете отырып (телефон, пошталық мекенжай), сондай-ақ цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
мамандығы бойынша кәсіптік деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
куәліктің түпнұсқасы.
8.10. Ұшу экипажы мүшесінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту:
8.10.1. ұшу экипажы мүшесінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш:
PPL жеке пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), CPL коммерциялық авиациясының пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), MPL көпмүшелік экипажының (ұшағының) пилотының, ATPL желілік пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, әуе кемесінің) куәліктеріне қатысты PPL жеке пилоттық жобасы (көтеру күшін ұлғайту жүйесімен), осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
ULAPL аса жеңіл әуе кемесі пилотының (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі), LAPL (ұшақ, тікұшақ) жеңіл әуе кемесінің пилотының, FBPL еркін аэростат пилотының, GPL планер пилотының, FROL бортрадистінің ЖСН көрсетілген еркін нысандағы (ЖСН, байланыс деректерін көрсете отырып (телефон, пошталық мекенжай) өтініш куәліктеріне қатысты, сондай-ақ цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімді;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FNL штурман куәлігіне қатысты;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FEL бортинженерінің (бортмеханигінің) куәлігіне қатысты;
қайта даярлаудың уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшақ пилоттары үшін біліктілік деңгейін тексеру актісінің (LPС) көшірмесі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікұшақ пилоттары үшін ұшуды тексеру актісі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды тексеру актісінің көшірмесі;
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
куәліктің және оған қосымшаның (бар болса) көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.10.2. ұшу экипажы мүшесінің куәлігіндегі біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш:
PPL жеке пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), CPL коммерциялық авиациясының пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), MPL көпмүшелік экипажының (ұшағының) пилотының, ATPL желілік пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, әуе кемесінің) куәліктеріне қатысты арттыру жүйесімен), осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктеріне қатысты;
ULAPL аса жеңіл әуе кемесі пилотының (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі), LAPL жеңіл әуе кемесінің (ұшақтың, тікұшақтың) пилотының, FBPL еркін аэростат пилотының, GPL планер пилотының, FROL бортрадистінің (ЖСН, байланыс деректерін көрсете отырып (телефон, пошталық мекенжай) еркін нысандағы өтініш куәліктеріне қатысты, сондай-ақ цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FNL штурман куәлігіне қатысты;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FEL бортинженерінің (бортмеханигінің) куәлігіне қатысты;
мамандығы бойынша кәсіптік деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшақ пилоттары үшін біліктілік деңгейін тексеру актісінің (LPС) көшірмесі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікұшақ пилоттары үшін ұшуды тексеру актісі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды тексеру актісінің көшірмесі;
нұсқаушылардың кәсіби деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (қажет болған жағдайда);
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
куәліктің және оған қосымшаның (бар болса) көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.10.3. ұшу экипажы мүшелерінің куәлігінде радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді білуі туралы арнайы белгінің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
(ЖСН, байланыс деректерін көрсете отырып (телефон, пошталық мекенжай) еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі;
куәліктің және оған қосымшаның (бар болса) көшірмесі.
8.11. Сыртқы пилоттың куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту:
8.11.1. сыртқы пилоттың куәлігінде біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
(ЖСН, байланыс деректерін көрсете отырып (телефон, пошталық мекенжай) көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
уақыт бойынша соңғы қайта даярлау курстарынан өткенін немесе мамандығы бойынша кәсіби деңгейін қолдағанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
куәліктің және оған қосымшаның (бар болса) көшірмесі.
8.12. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту:
8.12.1. әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік белгілерін енгізу немесе қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
(ЖСН, байланыс деректерін көрсете отырып (телефон, пошталық мекенжай) көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесі;
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі (ӘҚҚ диспетчері үшін);
мамандығы бойынша кәсіптік деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
куәлікке қосымшаның көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.12.2. әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне арнайы белгінің қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
нұсқаушының қайта даярлау немесе кәсіби деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын
құжаттардың көшірмелері және осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесі (нұсқаушының арнайы белгісінің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту кезінде);
радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді білуі туралы арнайы белгіні енгізу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту кезінде);
куәлікке қосымшаның көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу:
8.13.1. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне «В» немесе «В2» санаттары бойынша «Ratings» бағанында біліктілік белгісін енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
әуе кемелерінің, қозғалтқыштың үлгілерін және куәліктің санатын көрсете отырып, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
әуе кемесінің үлгісіне оқыту курсының практикалық және теориялық элементтерінің өткені туралы құжаттардың көшірмелері, ал қажет болған жағдайда практикалық тағылымдама бойынша жазбалар. Егер сертификатты уәкілетті ұйым оны жүргізетін ТҚК және АТҚ ұйымына қатысты мақұлдаса, практикалық тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша сертификат беруге жол беріледі;
куәліктің және оған қосымшаның түпнұсқасы (XV тармақ);
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13.2. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне «С» санатындағы «Ratings» бағанында біліктілік белгісін енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
әуе кемелерінің, қозғалтқыштың үлгілерін және куәліктің санатын көрсете отырып, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3-деңгей бойынша оқытудың теориялық бөлігінен кейін әуе кемесінің үлгісінде оқудан өткенін және емтихан тапсырғанын растайтын сертификаттардың көшірмелері («С» санатының бірінші жазбасы үшін), ал «С» санаты бойынша әрбір кейінгі жазба үшін-1-деңгей бойынша әуе кемесінің талап етілген үлгісіне оқытуды дәлелдейтін сертификаттар (әуе кемесімен жалпы таныстыру курсы). Егер «С» санатына үміткер осы біліктілік белгісін куәлікке енгізілген әуе кемесінің және қозғалтқыштың сол үлгісіндегі «В1» немесе «В2» санаттары арқылы алса, теориялық оқытудан өткені туралы Жеке сертификат ұсыну талап етілмейді;
ТҚК және АТЖ ұйымындағы жұмыс тәжірибесін немесе мемлекеттік авиацияда немесе әуе кемелерін шығару кезінде алынған тәжірибені растайтын құжаттардың көшірмелері;
куәліктің және оған қосымшаның түпнұсқасы (XV тармақ);
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13.3. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне «Ratings» бағанында «В1» немесе «В2» санаттары бойынша 2-топтағы 2а, 2b және 2с кіші топтарының толық рейтингі біліктілік белгісін енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2-топтағы толық кіші топтың сұратылған рейтингі және куәліктің санаты көрсетілген өтініш;
әуе кемесінің типіне оқыту курсының практикалық және теориялық элементтерінен өткендігі туралы құжаттардың, ал қажет болған жағдайда практикалық тағылымдама бойынша жазбалардың (OJT) көшірмелері. Тәжірибелік тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша сертификатты, егер сертификатты Уәкілетті ұйым оны өткізетін ӘКЖ және ТҚК ұйымына қатысты мақұлдаған болса, ұсынуға жол беріледі;
Осы кіші топта ұсынылған кемінде 3 әуе кемесінің практикалық тәжірибесін растайтын құжат;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13.4. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне 2а, 2b және 2с толық кіші тобының «Ratings» бағанында «С» санаты бойынша 2-топта біліктілік белгісін енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2-топта сұратылған кіші топты және куәліктің санатын көрсете отырып өтініш;
осы кіші топта ұсынылған әуе кемесінің кемінде 3 типі бойынша 3-деңгей бойынша оқытудың теориялық бөлігінен кейін әуе кемесінің типіне оқудан өткенін және емтихан тапсырғанын растайтын сертификаттардың көшірмелері;
ӘКЖ және ТҚК ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
8.13.5 әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне «В1» немесе «В2» санаттары бойынша 3-топтың «Ratings» бағанында біліктілік белгісін енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салынатын 3-топ пен куәліктің санатын көрсете отырып өтініш;
әуе кемесінің типіне оқыту курсының практикалық және теориялық элементтерінен өткендігі туралы құжаттардың, ал қажет болған жағдайда практикалық тағылымдама бойынша жазбалардың (OJT) көшірмелері. Тәжірибелік тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша сертификатты, егер сертификатты уәкілетті ұйым оны өткізетін ТҚК және РАТ ұйымына қатысты мақұлдаған болса, ұсынуға жол беріледі;
әуе кемелерінің осы тобында ӘК-де жұмыс істеудің практикалық тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13.6 әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне «С» санаты бойынша 3-топтың «Ratings» бағанында біліктілік белгісін енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады: осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салынатын 3-топ пен куәліктің санатын көрсете отырып өтініш;
3-деңгей бойынша оқытудың теориялық бөлігінен кейін әуе кемесінің типіне оқудан өткенін және емтихан тапсырғанын растайтын сертификаттардың көшірмелері;
әуе кемелерінің осы тобындағы ӘК-де жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13.7. жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың (LAML) куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін өтініш беруші коммерциялық емес ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
әуе кемелерінің үлгісіне немесе түріне АОО-да оқудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
жұмыс тәжірибесін растайтын, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке журналы парақтарының көшірмесі;
«В3» санатындағы жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың біліктілік деңгейін тексеру актісінің көшірмесі;
«|Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері» бағдарламасы бойынша оқытудан өткені туралы құжаттың (Үлгілік бағдарламалардың 9-модулінің бағдарламасына сәйкес келетін) көшірмесі.
8.14. кітап үлгісіндегі куәлікті пластикалық карточка түріндегі куәлікке ауыстырған кезде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
8.14.1. куәлікті жоғалтқан, ұрлаған және бүлдірген кезде өтініш беруші авиация персоналының тиісті куәлігін алуға белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды және мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесін ұсынады.
8.14.2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген кезде, оның ішінде қолданыстағы куәліктің форматы өзгерген және басқа да техникалық себептер болған кезде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
куәліктің және (немесе) оған қосымшаның түпнұсқасы;
шетел азаматтарына паспорттың көшірмесі;
пластикалық карточка түріндегі куәлікке ауыстырған кезде екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қарап тұрған адамның оң жағында бұрышы бар) немесе сандық фотосурет (3,5*4,5 см., кемінде 413*531 (пиксель);
пластикалық карточка түріндегі куәлікке ауыстырған кезде жеке қолтаңба үлгісінің электрондық көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынады.
9
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңының талаптарына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8786 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығымен Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығымен бекітілген Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15600 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген), сондай-ақ осы Қағидаларда және үлгілік бағдарламаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
10
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне ауысып, қажетті құжатты таңдау қажет.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мына интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі – www.transport.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі;
2) «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ – www.саа.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.
Басқа 3. 10RK модулі. Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы берген ӘК ТҚ маманы куәлігінің иелері және ӘК ТҚ маманы куәлігін иеленуге үміткерлер үшін «Қазақстандық авиациялық және халықаралық заңнама» оқу курсының бағдарламасы
Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 3-қосымша
10RK модулі. Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы берген ӘК ТҚ маманы куәлігінің иелері және ӘК ТҚ маманы куәлігін иеленуге үміткерлер үшін «Қазақстандық авиациялық және халықаралық заңнама» оқу курсының бағдарламасы
📌 Ескертпе. Модуль бағдарламасы ӘК-ге сервистік қызмет көрсету жөніндегі механиктерге (кестеде «механик» деп белгіленген), «А», «В1», «В2», «В3», «С» санаттарындағы ӘК ТКЖ маманы куәлігінің иелері мен иеленуге үміткерлерге, басқа персоналға (кестеде «басқа персонал» деп белгіленген), атап айтқанда: АТЖ және ТКЖ ұйымының персоналына, ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсететін персоналға, сондай-ақ ӘК-ге сервистік қызмет және техникалық күтім көрсететін авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін анықтау құқығы бар жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
р/с
№
10RK модулі.
Бұл модуль механиктер мен басқа персоналдың А, В1, В2, В3 және С санаттары үшін қолданылады
Деңгей/Level
Механик
А1, В1, В2, В3, С
Басқа персонал
1.
АА саласында заң шығарушы органдар / Құжаттар
ИКАО:
ИКАО, Чикаго конференциясы және Чикаго конвенциясы, ҚР-ның Чикаго конвенциясын ратификациялауы, ИКАО жарғысы.
ИКАО стандарттары және ұсынған практикасы – анықтама. Чикаго конвенциясының «Халықаралық стандарттар мен процедуралардан ауытқу» туралы 36-бабы.
Чикаго конвенциясының «ИКАО мақсаттары мен міндеттері» туралы 44-бабы.
ИКАО қосымшалары (Annexes).
ИКАО 1, 6 (1, 2, 3-бөлімдер), 8-қосымшалары (Annexes). Бұл Қосымшаларды әр Қосымшаның алғысөзінде берілген анықтамалар арқылы қолдану. Коммерциялық әуе көлігі және жалпы мақсаттағы авиация анықтамалары.
ҚР Құрылтайы, ҚР Үкіметі; ҚР көлік министрлігі және ААК. ҚР-ның азаматтық авиация қызметін реттейтін заң шығарушы органдары шығаратын құжаттар.
FAA, EASA, JAA және олар шығаратын ережелер туралы түсінік. EASA мен JAA заңды өкілеттіктері және олардың өзара айырмашылықтары. EASA шығаратын Commission Regulation және Council Regulation туралы түсінік.
ӘК өндірісі, ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсету, ӘК ТКЖ ұйымдары, ӘК ТКЖ-мен айналысатын персоналды лицензиялау, оқыту салаларындағы Еуроодақ ережелері. Еуроодақ шегінен тыс ӘК ТКЖ ұйымдарын мақұлдау бойынша EASA саясаты.
Авиациялық билік органдарының қызметін тексеру бойынша ИКАО аудиттері.
1
2
2
2.
Жалпы анықтамалар
ӘК ТКЖ бойынша мақұлданған ұйым.
ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша мақұлданған ұйым.
ӘК ТКЖ-мен айналысатын персоналды оқыту бойынша мақұлданған ұйым.
Сертификаттайтын, сертификаттамайтын және қолдау жасайтын персонал туралы түсінік. Осы персоналдың ауыр ӘК-де және ауыр емес басқа ӘК-де жұмыс орындау кезіндегі міндеттері.
Персоналды лицензиялау туралы түсінік.
1
2
2
3.
3.1.
Қазақстан Республикасының 2010.15.07 күнгі № 339- IV
«ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңы;
2013.04.07 күнгі № 132-V Қазақстан Республикасы Заңының редакциялары және барлық кейінгі редакциялар.
1
2
2
4.
Сертификаттайтын персонал.
ҚР-да персоналды лицензиялау жүйесін түсіну.
ИКАО 1-қосымшасының (Annex 1) ӘК ТКЖ маманы куәліктерінің иелеріне қоятын талаптары. Бүкіл ӘК-ге немесе оның жекелеген жүйелеріне күтім жасау мақсатында ӘК ТКЖ маманы куәлігін алуға үміткер жинақтайтын тәжірибеге қойылатын талаптар. А, В1, В2, В3 және С санаттарындағы ӘК ТКЖ маманы куәлігін алуға үміткерлердің тәжірибесіне қойылатын ИКАО, Қазақстан Республикасы және EASA талаптары.
Еуроодақ шегінен тыс Part-145 бойынша сертификатталған ӘК ТКЖ ұйымдарында жұмыс істейтін ӘК ТКЖ мамандарының тәжірибесіне қойылатын талаптар.
ӘК ТКЖ ұйымдары жағдайларында және өздіктерінен ӘК ТКЖ орындау кезіндегі А, В1, В2, В3, С санаттарындағы ӘК ТКЖ маманы куәліктері иелерінің өкілеттіктері. ӘК-де немесе компоненттерінде жұмыстарды орындауға рұқсат беру және жұмыстарды орындағаннан кейін сертификаттайтын персоналды ӘК немесе компонентін пайдалануға жіберу сертификатын беру құқығы.
Сертификаттайтын персоналға берілген EASA анықтамасы. «Техникалық қызмет көрсету куәлігінің» ИКАО берген анықтамасы және «ӘК немесе компонентін пайдалануға жіберу сертификатының» EASA берген анықтамасы.
Персоналға жеке рұқсат сертификаттарын (рұқсаттарды) беру бөлігіндегі сапа кепілдігі (техникалық бақылау) бөлімінің (департаментінің) өкілеттіктері мен міндеттері және олардың берілгендігін дәлелдейтін дербес деректерді бақылау. АА ұйымының бөлім (департамент) басшысының жеке сертификаттау рұқсаттарын (ЖСР) беру кезіндегі жауапкершілігі. Жұмыстарды орындағаннан кейін ӘК ТКЖ ұйымында сертификаттайтын персоналдың пайдалануға жіберу сертификатын беру құқығын бақылау.
3.6-тармақтың мазмұнын түсіну. (b) ӘК ТКЖ ұйымы мен сертификаттайтын персоналдың өз өкілеттіктерін пайдалану кезіндегі жауапкершілігін қоса алғанда, ӘК ТКЖ маманы куәлігінің қосымшалары (XV тармақ).
Жұмыстарды орындауға рұқсат беру және ӘК компоненттеріне күтім жасау кезінде орындалған жұмыстарды сертификаттау.
ҚР Министрлер кеңесінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиациялық персоналды кәсіби даярлау қағидасы» туралы қаулысы.
ҚР министрлігінің «Авиациялық персонал куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидалары» туралы бұйрығы.
ҚР министрлігінің «Авиациялық персонал куәлігі берілетін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары» туралы бұйрығы.
«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін авиациялық персоналды кәсіби даярлау типтік бағдарламалары».
ҚР «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіптік стандарты.
Персоналды лицензиялау саласындағы EASA заңнамасын түсіну. ЕО No 1321 /2014 қаулысы; осы Қаулының Annex III (Part 66).
1
2
2
5.
АТЖ және ТКЖ бойынша мақұлданған ұйым
ӘК ТКЖ ұйымдарын мақұлдау бойынша ҚР заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілерін түсіну:
ҚР Үкіметінің «АА АТЖ және ТКЖ ұйымын сертификаттау қағидалары» туралы қаулысы;
ҚР Үкіметінің «АА АТЖ және ТКЖ ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптары» туралы қаулысы.
ӘК ТКЖ ұйымдарын сертификаттау саласындағы EASA заңнамасын түсіну. ЕО No 1321 /2014 қаулысы; осы Қаулының Annex II (Part 145).
ӘК ТКЖ ұйымының типтік құрылымы.
ҚР-да және EASA агенттігінде қабылданған ӘК мен оның компоненттеріне техникалық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес ӘК ТКЖ ұйымында орындалған жұмыстарға кепілдік беруге жауапты менеджердің (Accountable Manager) анықтамасы және міндеттері.
Жұмыс карталарын (операциялар бойынша тізімдемелерді) қоса алғанда, жұмыс құжаттамасының дұрыс толтырылуын түсіну. ӘК ТКЖ-де тәжірибе жинақтау немесе жұмыс құжаттамасын толтыру кезінде ӘК ТКЖ-де көмек көрсету мақсатында ӘК ТКЖ-ге қатысатын персоналдың, сертификаттайтын персоналдың, сертификаттамайтын персоналдың өкілеттіктері.
Қазақстан Республикасында Part-145 бойынша мақұлданған ӘК ТКЖ ұйымдарының мәртебесі.
1
2
2
6.
Азаматтық ӘК пайдаланушыларын сертификаттау:
6-қосымшаның 1-бөліміне сәйкес пайдаланушы елінің анықтамасы.
Азаматтық ӘК пайдаланушысының сертификаты туралы түсінік. Пайдалану ерекшеліктері. «Техникалық қызмет көрсету» атты D бөлімі.
ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсету бойынша пайдаланушы жауапкершілігі.
ҚР Үкіметінің «Азаматтық ӘК пайдаланушысын сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары» туралы қаулысы.
ҚР Үкіметінің «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптары» туралы қаулысы.
«Техникалық күтімді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығы» (ИКАО, ҚР) және «ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсетілуін басқару нұсқаулығы» (САМЕ) (EASA).
1
2
2
7.
7.1
7.2
ӘК сертификаттары
ӘК бортында болуы тиіс құжаттар:
ӘК ұшу жарамдылығы сертификаты
ӘК тіркеу сертификаты
ӘК шу жөніндегі сертификаты
ӘК RVSM сертификаты
ӘК радиостанциялары лицензиясы
ӘК ҰЖ сертификатын тану туралы шешім
ҚР министрлігінің «Шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану» туралы бұйрығы.
1
2
2
8
ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсету:
ИКАО 8-қосымшасына сәйкес ұшу жарамдылығына қолдау көрсету анықтамасы.
Чикаго конвенциясы қосымшасының ӘК тіркеу елінен ӘК пайдаланушысының еліне өкілеттіктерді беру бөлігіндегі 83bis бабы.
ӘК тіркеу мемлекетінің авиациялық билік органдары мен ӘК пайдаланушысы мемлекетінің арасында ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсетілуін қадағалау мәселелері бойынша өкілеттіктерді бөлу бөлігіндегі ИКАО 8-ережесі.
ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсету ұйымдарын сертификаттау саласындағы EASA заңнамасын түсіну. ЕО No 1321/2014 қаулысы; осы Қаулының Annex I (Part М).
Техникалық күтімді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығы / ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсетілуін басқару ұйымы (САМО) – функциялары, мақсаттары мен міндеттері.
ӘК пайдаланушысының / меншік иесінің / жалға алушысының ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсету жөніндегі жауапкершілігі.
Part-М талаптарына сәйкес ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсетудің құрамдас бөліктері;
Коммерциялық әуе көлігі, барлық ауыр ӘК және көп қозғалтқышты тікұшақтар, сондай-ақ коммерциялық тасымалдар үшін қолданылмайтын жеңіл ӘК үшін ӘК-ге еуропалық техникалық қызмет көрсету құрылымы.
ӘК үлгісінің сертификаты / ӘК үлгісінің қосымша сертификаты туралы түсінік.
ҚР Үкіметінің «Сертификаттау және Ұшу жарамдылығы сертификатын беру қағидалары» туралы қаулысы.
ҚР Үкіметінің «ҚР азаматтық ӘК ұшу жарамдылығы нормалары» туралы қаулысы.
ҚР Үкіметінің 2011.23.07 күнгі № 851 «ҚР азаматтық ӘК-сін техникалық пайдалану және оларды жөндеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 17-тарауы.
1
2
2
9.
Түсіну:
Мақұлданған ӘК ТКЖ бағдарламасы және оны мақұлдайтын авиациялық билік органы.
MMEL, MEL, CDL және оларды мақұлдайтын авиациялық билік органдары.
Авиациялық директивалар (AD) және оларды шығаратын авиациялық билік органдары.
Сервистік бюллетеньдер, өндірушінің сервистік ақпараты және оларды шығаратын авиациялық билік органдары.
Модификациялар және жөндеулер. Модификациялар мен жөндеулерді реттеуші органдардың мақұлдауы.
ӘК ТКЖ бойынша құжаттама: АММ, SRM, IPC және т.б.
ӘК ТКЖ бағдарламасының (AMP) көзі ретінде ӘК-ге техникалық қызмет көрсету деректері (MPD). ӘК ТКЖ нұсқаулығы (АММ), сервистік хаттар (SL) және жұмыс карталарының (Task Cards) көзі ретінде ұшу жарамдылығы директивалары (AD). Сервистік бюллетеньдер (SB) мен қосымша үлгі сертификаттарының (STC) көзі ретінде ұшу жарамдылығына қолдау көрсету (CAR) талаптары.
MPD, AMP, AMM, SL, AD, STC, SB құжаттарының олардың мазмұнына өзара ықпалы.
ИКАО (6-қосымша, Е толықтыруы) талаптарына сәйкес мақұлдауды қажет ететін құжаттар: CDL, MMEL, MEL, Техникалық қызмет көрсету бағдарламалары, Техникалық қызмет көрсету жөніндегі бекітілген ұйымдар. Техникалық қызмет көрсету бойынша міндетті жұмыстар және олардың мерзімділігі.
ӘК-мен аралап ұшу және оны айдап апару.
Түсіну:
- ETOPS / қосалқы аэродромға кететін уақыты ұзартылған ұшуларды жүзеге асыруға қойылатын талаптар (EDTO) – ИКАО, EASA, FAA.
- ӘК автоматты қондыруға арналған 2 / 3A / 3B / 3C санаттары.
- RVSM.
- RNAV
- Отын бактарының қауіпсіздігі (Fuel Tank Safety) / Отын багының ішіндегі компоненттердің жай-күйіне және олардың орналастырылуына қойылатын талаптар (Critical Design Configuration Control Limitation) (CDCCL).
- Электр сымдар мен электр қосылыстарды монтаждау (EWIS).
- Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (ҰҚБЖ) / Safety Management System (SMS).
- Шетелдік әуе кемелерінің қауіпсіздігін бағалау (SAFA).
1
2
2
10.
ӘК ТКЖ-мен айналысатын персоналды оқыту:
1) Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптары
2) Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары.
3) ӘК ТҚ-ға қатысатын персоналды оқытатын персонал үшін ҚР және EASA талаптары – ӘК үлгісі бойынша бастапқы даярлау мен оқытудың теориялық және практикалық элементтерінің нұсқаушылары, емтихан қабылдаушылар, практикалық бағалаушылар, міндеттерді практика жүзінде орындауды оқытып-үйрететін супервайзерлер, кәсіптік деңгейді қолдау бағдарламасының нұсқаушылары.
11.
ӘК-ге сервистік қызмет пен техникалық қызмет көрсететін персоналдың өкілеттіктері. ӘК ұшу алдындағы инспекциясын (Pre-Flight Inspection) қоса алғанда, персоналға ӘК-де сервистік жұмыстарды орындауға рұқсат беру бойынша пайдаланушының жауапкершілігі
1
2
2
12.
ҚР авиациясының, оның заңнамалық және нормативтік базасының даму жолдары.
1
2
2
Басқа 4
Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне 4-қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына 1-қосыша
Нысан
__________________________
уәкілетті ұйымның атауы
_________________________
өтініш берушінің тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
____________________________
жеке куәліктің (паспорт) №
____________________________
заңды тұлға ұйымының атауы
____________________________
мекенжайы, байланыс телефоны
____________________________
(ЖСН / БСН)
____________________________
Тегі Аты Әкесінің Аты (болған жағдайда)
Әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім
1
Әуе кемесін (ӘК үлгісі) мемлекеттік тіркеуді жүргізуді сұраймын ________________:
Берілсін: мынадай өзгерістерге байланысты азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу:
азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (иесі) және (немесе) оның атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтық әуе кемесін пайдаланушы және (немесе) оның атауы (бар болса);
азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтауға байланысты оның мақсаты;
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі;
2.
Әуе кемесі туралы деректер:
2.1
Азаматтық әуе кемесін бұрынғы тіркеген мемлекет:
(бұрынғы тіркелген мемлекеттің атауы және айырым белгісі)
2.2
Тану белгісі:
2.3
Сериялық (зауыттық) нөмірі
2.4
Зауыттан шығарылған күні: (күні, айы, жылы)
2.5
Дайындаушы (зауыт, мемлекет):
2.6
Азаматтық әуе кемесінің мақсаты
2.7
Азаматтық әуе кемесінің сыныбы
2.8
Қозғалтқыш қуаты
2.9
Ең жоғары ұшу салмағы
3.0
Соңғы жөндеу жүргізілген күні мен орны
3.1
Техникалық байқауды немесе ұшу сынағын кім және қашан жүргізді
3.2
Жөндеуге дейінгі әуе кемесі ресурсының қалдығы (сағатпен, қонумен, жылдармен)
3.3
Әуе кемесінің тұрақты орналасу орны:
3.4
Әуе кемесіне құқық түрі (қажеттісінің астын сызу):
1) меншік құқығы;
2) пайдалану құқығы;
3) жедел басқару құқығы;
4) шаруашылық басқару құқығы.
4.
Шарттың нөмірі және сатып алу күні:
Меншік иесі
№_____ «__» ________20__ жыл
Пайдаланушы
№_____ «__» ________20__ жыл
Меншік иесінің санаты (астын сызу):
1) жеке тұлға;
2) заңды тұлға.
5.
Меншік иесі құжатының санаты (заңды тұлға үшін):
заңды тұлғаның атауы:
заңды тұлғаның БСН
меншік иесінің заңды мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, пәтер)
меншік иесінің телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы
6.
Меншік иесі құжатының санаты (жеке тұлға үшін):
Құжаттың сериясы және берілген күні:
№ ___ «__» ______ 20__ жыл
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні
________ «__» ____20__ жыл
ЖСН
мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, пәтер)
телефон, факс нөмірі және
e-mail мекенжайы
7.
Пайдаланушы құжатының санаты (заңды тұлға үшін):
заңды тұлғаның атауы
заңды тұлғаның БСН
пайдаланушының заңды мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үйдің нөмірі, пәтер)
пайдаланушының телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы
8.
Пайдаланушы құжатының санаты (жеке тұлға үшін):
Құжаттың сериясы және берілген күні
№ ___ «__» _____ 20__ жыл
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), туған күні
_____ «__» ______20__ жыл
ЖСН
мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, пәтер)
телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы
9.
Төлем нөмірі, күні және сомасы:
№_____20___жылғы «__»______ ____теңге.
10.
Байланысушы тұлға (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефон, факс нөмірі және e-mail мекенжайы)
11.
Қызметтерді алған жағдайда (Шуыл бойынша сертификат, радиотаратқыш аппаратура ретінде) төменде көрсетілген кестелер бойынша деректерді толтырыңыз
12.
Төлем нөмірі, күні және сомасы: _№ _________ 20___ жылғы «__» _____ _____ теңге.
Шуыл бойынша сертификат алу үшін
+/-
сипаттаңыз
Ұшақ
Тікұшақ
басқа
Әуе винтінің деректері (бар болса)
Әуе кемесінің ең жоғары ұшу массасы
Әуе кемесінің ең жоғары қону массасы
Шуылды сертификаттау стандарты
Қолданылатын шуыл бойынша сертификаттау стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген қосымша модификация
Ұшу-қону жолағының бүйіріндегі шу деңгейі / толық қуат режимінде
Қону кезінде шу деңгейі
Ұшу кезіндегі шу деңгейі
Ұшып келу кезіндегі шу деңгейі
Ұшып кету кезіндегі шу деңгейі
азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиотаратушы аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін
Ұшақ
Тікұшақ
басқа
Авиациялық радиожиілік диапазонында жұмыс істейтін радиотаратушы құрылғылардың тізбесі:
Мыналардың:
тіркелетін азаматтық әуе кемесіне ауыртпалықтың болмауын;
Мемлекеттік тізілімге және Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, жерүсті және спутниктік арналар арқылы жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен орналасқан жері туралы деректерді беруді қамтамасыз ететін жабдықтың болуын;
азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені немесе қайта тіркегені үшін төлемақы енгізу. ________________________________________________________
растау туралы мәліметтер
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін (Меншік иесі/ Пайдаланушы)
Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін)
Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы (заңды тұлға үшін)
Мөр орны (бар болса)
20__жылғы «__» ___________ (жеке тұлға үшін): _____________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__жылғы «__» ___________