Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Tauken Minerals Ltd.» жеке компаниясына осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімшілік шекарасы шегінде орналасқан жалпы ауданы 7417,5 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2029 жылғы 18 мамырға дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Tauken Minerals Ltd.» жеке компаниясы «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) туралы шарт жасассын.
Тармақ 3
3. «Tauken Minerals Ltd.» жеке компаниясы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұмыстарды бастамас бұрын жер пайдаланушыларды хабардар етсін және олардан келісім алсын.
Тармақ 4
4. «Tauken Minerals Ltd.» жеке компаниясы (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.
Тармақ 5
5. «Tauken Minerals Ltd.» жеке компаниясы пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
Тармақ 6
6. «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қауылының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Tauken Minerals Ltd.» жеке компаниясы қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы ___________ №________ қаулысына 1 қосымша «Tauken Minerals Ltd.» жеке компаниясы қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі № р/с Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы кадастрлық нөмірі қауымдық сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар 1 Серик Ержанович Асанов 01-001-017-146 167 167 2 «Бавария KZ» ЖШС 01-001-017-164 501,3 501,3 3 Еркен Ерсаинович Абеуов 01-001-017-186 401,6 401,6 4 «Кокдомбак KZ» ЖШС 01-001-017-189 154,7 154,7 5 «Кокдомбак KZ» ЖШС 01-001-017-191 944,4 944,4 6 Райгуль Махметовна Бахтыгалиева 01-001-017-196 882,2 882,2 7 Райгуль Махметова Бахтыгалиева 01-001-017-197 391,1 391,1 8 Игилик Амангельдинович Таутенов 01-001-017-202 149,4 149,4 9 «Бавария KZ» ЖШС 01-001-025-001 472,6 472,6 10 Ибрай Кабдулжалелулы Садвакасов 01-001-025-005 200,7 200,7 11 «Жаңа-Береке Репродуктор» ЖШС 01-001-025-007 530,5 530,5 12 «Жаңа-Береке Репродуктор» ЖШС 01-001-025-017 680,8 680,8 13 «Бавария KZ» ЖШС 01-001-025-032 48,6 48,6 14 Чингиз Ержигитович Мадибеков 01-001-025-039 498,6 498,6 15 Қарасай ауылдық округінің босалқы жерлері - 1394 1394 Жиыны 7417,5 7417,5