О признании утратившими силу некоторых решений Приозерского городского маслихата Күшіне енбеген
Басқа 0
Приозерск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Приозерск қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6296 тіркелген);
Тармақша 2
2) Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/30 «Приозерск қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 қазандағы № 9/78 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25244 тіркелген).
Тармақ 2
2. «Приозерск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Приозерск қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.