Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген
Басқа 0
Қауымдық сервитутты
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімшілік шекарасы шегінде орналасқан жалпы ауданы 1062,6 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылғы 8 сәуірге дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) туралы шарт жасассын.
Тармақ 3
3. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұмыстарды бастамас бұрын жер пайдаланушыларды хабардар етсін және олардан келісім алсын.
Тармақ 4
4. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.
Тармақ 5
5. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
Тармақ 6
6. «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақкөл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы __________ №________
қаулысына 1 қосымша
«Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ р/с
Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
кадастрлық нөмірі
қауымдық сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар
Оның ішінде
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар
Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар
1
«Қазына-Алтын Бидай» ЖШС
01-001-025-048
488,2
488,2
2
«Асет Ми» ЖШС
01-001-025-011
27,1
27,1
3
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ
01-001-032-014
16,7
16,7
4
«Асет Ми» ЖШС
01-001-025-010
178,1
178,1
5
Абдрахманов А.А.
01-001-017-136
43,2
43,2
6
Қарасай ауылдық округінің босалқы жерлері
-
309,3
309,3
Жиыны
1062,6
1045,9
16,7