Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімшілік шекарасы шегінде орналасқан жалпы ауданы 632,7 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылғы 4 ақпанға дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұмыстарды бастамас бұрын жер пайдаланушыларды хабардар етсін және олардан келісім алсын.
Тармақ 3
3. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.
Тармақ 4
4. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
Тармақ 5
5. «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы ___________ №________ қаулысына 1 қосымша «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі № р/с Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы кадастрлық нөмірі қауымдық сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар, гектар Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар 1 Айгуль Еркиновна Абдрасилова 01-001-012-251 112,9 112,9 2 «Bayis- agrobiznes» ЖШС 01-001-012-211 85,8 85,8 3 «Bayis- agrobiznes» ЖШС 01-001-012-210 389,2 389,2 4 «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Кеңес» орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 01-001-040-002 44,8 - Жиыны 632,7 587,9