Об установлении публичного сервитута Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31– бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Gold Fields» ЖШС-на пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 2492 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2032 жылдың 3 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.