Об утверждении Методики по формированию показателей статистики туризма на основе данных мобильного позиционирования Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Мобильді позициялау деректері негізінде туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 38-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 24-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мобильді позициялау деректері негізінде туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесін бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне басшылыққа алу және жұмыста пайдалану үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
Басқа 1. Мобильді позициялау деректері негізінде туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 20
Бұйрыққа қосымша
Мобильді позициялау деректері негізінде туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мобильді позициялау деректері негізінде туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15) тармағының 24-тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) туризм статистикасы саласындағы ресми статистикалық ақпаратты түзу кезінде мобильді позициялау деректері негізінде ішкі және келу туризмінің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру тәртібін айқындау үшін қолданады.
Тармақ 3
3. Бюро әдістемені Дүниежүзілік туристік ұйымның туризм статистикасы жөніндегі Халықаралық ұсынымдардың ережелеріне сәйкес әзірленді және ресми статистикада көлемді деректерді қолдану ерекшеліктерін ескереді. Халықаралық туризм статистикасының жекелеген тұжырымдамалары мобильді позициялау деректерінің мүмкіндіктері мен шектеулеріне бейімделген.
Тармақ 4
4. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) абонент – байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасалған жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) зәкір нүктесі – абоненттің белгілі бір уақыт аралығында үнемі және тұрақты түрде баратын географиялық орын;
Тармақша 3
3) келу туризмі – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаттары;
Тармақша 4
4) мобильді позициялау деректері (MPD) – телекоммуникация желісін қолдану процесінде ұялы байланыс операторлары қалыптастыратын және уақыт пен географиялық байланысын көрсетумен абоненттер белсенділігінің сигналдық деректері туралы ақпаратты қамтитын, иесіздендірілген деректер;
Тармақша 5
5) роуминг – ұялы байланыс операторларының арасындағы роумингтік келісім негізінде ұялы байланыс операторының абонентіне басқа елдің ұялы байланыс операторының желісінде ұялы байланыс қызметтерін көрсету;
Тармақша 6
6) ұялы байланыс операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұялы байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
Тармақша 7
7) тұрақты тұрғылықты жер – ұзақ уақыт бойы анықталатын және оның әдеттегі ортасын сәйкестендіру үшін қолданылатын абоненттің негізгі зәкір нүктесі;
Тармақша 8
8) туризм – туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;
Тармақша 9
9) ішкі туризм – Қазақстан Республикасы азаматтарының және оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаттары.
Тарау 2. 2-тарау. Мобильді позициялаудың дереккөздері
2-тарау. Мобильді позициялаудың дереккөздері
Тармақ 5
5. Ішкі және келу туризмі статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру үшін мобильді позициялау деректерінің дереккөздері телекоммуникация желісінің жұмыс істеу процесінде қалыптастырылатын, мобильді позициялаудың иесіздендірілген деректері болып табылады.
Тармақ 6
6. Мобильді позициялау деректерін пайдалану Бюроға абоненттердің кеңістіктік және уақытша болуы туралы ақпарат алуға, сондай-ақ олардың қозғалысының бағытын, ұзақтығын және қарқындылығын талдауға мүмкіндік береді.
Тармақ 7
7. Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру үшін абоненттің иесіздендірілген сәйкестендіргіші, сигналдық деректердің уақыттық мәні, қызмет көрсететін базалық станцияның сәйкестендіргіші, базалық станцияның географиялық координаттары немесе телекоммуникациялық инфрақұрылым анықтамалықтары арқылы оның орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін мәлімет, SIM-карта тіркелен елдің коды (MCC) және ұялы желінің коды (MNC) пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Абоненттің иесіздендірілген сәйкестендіргіші мобильді позициялау деректерін статистикалық өңдеу үшін ғана пайдаланылатын бірегей ішкі сәйкестендіргішті білдіреді және құрылғы иесінің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтымайды.
Тармақ 9
9. Келу туризмінің көрсеткіштерін қалыптастыру үшін мобильді абоненттің халықаралық сәйкестендіргішінде қамтылған, елдің мобильді коды (MCC) мен мобильді желінің коды (MNC) негізінде анықталатын SIM-картаның тіркелген елі туралы мәліметтер пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Бюро мобильді позициялау деректерін кеңістікте өңдеу үшін ұялы байланыс операторларының олардың орналасқан жері туралы мәліметтерді қамтитын базалық станцияларының анықтамалықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуіші пайдаланылады.
Тармақ 11
11. Бюро статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде қамтудың толықтығын бағалау және деректер сапасын бақылау үшін қажетті мобильді позициялаудың деректерін, ұялы байланыс операторлары кодтарының анықтамалықтарын және өзге де ақпараттық ресурстарды пайдаланады.
Тармақ 12
12. Бюро мобильді позициялау деректерін өңдеуді мемлекеттік статистика, дербес деректерді қорғау және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тек статистикалық мақсатта жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мобильді позициялау деректерін дайындау
3-тарау. Мобильді позициялау деректерін дайындау
Тармақ 1. 1-параграф. Мобильді позициялау деректерінің сапасын бағалау
1-параграф. Мобильді позициялау деректерінің сапасын бағалау
Тармақ 13
13. Бюро мобильді позициялау деректерінің сапасын бағалау мобильді позициялау деректерінің негізінде статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезіндегі маңызды кезең болып табылады және бастапқы деректердің кейінгі өңдеуге, талдауға және туризм статистикасының көрсеткіштерін есептеуге жарамдылығын растау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Бюро мобильді позициялау деректерінің сапасын тексеруді уақыттық, кеңістіктік және құрылымдық сипаттамалары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Мобильді позициялау деректерінің уақыттық үйлесімділігін талдау шеңберінде тіркелген оқиғалар санын тәуліктің сағаттары бойынша бөлу қарастырылады. Талдау мобильді позициялау деректерінің уақыттық құрылымының үздіксіздігі мен логикалық үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, түнгі уақытта 05:00–ден 06:00-ге дейінгі кезеңде ең төменгі мәнге жете отырып, белсенділіктің төмендеуі байқалады, одан кейін 07:00-ден бастап белсенділіктің артуы, күндізгі (жұмыс) уақытында ең жоғары мәнге жетіп, кешкі уақыттарда біртіндеп азаяы тіркеледі. Бұл үлгі мобильді позициялау деректерінің дұрыс қалыптастырылуын және өңделуін көрсетеді.
Тармақ 16
16. Кеңістіктік үйлесімділікті тексеру ұялы байланыстың базалық станцияларының географиялық орналасуын талдауды қамтиды. Негізгі міндеті олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының шегінде орналасқанын растау болып табылады. Егер қалыптан тыс мәндер анықталған жағдайда, координатты нақтылау жүргізіледі. Түзету қорытындылары бойынша базалық станциялар Қазақстан Республикасының белгіленген аумақтық шекараларына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 17
17. Мобильді позициялау деректерінің құрылымдық сәйкестігін тексеру мобильді позициялау деректерінің құрамы мен форматтарын талдауды, сондай-ақ одан әрі өңдеу үшін қажетті міндетті атрибуттардың болуын бақылауды қамтиды.
Тармақ 18
18. Бюро құрылымдық тексеру шеңберінде мобильді позициялау деректері түрлерінің дұрыстығын, толтыру жолдарының толықтығын, рұқсаттамалардың болуын бақылау, сондай-ақ қалыптан тыс немесе дұрыс емес мәндерді анықтау жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Бюро ықтимал шығарындыларды, деректердегі сәтсіздіктерді немесе жабынның біркелкі еместігін анықтау мақсатында әкімшілік-аумақтық бірліктер мен уақыт аралықтары бойынша сигналдық деректердің бөлінуіне қосымша талдау жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Деректер сапасын бағалау нәтижелері көрсеткіштерді сүзгілеу, агрегациялау және түсіндіруді қоса алғанда кейінгі өңдеу параметрлерін баптау кезінде ескеріледі.
Тармақ 2. 2- параграф. Мобильді позициялаудың кіріс деректерін дайындау
2- параграф. Мобильді позициялаудың кіріс деректерін дайындау
Тармақ 21
21. Бюро мобильді позициялаудың кіріс деректерін дайындауды ішкі және келу туризмі статистикасы көрсеткіштерінің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Деректерді дайындау сүзгілеу, тазарту, толықтығын бақылау және өңдеудің келесі кезеңдерінде қолданылатын аналитикалық мәліметтер массивін қалыптастыру рәсімдерін қамтиды.
Тармақ 22
22. Деректерді дайындау кезеңінде халықтың мобильділігіне байланысты емес құрылғылар өңдеуден шығарылады. Мұндай құрылғыларға интеллектуалды есептегіштерді, төлем терминалдарын, көлік мониторингі жүйелерін, трекерлерді, күзет жүйелерін және адамның тікелей қатысуынсыз жұмыс істейтін өзге де автоматтандырылған құрылғыларды қоса алғанда, Мachine-to-Machine (M2M) және Internet of Things (IoT) жүйелерінде пайдаланылатын SIM-карталар жатады.
Тармақ 23
23. Аталған құрылғыларды анықтау және алып тастау абоненттердің мобильді белсенділігінің қарқындылығы мен сипатын талдау негізінде алгоритмдік әдістермен жүзеге асырылады. Өлшемшарттардың бірі ретінде тәулік ішінде тіркелген сигналдық деректердің саны пайдаланылады. Бір абонент үшін сигналдық деректердің ең көп саны тәулігіне 400 оқиғаға тең белгіленген шекті мәннен аспауға тиіс. Көрсетілген шектен асқан жағдайда абонент әлеуетті техникалық құрылғы ретінде одан әрі өңдеуден шығарылады.
Тармақ 24
24. Бюро абоненттердің кеңістіктік мобильділігі қосымша талдау жүргізіледі. Өңдеуден орын ауыстырулардың болмауымен немесе нақты мобильділік белгілерінсіз шектеулі аумақ шегінде ұзақ болуымен сипатталатын құрылғылар алынып тасталады. Мұндай құрылғыларға деректерді беру үшін SIM-карталарын пайдаланатын стационарлық техникалық қондырғылар мен жабдықтар жатады.
Тармақ 25
25. Бюро техникалық құрылғылар алынып тасталғаннан кейін мобильді позициялау деректері қайталанатын және қалыптан тыс жазбалардан тазартылады. Тазалау процесінде бір абонент үшін бірдей уақыт пен кеңістіктік сипаттамалары бар қайталанатын сигналдық деректер жойылады. Абоненттің бір базалық станцияда орналасқан жерін өзгертпестен қысқа уақыт ішінде реттілік тіркеулері бірыңғай бақылау ретінде қарастырылады және бір рет ескеріледі.
Тармақ 26
26. Келесі кезеңде мобильді позициялау деректерінің толықтығын бақылау жүзеге асырылады. Толықтығын бақылау сигналдық деректердің түсуінің жүйелілігін бағалауды, бақылаулардағы уақыт алшақтықтарын талдауды және абоненттің орын ауыстыруын дұрыс анықтау үшін мобильді позициялау деректерінің толық емес жағдайларын анықтауды қамтиды.
Тармақ 27
27. Кіріс деректерін дайындаудың нәтижесі тұрақты тұру орындарын кейіннен айқындау, іссапарлар мен сапарларды қалыптастыру, сондай-ақ ішкі және келу туризмі көрсеткіштерін есептеу үшін қажетті мәліметтерді қамтитын мобильді позициялау деректерінің тазартылған және стандартталған массиві болып табылады.
Тармақ 3. 3- параграф. Мобильді позициялаудың сигналдық деректерінің географиялық орналасуын анықтау
3- параграф. Мобильді позициялаудың сигналдық деректерінің географиялық орналасуын анықтау
Тармақ 28
28. Мобильді позициялаудың бастапқы деректерінде сигналдық деректердің географиялық орналасуы ұялы байланыс операторларының базалық станцияларына қызмет көрсететін координаттармен анықталады. Көрсетілген координаттар абоненттің нақты орналасқан жерін көрсетпейді, алайда мобильді позициялау деректерінің кейіннен кеңістіктік агрегациясы жағдайында ішкі және келу туризмі статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру үшін кеңістіктік дәлдіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Сигналдық деректерді географиялық байланыстыру ұялы байланыс операторларының базалық станцияларының географиялық орналасуы туралы мәліметтерді пайдалана отырып, базалық станциялардың сәйкестендіргіштері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Бюро мобильді позициялау деректерін кеңістікте өңдеудің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында H3 (9-рұқсат) алтыбұрышты геокеңістіктік тор қолданылады. Әрбір сигналдық оқиғаға кеңістіктік ажыратымдылықтың белгіленген деңгейінің сәйкес H3 ұяшығының идентификаторы беріледі.
Тармақ 31
31. Мобильді позициялау деректерін одан әрі өңдеу Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуішіне сәйкес нәтижелерді кейіннен әкімшілік-аумақтық бірліктерге дейін біріктіре отырып, H3-ұяшықтар деңгейінде жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Бюро географиялық орналасу орындары анықталғаннан кейін мобильді позициялау деректерінің сигналдық деректері қалыпқа келтіріледі.
Тарау 4. 4- тарау. Абоненттің әдеттегі өмір сүру ортасын анықтау
4- тарау. Абоненттің әдеттегі өмір сүру ортасын анықтау
Тармақ 1. 1- параграф. Зәкір нүктелері мен тұрақты тұрғылықты жерін анықтау
1- параграф. Зәкір нүктелері мен тұрақты тұрғылықты жерін анықтау
Тармақ 33
33. Бюро зәкір нүктелерін анықтауды мобильді позициялау деректерінің кеңістіктік-уақыттық сипаттамаларын, оның ішінде келу жиілігін, абоненттің тиісті географиялық бірліктерде болу жүйелілігі мен ұзақтығын талдау негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Зәкір нүктелерін анықтау тиісті кезеңдегі біріктірілген деректерді пайдалана отырып, ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Туризм статистикасы үшін зәкір нүктелерінің екі түрі қолданылады: тұрақты тұратын жер және басқа да тұрақты баратын орындар.
Тармақ 36
36. Тұрақты тұратын жер уақыттың әр сәтінде бір ғана болуы мүмкін және 12 айға созылатын ретроспективті терезені пайдаланып есепті ай үшін анықталады. Тұрақты тұру орны уақыт өте келе өзгеруі мүмкін, бірақ бір уақытта бірнеше тұрақты тұру орындарының болуына жол берілмейді.
Тармақ 37
37. Ретроспективті кезең шегіндегі барлық ай сайынғы зәкірлік нүктелер үшін абоненттің қатысуының қарқындылығы мен жүйелілігін сипаттайтын көрсеткіштер, оның ішінде бірегей күнтізбелік қатысу күндерінің саны, сигналдық деректердің жалпы саны және белсенділік күндері арасындағы уақыт аралықтарының саны есептеледі және жинақталады.
Тармақ 38
38. Тұрақты тұратын жер бірегей күндердің көп болуымен сипатталатын зәкірлік нүкте. Осы көрсеткіш тең болған кезде сигналдық деректердің саны және белсенділік күндері арасындағы уақыт аралықтарының саны дәйекті түрде ескеріледі.
Тармақ 39
39. Уақыт аралығы деп абоненттің белсенділігінің екі күнтізбелік күнге тең немесе одан асатын дәйекті күндер арасындағы алшақтық түсініледі.
Тармақ 40
40. Мобильді позициялаудың ретроспективті деректері негізінде тұрақты тұратын жерін айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда ұқсас ұзақтықтағы перспективалық уақытша терезені пайдалануға жол беріледі.
Тармақ 41
41. Тұрақты тұратын жерінен басқа абоненттің әдеттегі ортасын қалыптастыру үшін пайдаланылатын басқа да тұрақты баратын зәкірлік нүктелер анықталады.
Тармақ 2. 2- параграф. Әдеттегі ортаның анықтамасы
2- параграф. Әдеттегі ортаның анықтамасы
Тармақ 42
42. Бюро әдеттегі орта әкімшілік-аумақтық бірліктердің жиынтығы ретінде анықталады, олардың шегінде иесіздендірілген абоненттің тұрақты өмірі жүзеге асырылады. Әдеттегі ортаны қалыптастыру тұрақты тұратын жерін және өзге де тұрақты баратын орындарды қоса алғанда, анықталған зәкірлік нүктелер негізінде жүзеге асырылады. Күнделікті ортаға абоненттің кемінде бір зәкірлік нүктесі бар әкімшілік-аумақтық бірліктер жатады.
Тармақ 43
43. Әдеттегі ортаны қалыптастыру кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктерге барудың жиілігі мен жүйелілігі ескеріледі. Күнделікті ортаға бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер, егер олар үнемі бару өлшемшарттарына сәйкес келсе кіруі мүмкін.
Тармақ 44
44. Әдеттегі орта халықтың күнделікті мобильділігі мен туристік қозғалыстарды ажырату үшін қолданылады. Тек күнделікті орта шегінде жүзеге асырылатын орын ауыстырулар абоненттің тұрақты тыныс-тіршілігіне жатады және туристік ретінде қарастырылмайды.
Тармақ 45
45. Бюро әдеттегі ортаны айқындау Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеуішіне сәйкес республикалық маңызы бар өңірлер, аудандар мен қалалар деңгейінде жүзеге асырылады. Осы деңгейді пайдалану халықтың қоныстану ерекшеліктеріне және мобильділік белсенділігінің тығыздығына қарамастан нәтижелердің салыстырмалылығын және статистикалық бағалаудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Ішкі және келу туризмі үшін әдеттегі ортаны анықтаудың ерекшеліктері
3-параграф. Ішкі және келу туризмі үшін әдеттегі ортаны анықтаудың ерекшеліктері
Тармақ 46
46. Бюро ішкі туризм көрсеткіштерін қалыптастыру мақсатында әдеттегі орта абоненттің тұрақты тұратын жері және өзге де тұрақты баратын зәкірлік нүктелер негізінде айқындалады. Күнделікті ортадан тыс қозғалыстар әлеуетті туристік орын ауыстырулар ретінде қарастырылады және ішкі туризм көрсеткіштерін қалыптастыру өлшемшарттарына сәйкес одан әрі талдауға жатады.
Тармақ 47
47. Келу туризмінің көрсеткіштерін қалыптастыру мақсатында халықаралық роуминг режимінде Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде тіркелген шетелдік абоненттердің деректері пайдаланылады. Келушінің тұратын елі мобильді абоненттің халықаралық идентификаторында қамтылған елдің мобильді коды (Mobile Country Code, MCC) негізінде айқындалады.
Тармақ 48
48. Қазақстан Республикасының аумағында нақты тұратын адамдарды туризм статистикасынан алып тастау мақсатында елде шетелдік абоненттердің болу ұзақтығы мен жүйелілігіне талдау жүзеге асырылады. Байқаудың 12 айы ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты және ұзақ болуымен сипатталатын абоненттер нақты резиденттер санатына жатады және келу туризмі көрсеткіштерінің одан әрі есептеулерінен шығарылады.
Тармақ 49
49. Нақты резиденттер санатына жатқызылмаған шетелдік абоненттер үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық іссапарлар мен сапарлар олардың әдеттегі тұрғылықты ортасынан тыс жүзеге асырылатын ретінде қаралады және келу туризмінің көрсеткіштерін қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Тарау 5. 5-тарау. Мобильді позициялау деректерінің негізіндегі туризм статистикасының көрсеткіштері
5-тарау. Мобильді позициялау деректерінің негізіндегі туризм статистикасының көрсеткіштері
Тармақ 50
50. Келушілер мен туристердің бас жиынтығын сипаттайтын статистикалық бағалауларды алу мақсатында мобильді позициялау деректері негізінде қалыптастырылған байқаулар нәтижелері статистикалық салмақтауыштарын қолдану арқылы экстраполяциялауға жатады.
Тармақ 51
51. Бюро экстраполяцияны статистикалық көрсеткіштердің репрезентативтілігін қамтамасыз ету және бақыланатын бірліктердің таралуын халықтың ресми демографиялық және аумақтық сипаттамаларына келтіру үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 52
52. Бюро статистикалық салмақтауыштар халықтың саны мен құрылымы туралы ресми статистикалық ақпараттың негізінде есептеледі және аумақтық біріктірудің барлық деңгейлерінде туризмнің қорытынды көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданылады.
Тармақ 53
53. Статистикалық көрсеткіштер халықтың нақты мобильділігін көрсетеді және сапарлардың мақсаттары, шығындары немесе көлік түрі туралы ақпаратты қамтымайды.
Тармақ 54
54. Бюро көрсеткіштер динамиканы, маусымдық ауытқуларды және кеңістіктік айырмашылықтарды талдау үшін, сондай-ақ туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру кезінде қосымша дереккөз ретінде қалыптастырылады.
Тармақ 55
55. Бюро ішкі туризм көрсеткіштерін қалыптастыру абоненттердің күнделікті ортаға қатыстылығын ескере отырып, олардың сапарларын талдау негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 56
56. Бюро келу туризмінің көрсеткіштерін қалыптастыру халықаралық роуминг режимінде Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде тіркелген шетелдік абоненттердің мобильді позициялау деректері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Бюро туризмнің статистикалық көрсеткіштерін қалыптастыру абоненттердің іссапарлары мен сапарларын олардың қозғалыстарының кеңістіктік-уақыттық сипаттамаларын пайдалана отырып дәйекті сәйкестендіру негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 58
58. Сапарда абоненттің бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде үздіксіз болатын кезеңі ретінде анықталады. Сапар сигналдық деректер тиісті аумақта алғашқы тіркелген сәтінен басталады және абонент басқа әкімшілік-аумақтық бірлікке ауысқан кезде немесе 24 сағат ішінде сигналдық белсенділік болмаған кезде аяқталады.
Тармақ 59
59. Сапар бір қозғалыс кезеңінде біріктірілген сапарлар тізбегі ретінде анықталады. Сапарлар олардың арасындағы уақыттық алшақтық 12 сағаттан аспаған жағдайда бір сапарға жатады.
Тармақ 60
60. Түнеп шығу саны түнгі уақыттағы сағат 04:00-де тіркелген сигналдық деректер дәйектілігі негізінде айқындалады.
Тармақ 61
61. Сапардың негізгі бағыты әкімшілік-аумақтық бірлік болып танылады, оның шегінде бір сапар шеңберінде абоненттің ең көп болу уақыты белгіленеді. Болу ұзақтығы тең болған жағдайда негізгі бағыт түнеудің ең көп саны бойынша анықталады.
Тармақ 62
62. Бірегей туристер саны олар үшін тиісті аумаққа кемінде бір туристік сапар жасау фактісі белгіленген есепті кезең ішінде бірегей абоненттік сәйкестендіргіштер санын білдіреді. Әрбір абоненттік сәйкестендіргіш есепті кезеңде жасалған сапарлар санына қарамастан бір рет есепке алынады.