Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Приозерск Күшіне енбеген
Басқа 0
Приозерск қаласы бойынша
тұрғын үй сертификаттарының
мөлшері мен алушылар
санаттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Приозерск қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнің басшысы
__________________Р.Е. Ахметова
«29» шілде 2026 жыл
Басқа 1
Приозерск қалалық мәслихатының
2026 жылғы 29 шілдедегі
№ 43/325 шешіміне 1-қосымша
№
Тұрғын үй сертификатының түрі
Мөлшері
1
Әлеуметтік көмек
Қарыз сомасынан 10%, алайда 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес
2
Әлеуметтік қолдау
Қарыз сомасынан 10%, алайда 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес
Басқа 2. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі
Приозерск қалалық мәслихатының
2026 жылғы 29 шілдедегі
№ 43/325 шешіміне 2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі
№
Атауы
1.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
2.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
3.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5.
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7.
Қандастар;
8.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
10.
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
11.
Толық емес отбасылар;
12.
Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар).