Об утверждении перечня оборудования и материальных носителей, используемых для воспроизведения аудиовизуальных произведений или звукозаписей произведений в личных целях и без получения дохода Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 29 шілдедегі № 730 бұйрығына қосымша Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын, оларды дайындайтын немесе импорттайтын тұлғалар бойынша сыйақы төленетін жабдықтар және материалдық жеткізгіштер: № Жаб­дық­тың және ма­те­ри­ал­дық жет­кіз­гіш­тер­дің ата­уы Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің Та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­ла­ры­ның ко­ды 1. CD-жинақтауыш (таза) 8523 41 100 0 2. DVD-жинақтауыш (таза) 8523 41 300 0 3. Сыртқы қатты диск 8523 51 910 1 8523 51 910 9 8471 70 500 0 4. Дербес компьютер, ноутбук, планшет 8471 30 000 0 5. Смарт теледидар 8528 72 200 1 8528 72 200 9 8528 72 400 0 6. Смартфон 8517 13 000 0 7. Ұялы байланыс желілеріне немесе басқа да сымсыз байланыс желілеріне арналған өзге телефон аппараттары 8517 14 000 0 8. USB-жинақтауыш 8523 51 100 0