Об утверждении перечня оборудования и материальных носителей, используемых для воспроизведения аудиовизуальных произведений или звукозаписей произведений в личных целях и без получения дохода
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня оборудования и материальных носителей, используемых для воспроизведения аудиовизуальных произведений или звукозаписей произведений в личных целях и без получения дохода
- Атауы (қаз.)
- Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 730
- Қабылданған күні
- 29.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2026 I228385_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26D0000730
- ЭКБ идентификаторы
- 228385
- Редакция идентификаторы
- I228385_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 03:31
0 Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың
дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
1 Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 29 шілдедегі
№ 730 бұйрығына
қосымша
Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесі
Дыбыс-бейнежазу туындыларын немесе туындылардың дыбыстық жазбаларын жеке мақсатта және табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын, оларды дайындайтын немесе импорттайтын тұлғалар бойынша сыйақы төленетін жабдықтар және материалдық жеткізгіштер:
№
Жабдықтың және материалдық жеткізгіштердің атауы
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Тауар номенклатураларының коды
1.
CD-жинақтауыш (таза)
8523 41 100 0
2.
DVD-жинақтауыш (таза)
8523 41 300 0
3.
Сыртқы қатты диск
8523 51 910 1
8523 51 910 9
8471 70 500 0
4.
Дербес компьютер, ноутбук, планшет
8471 30 000 0
5.
Смарт теледидар
8528 72 200 1
8528 72 200 9
8528 72 400 0
6.
Смартфон
8517 13 000 0
7.
Ұялы байланыс желілеріне немесе басқа да сымсыз байланыс желілеріне арналған өзге телефон аппараттары
8517 14 000 0
8.
USB-жинақтауыш
8523 51 100 0