Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по области Жетісу Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Жетісу облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9 тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабы 2-тармағына және «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Айқындалсын:
Тармақша 1
1) Жетісу облысында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері - қарыз сомасынан 10 пайыз, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
Тармақша 2
2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жетісу облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. С. Қанағатовқа жүктелсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Жетісу облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Жетісу облыстық мәслихатының
2026 жылғы 31 шілде
№ 40-254 шешіміне қосымша
Жетісу облысындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1.«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68
бабымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары.
Тармақ 2
2. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының мамандары.