Об утверждении правил присвоения звания «Почетный гражданин области Жетісу (города, района) Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»
атағын беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына және «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 09 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»
атағын беру қағидалары
Жетісу облыстық мәслихатының
2026 жылғы 31 шілде
№ 40-253 шешіміне қосымша
«Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»
атағын беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі – «Құрметті азамат» атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Тармақ 3
3. «Құрметті азамат» атағы облыста (қалада, ауданда) кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:
Тармақша 1
1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;
Тармақша 2
2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;
Тармақша 3
3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;
Тармақша 4
4) облыстағы (қаладағы, аудандағы) спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;
Тармақша 5
5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.
Тарау 2. 2-тарау. «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі
2-тарау. «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі
Тармақ 4
4. «Құрметті азамат» атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.
«Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдарымен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.
Награда қағазында «Құрметті азамат» атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.
Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.
«Құрметті азамат» атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.
Жетісу облысы (қалалардың, аудандардың) әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.
Тармақ 5
5. Награда қағазын Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия ресімделеді.
Тармақ 6
6. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау облыс (қала, аудан) әкімі аппаратына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.
Облыс бойынша аудан немесе қаланың «Құрметті азамат» атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.
«Құрметті азамат» атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 11
11. «Құрметті азамат» атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарынның он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.
Облыстың (қаланың, ауданның) мерейтойлық күніне орай «Құрметті азамат» атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.
Облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына «Құрметті азамат» атағы берілуі мүмкін.
Тармақ 12
12. «Құрметті азамат» атағын беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.
Тармақ 13
13. «Құрметті азамат» атағы:
Тармақша 1
1) «Құрметті азамат» атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;
Тармақша 2
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі
3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі
Тармақ 14
14. «Құрметті азамат» атағын беру туралы тиісті мәслихат шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлік тапсырылады.
«Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлікті облыстың (қалалардың, аудандардың) әкімдері немесе мәслихат төрағасы тапсырады.
Тармақ 15
15. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында тиісті мәслихаттың «Құрметті азамат» атағын беру туралы шешімі жария етіледі.
«Құрметті азамат» атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.
Егер «Құрметті азамат» атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.
Қайтыс болғаннан кейін «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.
Мұрагерлері болмаған жағдайда «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.
Тармақ 16
16. «Құрметті азамат» атағына медаль осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.
«Құрметті азамат» атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.
«Құрметті азамат» атағына берілетін куәлікке облыс (қала, аудан) мәслихатының төрағасы қол қояды.
Тармақ 17
17. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 18
18. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда «Құрметті азамат» атағынан айыру тиісті мәслихаттың шешімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. «Құрметті азамат» атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.
Басқа 1. НАГРАДА ҚАҒАЗЫ
«Жетісу облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»
атағын берудің қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________
облыс (қаланың, ауданның)
НАГРАДА ҚАҒАЗЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)___________________________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)________________________________
3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің нақты атауы дәл көрсетілуі керек)____________________________________________________________
4. Жынысы ___________
5. Туған жылы мен туған жері __________________
6. Білімі ______________________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:
_______________________________________________________________
9. Үйінің мекенжайы ____________________________________________
10. Жалпы жұмыс өтілі ___________
11. Саладағы жұмыс өтілі___________
12. Тиісті қызмет саласындағы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ___________
13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:
Кандидатура____________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы
_________________________________________талқылау болған уақыт, хаттаманың №)_________________________________ талқыланып, ұсынылған.
Мына___________________________________________атағына ұсынылады
(облыстың (қаланың,ауданның) «Құрметті азаматы» атағы)
Ұйым басшысы
___________________________ _______________________________
(ТАӘ) (ол болған жағдайда) (ТАӘ) (ол болған жағдайда)
___________________________ ______________
(қолы) (қолы)
Басқа 2
«Жетісу облысының
(қаланың, ауданның)
құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларына
2-қосымша
Нысан
1.Медальдің эскизі мен сипаттамасы:
Медальдің аверсі
Медальдің реверсі
Медаль аверсінің ортасында өңірлік нышанның бейнесі. Жоғары шеткі бөлігін бойлай облыстың (қаланың, ауданның)
құрметті азаматы деген жазу жазылады
Реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.
Медальге мынадай талаптар қойылады:
1) медальдің визуалды құрамдас бөлігі, көлемді бейнесі және (немесе) моделі анық бедері бар;
2) медаль жобасында ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;
Медальдің дизайнын дайындау кезінде:
1)медаль жезден диаметрі 34 миллиметр (бұдан әрі – мм) шеңбер пішінінде жасалады. Медальдің аверсі жылтырақ;
2) реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасады;
3) медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті муар лентасымен қапталған, ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтытбұрышты тағанға жалғанады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Басқа 3
«Жетісу облысының
(қаланың, ауданның)
құрметті азаматы»
атағын берудің қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Куәлік эскизі:
Куәліктің алғы сол жағы
Куәліктің алғы оң жағы
(Медальдің сурет)
Облыстың (қаланың, ауданның)
атауы
№ куәлік
ТАӘ (ол болған жағдайда)
Мәслихаттың шешімі жазылады
Облыстың (қаланың, ауданның)
мәслихат төрағасының қолы мен мөрі
Куәліктің артқы сол жағы
Куәліктің артқы оң жағы
Облыстың (қаланың, ауданның)
өңірлік нышанының бейнесі