Об установлении публичного сервитута Күшіне енбеген
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округі аумағындағы ауданның арнайы жер қорынан талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін жалпы алаңы - 0,0314 гектар жер учаскесін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа мерзімге 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімінен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Түркістан облысы Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама жіне құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының қабылдануына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізу Шардара аудандық жер қатынастары бөліміне (М.Исаевқа) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.