Об установлении публичного сервитута Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарап, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Қазығұрт аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарабау ауыл округінен Талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОЖБ) желілік кабельдік құрылыстарды салу және пайдалану үшін (Жаңабазар АТС-нан SRG_UYSHBULAK БС-на дейін) жалпы көлемі 0,2907 гектар жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аширбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.