О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 458 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2391 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасында: 1. Дәрігерлік лауазымдар номенклатурасы бөлімінде: 6-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 160, 161-тармақтармен толықтырылсын: "160. Сот-наркологиялық сарапшы дәрігер 161. Әуе және ғарыш медицинасы жөніндегі дәрігер;"; 2. Дәрігерлік мамандықтардың номенклатурасы бөлімінде: мынадай мазмұндағы 141, 142, 143-тармақтармен толықтырылсын: "141. Денсаулық сақтау менеджер-дәрігері 142. Сот-наркологиялық сарапшы дәрігер 143. Әуе және ғарыш медицинасы жөніндегі дәрігер.".
Тармақ 2
2. "Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары және орта білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 463 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2404 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары және орта білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің мамандықтары мен лауазымдарының тізбесінде: 1. Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары білімді фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің мамандықтары бөлімінде: мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын: "27. Денсаулық сақтау менеджері"; 2. Денсаулық сақтау кадрларына жататын орта білімді медицина, фармацевтика, инженерлік-техника қызметкерлерінің мамандықтары бөлімінде: 6, 11, 18, 19-тармақтар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын: "20. Медициналық статистик (медбике/фельдшер)"; 2, 3, 4, 5, 9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "2. Фельдшер 3. Акушер 4. Гигиенист-эпидемиолог дәрігердің көмекшісі 5. Тіс дәрігері (дантист) 9. Фармацевт (фармацевтің ассистенті) 10. Медбике"; 3. Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің лауазымдары бөлімінде: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "1. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) провизор-меңгерушісі 2. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымының) меңгерушісінің орынбасары 3. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) бөлім меңгерушісі 4. Провизор-тағылымдамашы 5. Провизор-менеджер 6. Провизор-талдаушы 7. Провизор-технолог 8. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) провизоры"; мынадай мазмұндағы 21, 22-тармақтармен толықтырылсын: "21. Денсаулық сақтау менеджері 22. Телемедицина орталығының технигі"; 4. Денсаулық сақтау кадрларына жататын орта білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлерінің лауазымдары бөлімінде: 35, 42, 140-тармақтар алынып тасталсын; 36, 37, 38, 39, 40, 41, 133-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "36. Дәріхананың фармацевт-меңгерушісі 37. Дәріхана пунктінің фармацевт-меңгерушісі 38. Дәріхана дүңгіршегінің фармацевт-меңгерушісі 39. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымының) меңгерушісінің орынбасары 40. Фармацевтикалық қызмет объектісі (дәріхана ұйымы) бөлімінің фармацевт-меңгерушісі 41. Фармацевтикалық қызмет объектісінің (дәріхана ұйымының) фармацеві 133. Медициналық статистик".
Тармақ 3
3. Медицина ғылымы, білім, медицинаны дамыту және халықаралық қатынастар департаменті (Хамзина Н.Қ.) және Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 4
4. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.